|
|
|
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 20 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2011.28.05. № 596 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.06.09. № 1160 Қаулысымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысымен бекітілген
мемлекеттік қызмет стандарты (2012.06.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. «Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) мекен-жайлары осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларында көрсетілген Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - орталық), сондай-ақ мемлекеттік қызметті алушыда электрондық-цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) болған жағдайда «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz. веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетеді. Шалғайдағы елді мекендердегі тұрғындардың мемлекеттік қызметтерге қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында Мобильдік орталықтар арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге жол беріледі. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған. 3. Мемлекеттік қызмет «Жылжымалы мүлікке құқық кепілін мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі Заңына (бұдан әрі - Заң) және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабына сәйкес жүзеге асырылады. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат: 1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің: www.minjust.kz интернет-ресурсының «Ақпараттық материалдар» бөлімінде; 2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі - «Орталық» РМК) интернет-ресурсында www.con.gov.kz, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес орталықтардың үй-жайларындағы стенділерде; 3) порталда орналастырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты, сондай-ақ call-орталықтың телефоны (1414) бойынша да алуға болады. 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нәтижесі: 1) орталықта - жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтаманы (электрондық және қағаз түрінде) беру не қызмет көрсетуді ұсынудан бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап беру; 2) порталда - мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі уәкілетті органның уәкілетті тұлғасы электрондық цифрлық қолтаңба қойған электрондық құжат нысанында «Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтаманы» беру не электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет алушы) көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: орталыққа жүгінген кезде: 1) құжаттар тапсырған кезде (мемлекеттік қызметті алу үшін өтінішті бергенде) кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 20 минуттан аспайды; 2) өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсетуді алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 20 минуттан аспайды; 3) дайын құжаттарды алу кезінде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 20 минуттан аспайды. Мемлекеттік қызмет бір жұмыс күні ішінде ұсынылады (құжаттарды тапсырған күн мен берген күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді). Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 30 минут. 8. Мемлекеттік қызмет көрсету тегін көрсетіледі. 9. Орталықтардағы жұмыс кестесі еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мейрам күндерін қоспағанда, дүйсенбіден сенбі күнді қоса алғанда, күн сайын сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейін түскі үзіліссіз, орталықтың белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес жүзеге асырылады. Қабылдау жеделдетілген қызмет көрсетусіз «электронды» кезек тәртібімен жүзеге асырылады. Порталдың жұмыс кестесі - тәулік бойы. 10. Мемлекеттік қызмет орталықтың ғимаратында мемлекеттік қызмет алушының тұратын жері бойынша көрсетіледі, онда мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жағдайлар көзделген. Залда анықтамалық бюро, күту креслолары, толтырылған бланкілердің үлгілері бар ақпараттық стенділер орналасқан. Порталда «жеке кабинетте» көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібi
11. Мемлекеттік қызмет алушы не оның өкілі (сенімхат бойынша) мемлекеттік қызметті алу үшін мынадай құжаттарды: 1) осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы сұрау салуды; 2) мемлекеттік қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесін; 3) заңнамада белгіленген жағдайларда өкілдің өкілеттіктерін куәландыратын құжатты ұсынады. Жеке басты куәландыратын құжат туралы мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметті орталықтың қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден орталықтың ақпараттық жүйесі арқылы уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолымен куәландырылған электрондық құжат нысанында алады. Орталықтың қызметкері құжаттарды қабылдаған кезде осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген құжаттарды мемлекеттік органның мемлекеттік ақпараттық жүйесінен берілген мәліметтермен салыстырып тексереді, содан кейін ол құжаттарды мемлекеттік қызметті алушыға қайтарады. Порталда: ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу; Жеке басты куәландыратын құжат туралы мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметті уәкілетті органның қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден портал арқылы уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолымен куәландырылған электрондық құжат нысанында алады. 12. Бланкілер күту залындағы арнайы тағанда не орталықтың консультанттарында, сондай-ақ «Орталық» РМК-ның интернет ресурсында www.con.gov.kz орналастырылады. Порталға өтініш бергенде осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысанында сұрау салуды толтыру қажет. 13. Орталықтарда құжаттарды қабылдау операциялық залда «тосқауылсыз» қызмет көрсету арқылы жүзеге асырылады. Порталға өтініш бергенде электрондық сұрау салуды жіберу мемлекеттік қызмет алушының «жеке кабинетінен» жүзеге асырылады. Сұрау салу таңдап алынған қызмет көрсетуге сәйкес автоматты түрде уәкілетті орган-адресатқа жіберіледі. 14. Мемлекеттік қызмет алушыға: 1) сұрау салудың нөмірі және қабылдау күні; 2) сұралып отырған мемлекеттік қызметтің түрі; 3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы; 4) құжаттарды беру күні, уақыты және орны; 5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты көрсетіле отырып, тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі. Портал арқылы жүгінген жағдайда мемлекеттік қызмет алушыға порталдағы «жеке кабинетіне» сұрау салудың мемлекеттік қызметті көрсетуге қабылданғаны туралы және мемлекеттік қызмет алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін алатын күні және уақыты көрсетіле отырып есеп-хабарлама жіберіледі. 15. Орталықта мемлекеттік қызмет алушыға дайын құжаттарды беруді орталықтың қызметкері «терезелер» арқылы күн сайын онда мерзімі көрсетілген қолхаттың негізінде жүргізеді. 16. Мемлекеттік қызмет алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың бірін ұсынбаған жағдайда, орталық құжаттарды қабылдаудан бас тартады. Құжаттарды қабылдаудан бас тартқан кезде орталықтың қызметкері мемлекеттік қызмет алушыға жетіспейтін құжаттар көрсетілген қолхат береді. Уәкілетті орган жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар беруден мынадай жағдайларда: 1) тиісті емес адамға жүгінгенде; 2) осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттар пакеті толық ұсынылмағанда; 3) құжаттар тиісінше рәсімделмегенде бас тартады. Қызмет көрсетудің белгіленген мерзімі ішінде уәкілетті орган кейіннен мемлекеттік қызмет алушыға ұсыну үшін орталыққа бас тартудың себебі көрсетілген хабарлама жолдайды. Құжаттар орталыққа қайтарылған жағдайда орталықтың қызметкері оларды алған күннен кейін 1 жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет алушыға хабарлайды және уәкілетті органның мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жеке немесе уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған дәлелді жауабы-электрондық құжаттың қағаз көшірмесін береді. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты мемлекеттік қызмет алушы мемлекеттік органда не порталдағы «жеке кабинетінен» электрондық құжат түрінде осы стандарттың 11-тармағында белгіленген мерзімдерде алады.
17. Уәкілетті орган өзінің қызметін мына: 1) әдептілік; 2) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толымды ақпарат ұсыну, адамның конституциялық құқықтарын сақтау; 3) қызметтік борышын атқару кезінде заңдылықты сақтау; 4) мемлекеттік қызметті алушының құжаттарының қорғалуын, сақталуын және мазмұнының құпиялылығын қамтамасыз ету; 5) мемлекеттік қызметті алушының белгіленген мерзімде алмаған құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырады.
18. Мемлекеттік қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың 4-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді. 19. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті мен уәкілетті органдардың жұмыстары бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапасы және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Әділет министрінің тиісті бұйрығымен бекітіліп отырады.
20. Орталық инспекторының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым беру тәртібін түсіндіру және өтініштерді дайындауға жәрдемдесу үшін мемлекеттік қызмет алушы осы стандарттың 2-қосымшасында телефондары көрсетілген орталық басшыларына жүгінеді. Шағым беру тәртібі туралы ақпаратты (1414) call- орталығының ақпараттық-анықтамалық қызмет телефоны бойынша сондай-ақ осы стандартқа 2 қосымшада көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша алуға болады. 21. Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым жұмыс күндері демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30 аралығында түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден бастап 17.00-ге дейін уәкілетті орган басшысының атына беріледі. Уәкілетті органдар басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген. Уәкілетті органдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі мен құқықтық көмек көрсету комитетіне жұмыс күндері демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30 аралығында түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін беріледі. 22. Орталықтың қызметкері тиісінше қызмет көрсетпеген жағдайда орталықтың немесе Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті «Орталық» РМК басшысының атына шағым беріледі. Орталықтардың басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандарттың 2-қосымшада көрсетілген, Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті «Орталық» РМК-ның мекенжайы мен телефоны осы стандарттың 26-тармағында көрсетілген. 23. Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызмет алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар. 24. Қолданыстағы заңнамада көрсетілген жағдайда шағымдар ауызша немесе жазбаша нысанда пошта арқылы немесе электронды түрде (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің электронды мекенжайына: krs.opp@minjust.kz) не осы стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген ұйымның кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады. Қажет болған жағдайларда мемлекеттік қызмет алушылар шағымға уәкілетті органдар ұсынған мемлекеттік қызметтердің сапасыздығын және орталық қызметкерінің тиісті қызмет көрсетпегенін растайтын құжаттарын қоса береді. Портал арқылы өтініш бергенде электрондық өтініш жіберілгеннен кейін мемлекеттік қызмет алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпарат қол жетімді болады, ол уәкілетті органда өтінішті өңдеу барысында жаңартылады (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарастыру туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап). Уәкілетті органның жауабы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ұсынылады. 25. Қабылданған шағымдар өтініштер мен шағымдарды есепке алу кітабында тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген тәртіпте және мерзімде қаралады. Шағымдардың пошта және қолма-қол қабылданғанын растау оларды уәкілетті органның немесе орталықтың кеңсесінде жеке және заңды тұлғалар өтініштер журналында тіркеу болып табылады (шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатта мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу мерзімі қойылады). Шағымды қабылдаған адам мемлекеттік қызметті алушыға оның шағымының қабылданғанын растайтын нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, байланыс деректері көрсетілген талон береді. Шағымның қаралу нәтижесі туралы мемлекеттік қызмет алушыға пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады. Уәкілетті органнан жауап «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына сәйкес ұсынылады. 26. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, интернет ресурс: www.minjust.kz. «Орталық» РМК-ның мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, № 43А үй, телефоны: 87172-94-99-95, интернет-ресурс: www.con.gov.kz.
«Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымша
Облыстардың, Алматы және Астана қалаларының
«Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымша
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының тізімі мен мекенжайлары
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |