Мемлекеттік органдардың веб-сайттарына орналастырылатын мемлекеттік органдар туралы электрондық ақпараттық ресурстардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 3 қазандағы № 891 Қаулысы
Осы редакция 2009 жылғы 30 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік органдардың веб-сайттарына орналастырылатын мемлекеттік органдар туралы электрондық ақпараттық ресурстардың тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 3 қазандағы
№ 891 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік органдардың веб-сайттарына
орналастырылатын мемлекеттік органдар туралы
электрондық ақпараттық ресурстардың
тізбесі*
Р/с | Параметрі | Өлшемдері |
1 | 2 | 3 |
1 | Қазақстан Республикасы- ның мемлекеттік рәміздері | Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба |
2 | Мемлекеттік орган туралы жалпы ақпарат | 1. Почталық мекен-жайы 2. Электрондық почтаның мекен-жайы 3. Анықтамалық қызмет- тердің телефондары 4. Өкілеттіктерінің сипаттамасы 5. Өкілеттіктерін, міндеттері мен функцияларын анықтайтын заңдардың, нормативтік актілердің тізбесі 6. Мемлекеттік органның символикасы (олар бар болған кезде) 7. Мемлекеттік органның құрылғаны туралы тарихи анықтама |
3 | Құрылымы | 1. Міндеттері мен функциялары 2. Құрылымдық бөлімшелердің тізбесі 3. Кіші ведомстволық ұйымдардың тізбесі 4. Ведомстволық бағынысты ұйымдардың почталық мекен-жайы, электрондық почтаның мекен-жайы, анықтамалық қызмет телефондары (көрсетілген ұйымдар бар болған кезде) 5. Бірінші басшылар туралы мәліметтер 6. Құрылымдық бөлімшелердің басшылары туралы мәліметтер 7. Аумақтық органдардың тізбесі (олар бар болған кезде), аумақтық органдардың міндеттері мен функциялары, аумақтық органдардың почталық мекен-жайы, электрондық почтасының мекен-жайы, анықтамалық қызмет телефондары, аумақтық органдардың басшылары туралы мәліметтер |
4 | Ақпараттық қолдау | Мемлекеттік органның қарамағындағы жалпы пайдаланымдағы ақпараттық жүйелердің, деректер банкінің, тізілімдердің, тіркелімдердің тізбелері. Азаматтар мен ұйымдарға ұсынылатын ақпараттық ресурстар мен қызметтер- дің тізбесі |
5 | Статистикалық ақпарат | Органның құзыретіне қатысты бөлігінде саланы дамытудың жай-күйі мен серпінін сипаттайтын статистикалық деректер мен көрсеткіштер |
6 | Талдамалық ақпарат | Мемлекеттік органның қызметі туралы ақпараттық сипаттағы талдамалық баяндамалар мен шолулар |
7 | Мемлекеттік органның норма жасау қызметі | 1. Мемлекеттік орган қабылдаған нормативтік құқықтық актілер 2. Заңнамалық және заңға тәуелді актілер жобаларының мәтіндері |
8 | Жұмыс тәртібі | 1. Мемлекеттік органның рұқсат беру іс-әрекетте- рін (лицензиялау, аккредиттеу, тіркеу және басқалары) жүзеге асыру тәртібі 2. Заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес орган қарауға қабылдайтын өтініш құжаттарының нысандары |
9 | Мемлекеттік органның қызметі | 1. Мақсатты бағдарламалар мен тұжырымдамалардың жобалары туралы мәліметтер 2. Басшылар мен басшылар орынбасарларының ресми сөйлеген сөздері мен мәлімдемелерінің мәтіндері |
10 | Конкурстар, тендерлер және басқаларын өткізу | 1. Ашық конкурстар, аукциондар, тендерлер, сараптамалар және басқа да іс-шаралар туралы мәліметтер және оларды өткізу шарттары 2. Оларға заңды және жеке тұлғалардың қатысу тәртібі |
11 | Халықпен жұмыс | 1. Мемлекеттік органның азаматтарды қабылдау және олардың өтінішін қарау тәртібі 2. Құзыретіне азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру және азаматтар мен ұйымдардың өтінішін қарауды қамтамасыз ету кіретін бөлімше басшысының немесе өзге лауазымды адамның тегі, аты және әкесінің аты 3. Мемлекеттік органның қызметі туралы ауызша нысанда ақпарат беретін құрылымдық бөлімшелердің атауы, лауазымды адамның тегі, аты және әкесінің аты 4. Азаматтарды қабылдау және олардың өтініштерін қарау мәселелері бойынша азаматтарға ақпарат алуға мүмкіндік беретін байланыс телефондары, азаматтарды қабылдау жүргізілетін мекен-жай, қабылдау уақыты, сондай-ақ қабылдауға жазылу тәртібі 5. Азаматтар мен ұйымдардың мемлекеттік органға өтініштеріне шолулар, мұндай өтініштерді қарау нәтижелері туралы және қабылданған шаралар туралы қорытылған ақпарат |
12 | Кадрлық қамтамасыз ету | 1. Азаматтардың мемлекет- тік қызметке кіру тәртібі, мемлекеттік қызметтің бос лауазымдары туралы мәліметтер 2. Мемлекеттік қызметтің бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары 3. Бос лауазымдарды атқаруға қатысты ақпарат алуға болатын телефондардың нөмірі |
13 | WAI өлшемдері** | 1. Сайт туралы жалпы ақпарат (сайттың картасы немесе мазмұны) 2. Навигацияның дәйекті және қисынды тетігі 3. Іздеу тетігі 4. Жүктеме үшін қол жетімді құжаттардың мөлшері мен форматы 5. Фонның түсі мен мәтіннің түсі үйлеседі және ақпаратты қабылдауға бөгет жасамайды |
14 | Қоғамдық маңызды өлшемдер | 1. Сұрақ-жауап сервисінің болуы 2. Жаңалыққа жазылу мүмкіншілігі 3. Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде негізгі бөлімдердің болуы 4. Интерактивті сұрақтар 5. Жаңалықтар таспасы 6. Жаңалықтар мұрағаты |
*Қол жетімділігі шектелген электрондық ақпараттық ресурстарды веб-сайттарда орналастыруға тыйым салынады
**WAI - Web Accessibility Initiative (Желі Жетістігінің Бастамасы)