|
|
|
Су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру ережесін бекіту туралы (2013.20.12. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 603 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 36-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру ережесі бекітілсін. 2. «Жергілікті атқарушы органдардың су объектілерін оқшау және бірлесіп пайдалануға беруі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 қаңтардағы № 119 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 4, 66-құжат) күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2125 қаулысымен бекітілген
Су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексіне сәйкес әзірлейді және конкурстық негізде су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға беру тәртібін анықтайды. 2. Су объектілері немесе олардың бір бөлігі (бұдан әрі су объектілері) оқшау немесе бірлесіп пайдалануға беріледі. ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 687 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Жеке және заңды тұлғаларға су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға беру осы Ережеде белгіленген тәртіппен конкурстық негізде жүзеге асырылады. Жеке және заңды тұлғаларға өздеріне бекітіліп берілген балық шаруашылығы су тоғандарында және (немесе) учаскелерінде балық шаруашылығын жүргізу құқығын беру Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 4. Оқшау немесе бірлесіп пайдалануға берілген су объектілерінде су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен үлгі ереже негізінде бассейндік су шаруашылығы басқармасымен (бұдан әрі - БСБ) келісім бойынша жергілікті өкілді органдар белгілеген шарттарда жалпы су пайдалануға жол беріледі. 5. БСБ оқшау немесе бірлесіп пайдалануға су объектілерін берудің орындылығы туралы қорытындыны жергілікті аудандық атқарушы органдардың (облыстық маңызы бар қаланың) сұрауы негізінде береді, олар осы сұрауды оларға су объектісінің оқшау немесе бірлесіп пайдалануға берілуіне (су пайдаланудың мақсаты мен мерзімін қысқаша жазумен, тиісті негіздемесімен, су объектісінің орналасқан жерін көрсетумен) мүдделі жеке және заңды тұлғалардан өтініштер түскеннен кейін үш жұмыс күні ішінде жібереді. 6. БСБ ұсынылған материалдарды сегіз жұмыс күн ішінде қарайды және осы су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға берудің орындылығы туралы, оны пайдаланудың баламалы нұсқалары туралы қорытындыны облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның) жергілікті атқарушы органына жібереді. ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 687 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 7. Конкурсқа БСБ қорытындысы бойынша оқшау немесе бірлесіп пайдалануға беру орынды деп танылған су объектілері шығарылады.
2. Су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру тәртібі
8. Жеке және заңды тұлғаларға су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға жергілікті атқарушы органдар конкурстық негізде береді. Конкурсты облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - конкурс ұйымдастырушы) ұйымдастырады және өткізеді. оның құрамына мүдделі мемлекеттік органдардың, жергілікті өкілді органдардың, сондай-ақ келісім бойынша үкіметтік емес ұйымдардың және жеке кәсіпкерлік субъектілері қауымдастықтарының (одақтарының) өкілдерін енгізіп, конкурстық комиссия құрады; конкурс өткізілгенге дейін бір айдан кешіктірмей республикалық немесе облыстық мәні бар мерзімді баспа басылымына және өзінің интернет-ресурсында алда болатын конкурс туралы хабарландыруды орналастырады. 10. Комиссия төрағасы болып конкурсты ұйымдастырушы басшының орынбасарларының бірі тағайындалады. Конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрауға және бес адамнан кем болмауға тиіс. Конкурсты ұйымдастырушының дауыс беру құқығы жоқ өкілі конкурстық комиссияның хатшысы болып табылады. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурсты ұйымдастыру және өткізу жөніндегі барлық құжаттаманы жүргізеді. 11. Су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға беру жөнінде конкурс өткізу туралы хабарландыру мынадай мәліметтерді: 1) конкурсты ұйымдастырушының атауын және орналасқан жерін; 2) конкурстық құжаттаманы алу орнын, мерзімін және тәсілдерін; 3) конкурстық өтінімдер беру орнын және оның түпкілікті мерзімін; 4) конкурсты ұйымдастырушы айқындайтын басқа да қажетті ақпаратты қамтуға тиіс. 12. Конкурсты ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға ниет білдірген жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі — конкурсқа қатысушы) екі жұмыс күні ішінде мынадай ақпаратты: 1) қойылатын біліктілік талаптарына өзінің сәйкес келетінін растау үшін конкурсқа қатысушы ұсынатын құжаттардың тізбесін; 2) конкурстық өтінімдер беру тәсілін, орнын және оның түпкілікті мерзімін; 3) конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу орнын, күнін және уақытын; 4) су объектісінің орналасқан жерінің карта-схемасын, алаңын, жалпы жай-күйін қамтитын конкурсқа қойылатын су объектісі туралы ақпаратты; 5) конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын қамтитын конкурстық құжаттаманы береді. 13. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтінімдер берудің түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін жеті күнтізбелік күннен кешіктірмей өзінің бастамасы бойынша хаттама ресімдеу жолымен конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізе алады. Енгізілген өзгерістер конкурстық құжаттама алған конкурсқа қатысушыларға екі жұмыс күні ішінде хабарланады, бұл ретте конкурстық өтінімдер беру мерзімі жеті жұмыс күніне ұзартылады. 14. Конкурсқа қатысушылар конкурсты ұйымдастырушыдан конкурстық құжаттаманы алғаннан кейін конкурсты ұйымдастырушыға осы Ереженің талаптарына сәйкес бір данада мөр басылған конвертке салынған конкурстық өтінімді береді. ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1363 Қаулысымен 15-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 15. Конкурсқа қатысушылар конкурстық өтінімді беттері нөмірленіп, тігілген күйінде береді, соңғы беті олардың қолдарымен және мөрмен (бар болған жағдайда) куәландырылады және: 1) конкурсқа қатысуға өтінішті; 2) конкурсқа қатысушыға қойылатын біліктілік талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды (нотариалды түрде куәландырылған көшірмелерді); 3) заңды тұлғаларға - жарғының, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшірмесін. Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады; 4) жеке тұлғаларға - дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, жеке куәліктің немесе паспорттың нотариалды куәландырылған көшірмелерін; 5) конкурсқа қатысушының инвестициялардың қысқаша негіздемесі бар су объектісін пайдалануға қатысты ниетін; 6) мыналар: жергілікті өкілді органдар белгілеген шарттарда жалпы су пайдалану құқығын сақтау; су қорғаудың іс-шараларын жүзеге асыру; оқшау немесе бірлесіп пайдалануға берілетін су объектілерінде жеке тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, су объектілерінің су қорғау аймақтарының аумақтарында шаруашылық және өзге де қызметтің белгіленген режимін сақтау жөніндегі міндеттемелерін қамтиды. 16. Конкурсқа қатысушы конкурсқа шығарылатын су объектісі туралы материалдармен конкурсты өткізу басталғанға дейін танысуға құқылы. 17. Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдер салынған конверттерді конкурсты ұйымдастырушы белгілеген орында және уақытта ашады. Конкурсқа қатысушы конкурстық, өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде қатысуға құқылы. Белгілгенген мерзім аяқталғаннан кейін берілген конкурсқа қатысуға конкурстық өтінім салынған конверттер конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналында тіркелмейді, ашылмайды және қалған конкурстық өтінімдермен бірге сақталады, өтініш жасалған жағдайда, мұндай конкурстық өтінімді берген конкурсқа қатысушыға қайтарылады. 18. Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу нәтижелері отырысқа қатысушы барлық Комиссия мүшелері мен хатшы қол қоятын конверттерді ашу хаттамасында көрсетіледі. Ашу хаттамасын екі жұмыс күні ішінде конкурстық комиссияның хатшысы конкурсты ұйымдастырушының интернет-ресурсында орналастырады. 19. Конкурстық комиссия конкурс қорытындыларын конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылған күнінен бастап он күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде шығарады. Конкурстық өтінімдерді қарау барысында конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардан олардың конкурстық ұсыныстары бойынша түсіндірмелер сұратады, сондай-ақ қажет болған жағдайда ұсынылған құжаттардың дұрыстығын растау үшін мемлекеттік органдарға жазбаша сұрау жібереді. 20. Конкурстық өтінім осы Ереженің 15-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда мұндай конкурстық өтінімді комиссия қарамайды және кері қайтарады. Бұл жағдайда конкурсқа қатысушыға себептерін негіздей отырып конкурстық өтінімді кері қайтару туралы жазбаша хабарлама жіберіледі. 21. Конкурс жеңімпазын конкурстық комиссия конкурстық өтінімдерді бағалау және салыстыру қорытындыларының, конкурсқа қатысушының қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі негізінде айқындайды. Комиссияның шешімі конкурстық комиссияның отырысына оның мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысқан кезде ашық дауыс беру арқылы конкурстық комиссияның қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Конкурстық комиссия мүшелерінің болмауына растаушы құжат болған кезде дәлелді себептер бойынша ғана жол беріледі. 22. Конкурс жеңімпазы болып қойылатын біліктілік талаптарына жауап беретін және су объектісін оқшау немесе бірлесіп пайдалануды жүргізудің ең үздік шарттарын ұсынған қатысушы табылады. 23. Конкурстық орта болмаған жағдайда (бір үміткердің болуы), егер конкурстың жалғыз қатысушысы конкурсқа қатысушыларға қойылатын барлық талапты сақтаса, ол конкурс жеңімпазы болып танылады. 24. Егер барлық қатысушылардың конкурстық өтінімін конкурстық комиссия конкурс шарттарына сәйкес келмейді деп таныса, конкурс өткен жоқ деп танылады. 25. Өткізілген конкурс қорытындылары конкурстық өтінім салынған конверттер ашылған күнінен кейін он күнтізбелік күн ішінде отырысқа қатысушы конкурс комиссиясының мүшелері қол қоятын конкурстық комиссияның хаттамасы түрінде шығарылады және оның көшірмесі бір жұмыс күнінен кешіктірмей конкурсқа қатысушыларға жіберіледі. Өткізілген конкурстың қорытындылары бұқаралық ақпарат құралдарында және конкурсты ұйымдастырушының интернет-ресурсында орналастырылады. 26. Конкурстық комиссияның хаттамасы облыстық жергілікті атқарушы органның (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) шешім қабылдауы үшін негіз болып табылады. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары конкурс қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылғаннан бастап бес жұмыс күні ішінде су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға беру туралы шешім қабылдайды. 27. Су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға беру туралы шешімнің негізінде облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы мен конкурс жеңімпазының арасында су объектісін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға беру туралы шарт (бұдан әрі - шарт) жасалады. Егер конкурс жеңімпазы облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органының су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға беру туралы шешімі қабылданғаннан кейін он жұмыс күні ішінде шартқа қол қоймаса, онда жергілікті атқарушы орган конкурс қорытындылары туралы хаттамаға сәйкес конкурс жеңімпазынан кейін конкурстық өтінімі басымдау деп танылған конкурсқа қатысушыға су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға беру туралы шешім қабылдайды. 28. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары: 1) су объектісін пайдаланудың мәлімделген мақсаттарына сай материалдық-техникалық базаның болуы; 2) қаржыландыру көздері мен көлемін көрсетіп, үш жылға арналған даму жоспары (су қорғау іс-шараларын жүргізуді, су объектісін ұтымды пайдалану, су ресурстарын қорғау, су объектілерін көріктендіру жөніндегі іс-шараларды қоса алғанда); 3) төлем қабілетін растайтын құжаттар: конкурсқа қатысушы міндеттемелерінің барлық түрі бойынша банк немесе банк филиалы алдында анықтама берілген күннің алдында үш айдан астам уақытқа созылып кеткен мерзімі өтіп кеткен берешегінің жоқ екені туралы конкурсқа қатысушыға қызмет көрсетілетін банктің немесе банк филиалының қол қойылған және мөр басылған анықтамасының түпнұсқасы (конкурсқа қатысушы екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болған жағдайда бұл анықтама осындай банктердің әрқайсысынан беріледі) Анықтама конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылатын күннің алдындағы бір айдан ерте берілмеуге тиіс; соңғы қаржы жылы үшін бухгалтерлік теңгерімнің бірінші басшы немесе оны алмастыратын адам қол қойған нотариалды куәландырылған көшірмесі. Егер конверттерді ашу ағымдағы жылдың 30 сәуіріне дейінгі мерзімде жүргізілсе, онда соңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылындағы бухгалтерлік теңгерімнің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі ұсынылуы мүмкін; ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1363 Қаулысымен төртінші абзац жаңа редакцияда (2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылатын күнінен бір ай бұрын берілген үш айдан астам (төлем мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда) салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екені не салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің бар екені туралы тиісті салық органы анықтамасының түпнұсқасы.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |