Қазақстан Республикасында бәсекелестікті дамыту мен қорғаудың (2008.05.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2009 жылғы 30 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында бәсекелестікті дамыту мен қорғаудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін. ҚР Үкіметінің 2008.05.05. № 413 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары мен өзге де ұйымдар Бағдарламада көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін және жыл сайын, 30 маусымға және 30 желтоқсанға қарай Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігіне (Монополияға қарсы агенттікке) олардың орындалуы жөнінде ақпарат ұсынсын. ҚР Үкіметінің 2008.05.05. № 413 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) жыл сайын, 10 шілдеге және 10 қаңтарға қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне Бағдарламаның орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары К.Қ. Мәсімовке жүктелсін. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 1308 қаулысымен Бекітілген
Қазақстан Республикасында бәсекелестікті дамыту мен қорғаудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Мазмұны
3. Қазақстанда бәсекелестікті дамытудың қазіргі заманғы жай-күйін және проблемаларын талдау 4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттерi 5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігi 5.2. Экономиканың барлық салаларында бәсекелестік ортаны құру 5.5. Монополияға қарсы органның кадрлық әлеуетінің тиімділігін дамыту және жетілдіру 5.6. Монополияға қарсы органның жұмысы қағидатының айқындығы мен ашықтығын қамтамасыз ету 6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi 7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер 8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Қазақстан Республикасында бәсекелестікті дамыту мен қорғаудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын (бұдан әрі - Бағдарлама) әзірлеудің негіздемесі Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 30 наурыздағы № 80 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы, «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың желілік кестесін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (94-т.), сондай-ақ Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Д. Ахметовте өткен "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006 жылғы бірінші тоқсандағы қорытындысы туралы" 2006 жылғы 25 сәуірдегі мәжілісінің № 8 хаттамасы (1.5.3-тармақ) болып табылады. Тиімді нарықтық бәсекелестік қазіргі заманғы экономикалық доктринада және көпшілік әлем елдерінің мемлекеттік дамуының саясаттық тұжырымдамаларында экономиканың табысты дамып келе жатқан негізі ретінде қарастырылады. Бәсекелестікті қорғау және бәсекеге қарсы іс-әрекеттерге тыйым салу мемлекеттік экономикалық саясаттың ортасында тұрады және тиісті құқықтық ресімдеу алады. Ішкі, сондай-ақ жаhандық нарықтық бәсекелестік нарықтардың тиімділігіне қол жеткізудің және еңбекті өнімдірудің маңызды факторы болып табылады. Бұл жағдайларда нарықта сұранысқа ие, тауарлар (жұмыстар, қызметтер) өндіретін компаниялар тиімді дамиды. Тауарларды алмастыруға арналған пайдалы ортаны қамтамсыз ету үшін мемлекет тарапынан ең төмен тосқауылдар болуы тиіс. Тәуелсіздікті алған және нарықтық қатынастарға өткен сәттен бастап Қазақстан Республикасының бәсекелестік саласындағы саясаты мемлекеттік реттеу жүйесін реформалауда басты рөлдердің бірін атқарады, өйткені мемлекеттік басқару жүйесі экономикалық және әлеуметтік нормалардың сапасын талап етеді және заңдарды, оның ішінде бәсекелестікті қорғайтын заңдарды қолдануға себепші болады. Қазақстанда тәуелсіздіктің алғашқы қадамдарынан-ақ адал бәсекелестікті мемлекеттік қолдау және қорғау экономиканың нарықтық түрлендірудің басым бағыттарына жатқызылды. Қазақстан Республикасының Конституциясы әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бары көзделген. Монополистік қызмет заңмен реттеледі және шектеледі. Жосықсыз бәсекеге тыйым салынады. Монополияға қарсы реттеу жүйесі экономиканың дамуы мен қайта құрылуымен қатар жетілдіріледі. Монополияға қарсы саясаттың заңнамалық және институционалдық негіздері жақсарып, монополияға қарсы орган қызметкерлерінің білімі мен дайындықтары көтеріледі. Осы Бағдарламаны әзірлеу тауар нарықтарында еркін бәсекелестікті дамыту, елдің экономикасын мемлекеттік реттеудегі, оның қызметінің тиімділігін арттырудағы монополияға қарсы органның рөлін күшейту, оның рөлі мен өкілеттіктерін жұртшылыққа түсіндіру, сондай-ақ заңнамалық базасын жетілдіру үшін тартымды және ашық жағдайларды құру қажеттілігінде туындаған.
ҚР Үкіметінің 2008.05.05. № 413 қаулысымен 3-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Қазақстандағы бәсекелестікті дамытудың қазіргі заманғы жай-күйін және проблемаларын талдау
Қазіргі уақытта, нарықтағы тиімді бәсекелестік салалардың көпшілігінде өздігінен өзі дамымайды, мақсатты мемлекеттік саясатқа орай дамиды. Бәсекелестік саясатты тиімді жүргізу осы саладағы арнайы заңнаманы әзірлеуді, институционалдық құрылымды және құқық қолдану тәжірибесін жетілдіруді болжайды. Бәсекелестікке жәрдемдесу саясаты мен экономикалық үдерістерді монополияға қарсы реттеу Қазақстанның экономикалық дамуының басым бағыттарының қатарына кірді. Егер, қоғам оның артықшылықтары мен ондағы пайдалар туралы жеткіліксіз құлағдар болса, бәсекелестікті қорғау мен насихаттау мүмкін емес. Соңғы жылдары экономикалық биліктің шоғырлану және ірі көлденең біріккен құрылымдарды қалыптастыру, сондай-ақ нарықтағы компаниялардың келісілген іс-әрекеттері, жосықсыз бәсекелестік және монополиялық пайдаларды алу фактілері тұрақты сипат ала бастады. Бұл бәсекелестік күрестің ұлғаюына және осы саладағы білімдерінің нарықтық қатынастар субъектілерінде болмауына негізделген. Нарықтың барлық қатысушылары үшін тең жағдай жасауға және нарықтық күштерді дамыту пайдасына қоғамдық сананы қалыптастыруға жәрдемдесетін бәсекелестікті насихаттау және білімдерді тарату - негізгі мақсаты нарықтың барлық субъектілеріне арналған тең құқықтық мүмкіндіктерді қамтамасыз ету болып табылатын монополияға қарсы саясаттың маңызды құрауыштары. Егер, мемлекет әлемдік экономикада толыққанды әріптес болу мақсатын қоятын болса, онда бірінші кезекте, ұлттық өнімнің бәсекелестік қабілетін дамыту қажет. Қазіргі заманғы монополияға қарсы жүйесіз осы міндетті іс жүзінде шешу мүмкін емес. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің соңғы сөз сөйлеулерінде Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру жөніндегі міндеттерді қойды. Нарықтық экономиканың негізгі қозғалтқышы ретінде бәсекелестікті дамыту осы қызметтегі басымдықтардың бірі ретінде белгіленді; халықаралық бәсекелестік құқықтың талаптарына жауап беруі тиіс монополияға қарсы заңнаманы жетілдіру жөніндегі міндеттерді қойды. Республиканың ішкі бәсекелестігін дамыту үшін монополияға қарсы заңнаманы және оны қолданудың құралдарын күшейту ғана емес, сонымен бірге күшті монополиялық орган қажет. Қазіргі уақытта, республикада міндеті мыналар арқылы тауар нарықтарында бәсекелестікті дамыту болып табылатын Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) осындай орган болып табылады: жосықсыз бәсекелестіктің алдын алу; бәсекелестікке қарсы іс-қимылдарды бақылау; тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайды теріс пайдалануға жол бермеуді бақылау; монополистің монополиялық жоғары немесе төмен бағаларын белгілеуіне жол бермеуін бақылау; экономикалық шоғырлануды бақылау. Монополияға қарсы орган 2004 жылдың соңында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша табиғи монополиялардың бәсекелестікті қорғау жөніндегі функцияларын тарифтік реттеу жөніндегі функциялардан бөліп алу нәтижесінде құрылды. Республиканың монополияға қарсы органдарын алғаш құру кезіндегі сияқты бәсекелестікті қорғау жөніндегі функциялар табиғи монополияларды тарифтік реттеуден тағы да институционалды тәуелсіз болып шықты, бұл халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Монополияға қарсы органдардың тарифтік реттеуден осылайша бөлінуі мен тәуелсіздігі әлемнің дамыған елдерінің көпшілігіне тән. Бұған қоса шет елдердің монополияға қарсы органдарының негізгі фукцияларының бірі өзінің соңғы іс-әрекеттерімен бәсекелестікті шектеуге және монополистерге негізделмеген тарифті белгілеуге жол бермеу мақсатында тарифтік және салалық реттеулер қызметі үшін бақылау болып табылады. Мәселен, 2006 жылғы 9 айда монополияға қарсы орган тауар нарықтарының 36 талдауын жүргізді, нәтижесі бойынша экономикалық, ұйымдастырушылық және әкімшілік шектеулер, нарықтық инфрақұрылымның дамымағандығы, экологиялық шектеулер анықталды. Жүргізілген талдаулар нәтижесінде Тиісті тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне (бұдан әрі - Тізілім) тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі, 2006 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша оның республикалық бөлігінде 61 нарық субъектісі бар, оның ішінде, отын-энергетикалық кешені - 12; ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп - 3; көлік және байланыс - 26; мемлекеттік кәсіпорындар - 13; мемлекеттік мекеме - 1 және өзге де салалар - 6. Тізілімнің жергілікті бөлігінде 821 нарық субъектісі бар, оның ішінде: отын-энергетикалық кешені - 235; ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп - 140; көлік және байланыс - 106; мемлекеттік кәсіпорындар - 171; мемлекеттік мекеме - 1 және өзге де салалар - 169. Компаниялар мен мемлекеттік органдар жүзеге асыратын бәсекелестікке қарсы әрекеттер нарықтық тетіктердің жұмыс істеуін бұзуға әкелетін экономикалық дамуға теріс әсер етеді. Кейбір мемлекеттер осыған ұқсас әрекеттердің алдын алу және жолын кесу мақсатында монополияға қарсы саясат шеңберінде қабылданған арнайы заңдардың базасында құқықтық реттеуді жүзеге асырады. «Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) бәсекелестікке жол бермеуге немесе жоюға алып келетін мемлекеттік органдардың кесімдеріне, іс-әрекеттері мен келісімдеріне айрықша тыйым салуды енгізеді. Аталған тыйым салу Қазақстан Республикасының бәріне дерлік мемлекеттік органдарына, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, аталған органдардың өзге де функциялары мен құқықтары берілген билік органдары мен өкілдік билік органдарын қоспағандағы ұйымдарға таралады. Егер, олар шаруашылық жүргізуші субъектілердің дербестігін шектесе немесе жекелеген шаруашылық жүргізуші субъектілердің және өзінің нәтижесі бір мезгілде бәсекелестікке жол бермеу, шектеу, жою және шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүдделерін қорғау болатын немесе болуы мүмкін қызметінің кемсітушілік жағдайын жасаса, аталған органдардың іс-әрекеттері мен шешімдеріне заңмен тыйым салынады және мемлекеттік органдардың бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттері болып табылады. Заң сондай-ақ мемлекеттік органдардың нәтижесінде бәсекелестікке жол бермеу, шектеу немесе жою орын алған немесе орын алуы мүмкін өзара не олардың және шаруашылық жүргізуші субъектінің арасындағы келісімдерге немесе үйлестірілген іс-қимылдарға қатысуына тыйым салынады. Заңда бағаға әсер етуі, нарықтарды бөлуге немесе нарықтарға қолжетімділікті шектеуге не одан бәсекелестерді жоюға алып келуі мүмкін нақты ұсыным бар, бірақ тізім жеткілікті болып табылмайды. Мемлекеттік органдарға бәсекелестікті шектеуге бағытталған кесімдерді қабылдау мен іс-әрекеттер жасауға тыйым салу іс жүзінде барлық дамыған елдердің монополияға қарсы заңнамасына енгізілген. Салалық мемлекеттік органдар реттелетін салаларды дамыту мақсатында өздері шығаратын кесімдердің бәсекелестікті шектеу мүмкіндігін болжамайды, сөйтіп дамушы салалардағы бәсекелестікті шектейтін жағдайлар орын алған. Сонымен бірге, нарықтағы бәсекелестіктің жағдайларын бұрмалауға алып келетін импорттық тарифтер мемлекеттік органдардың тарапынан шетелдік бәсекелестіктен ұлттық өнеркәсіпті қорғаудың дәстүрлі және кең пайдаланылатын құралы болып табылады. Кедендік-тарифтік шаралармен қатар тең емес бәсекелестік шартын жасайтын мүдделі компанияларға мемлекеттік органдардың көптеген рұқсаттарын берумен байланысты қорғаудың тарифтік емес шаралары пайдаланылады. Импорттық квоталар - импортты сандық шектеу тарифтік қорғаудың тәсілдерінің бірі болып табылады. Мемлекет квоталарды енгізу кезінде әкелуге рұқсат беретін лицензиялардың шектелген санын береді және лицензияланбайтын импортқа тыйым салады. Қазіргі уақытта, Дүниежүзілік Сауда Ұйымы (бұдан әрі - ДСҰ) ережесі ерекше келісілген жағдайларды қоспағанда, импорттық квоталарды қолдануға тыйым салады. Мыналар импорттық квоталарды қолданудың теріс салдарлары болып табылады: импортты шектеу, тауар тапшылығының туындауы және сәйкесінше, нарықтағы, әсіресе, бәсекелесетін отандық сала бар сұранысты дербес қанағаттандыра алмайтын бағаның өсуі. Соңғы жылдары демпингке қарсы және өтемақы шаралары сияқты нарықты қорғаудың тарифтік емес шаралары кең қолдану тапты. Шетелдік сарапшылар жүргізген экономикалық талдау нәтижелеріне сәйкес нақты қазіргі демпинг пен субсидиялардың жағдайында экспорттаушы елдерде ғана емес, сонымен бірге осы шараларды енгізетін елде де экономикалық шығындарға алып келеді. Қазақстан Республикасындағы тамыр-таныстық саясат сыртқы сауда саясатының бөлігі болып табылады және тиісті мемлекеттік органдар іске асырады. Монополияға қарсы органның осы саясатты жүргізуге әрекет ету мүмкіндігі жоқ және сондықтан да ол қоғамның белгілі бір бөлігінің мүддесін көрсетеді және ішкі және халықаралық нарықтардағы қалыпты бәсекенің шарттарын бұзады. Бәсекелестікті бұзатын мемлекеттік органдар әрекеттерінің басқа тобы шетелдік бәсекемен тікелей байланысты емес ішкі әрекет болып табылады. Олар бюджеттік субсидиялар, өнеркәсіптік немесе ғылыми-техникалық саясат шаралары, жекелеген салаларды, өңірлерді, өндірістерді қолдау, жекелеген кәсіпорындар үшін жеңілдікті немесе қызметтің керісінше, кемсітушілік жағдайлар жасау нысанында іске асырылуы мүмкін. Ішкі әрекеттер, сыртқы әрекеттер сияқты жалпы және селекциялық сипатқа ие. Сыртқы шараларға қарағанда, ДСҰ ережелерімен реттелетін ішкі шектеу шаралары мемлекеттің дәрігейі болып қала береді. Әлемнің көптеген елдерінде үкімет экономиканың белгілі бір саласын, бірінші кезекте ауыл шаруашылығын қолдауға асығады. Үкіметтік қолдауды қорғаныстық кешен, ғылыми-техникалық әзірлемелер жиі пайдаланады. Көптеген елдердің заңнамасы қоршаған ортаны қорғауды, ғылыми-техникалық әзірлемелерді мемлекеттік қолдауға, экономиканың жаңа салаларын дамытуға, дағдарысты салалардағы қайта құрылымдауға негіздемелі түрде жол береді. Мемлекеттік органдардың ішкі нарықтағы бәсекелестікті ақтаусыз шектейтін жағдай орын алады. Бұл жерде жалпы сипаттағы шаралар үкіметтің өзі мемлекеттік қолдауға лайықты салаларды немесе өндірістерді таңдағанда және оларға әрқалай жәрдем көрсеткенде өнеркәсіптік немесе ғылыми-техникалық саясат шеңберінде басты түрде алдын ала қабылданады. Селективтік сипатқа ие мемлекеттер бәсекелестікке анағұрлым қауіпті болып табылады. Мемлекеттік билік органдары белгілі бір кәсіпорындарға нарыққа енудің әртүрлі тосқауылдар, компания қызметінің кемсітушілік немесе керісінше, жеңілдікті шарттарды жасай отырып, негізделмеген эксклюзивтік құқық бере отырып немесе тиімсіз кәсіпорындарды қолдай отырып, бәсекелестікке елеулі залал келтіруі мүкін. Қолданыстағы монополияға қарсы заңнамаға сәйкес мыналар: бәсекелестікке қарсы келісім (келісілген іс-әрекеттер) - тараптардың бәсекені шектеуге немесе жоюға, кәсіпкерлік қызметте негізсіз артықшылықтар алуға бағытталған кез келген шарттық қатынастары: тауарларды сатып алудың немесе өткізудің келісілген бағаларын не басқа жағдайларын белгілеу (ұстап тұру); бағаны көтеру, төмендету немесе ұстап тұру не сауда-саттыққа қатысушылардың арасындағы өзге де келісімдер нәтижесінде сауда-саттық қорытындыларын бұрмалау; тауар нарықтарын аумақтық белгісі, тауарлардың түр-түрі, оларды өткізу немесе сатып алу көлемі бойынша, сатушылар немесе сатып алушылар тобы бойынша не басқа белгілер бойынша бөлу; квоталауды қоса алғанда тауарларды өндіруді не өткізуді негізсіз шектеу; белгілі бір сатушылармен не сатып алушылармен шарт жасасудан негізсіз бас тарту; тауар нарығына кіруді шектеуге немесе одан белгілі бір тауарлардың сатушылары немесе олардың сатып алушылары ретінде нарықтың басқа субъектілерін ығыстыру; басқа субъектілермен тең шарттарға кемсітетін жағдайлар қолдану; келісім-шарт жасаушы агенттердің өзінің мазмұны бойынша немесе іскерлік айналым дәстүріне сай осы шарттардың нысанасына қатысы жоқ қосымша міндеттемелер (қаржы қаражатын, өзге де мүлікті, мүліктік құқықтарды беруді және басқаларын негізсіз талап ету) қабылдауы талабымен шарттар жасасу нарықта үстем (монополиялық) жағдайға ие субъектілердің тыйым салынған іс-әрекеттері болып табылады. Бұдан басқа, үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектісінің тиісті тауар нарығына кіруді шектейтін не бәсекені шектейтін, жоятын және (немесе) тұтынушылардың заңды мүдделеріне қысым жасайтын іс-әрекеттеріне, оның ішінде: монополиялық жоғары (төмен) бағалар белгілеу; субъектілермен жасалған бірдей келісімдерге объективті негізделмеген себептермен әртүрлі бағалар не әртүрлі шарттар қолдану; өзінен сатып алынған тауарларды қайта сатуға аумақтық белгілер, сатып алушылар тобы, сатып алу шарттары, сондай-aқ саны, бағасы бойынша шектеулер белгілеу; келісім жасауға нарық субъектісіне өз мазмұны бойынша немесе іскерлік айналым дәстүріне сай осы келісімдердің нысанасына қатысы жоқ қосымша міндеттемелер қабылдату жолымен себеп табу не күштеп таңу; тиісті тауарды өндіру немесе өткізу мүмкіндігі бола тұрып жекелеген сатып алушылармен шарт жасасудан негізсіз бас тарту; тауарлар ұсынуды бәсекелестер өндіретін не өткізетін тауарларды сатып алу кезінде шектеулер қабылдаумен себептестіру; тұтынушылардың сұраныстары немесе тапсырыстары бар тауарларды өндіру немесе жеткізу мүмкіндігі бола тұрып, оларды өндіру көлемін негізсіз қысқарту немесе өндіруді тоқтату; нормативтік құқықтық кесімдерде белгіленген баға белгілеу тәртібін бұзу сияқты іс-әрекеттеріне тыйым салынады және олар жарамсыз деп танылады. Нарық субъектілерінің өзінің үстем жағдайын теріс пайдалану мүмкіндігін немесе бәсекені шектеуді болдырмау мақсатында монополияға қарсы органның мынадай мәмілелерді жүзеге асыруға алдын ала келісімін алу түрінде көрінетін экономикалық шоғырлануға мемлекеттік бақылауды монополияға қарсы орган жүзеге асырады: 1) тиісті тауар нарығындағы үлесі 35 пайыздан асатын нарық субъектісін құру; 2) тиісті тауар нарығындағы үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектісін қайта ұйымдастыру (қосу, біріктіру, қайта құру); 3) тұлғаның (тұлғалар тобының) нар ық субъектісінің жарғылық капиталындағы дауыс беретін акцияларды (үлестерді, пайларды) иеленуі, сөйтіп осы субъектіде мұндай тұлғаның (тұлғалар тобының) аталған акциялардың (үлестердің, пайлардың) 25 пайызына және одан астамына билік етуге құқық алуы, егер осы иеленуге дейін мұндай тұлға (тұлғалар тобы) аталған нарық субъектісінің акцияларына (үлестеріне, пайларына) билік етпесе немесе аталған нарық субъектісінің жарғылық капиталындағы дауыс беретін акциялардың (үлестердің, пайлардың) 25 пайыздан кеміне билік етсе; 4) егер мәміленің мәнін құрайтын мүліктің теңгерімдік құны мүлікті иеліктен шығаратын немесе біреуге беретін нарық субъектісінің негізгі өндірістік құрал-жабдықтары мен материалдық емес активтері теңгерімдік құнының 10 пайызынан артық болса, нарық субъектісінің (тұлғалар тобының) нарықтың басқа субъектісінің негізгі өндірістік құрал-жабдықтары мен материалдық емес активтерін меншікке алуы, иеленуі және пайдалануы; |