|
|
|
ҚР Үкіметінің 2012.06.09. № 1160 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 2011.28.05. № 596 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) «Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беру» (2011.28.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
1. «Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік қызметін «Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жылжымайтын мүлік орталықтары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары және олардың филиалдары (бұдан әрі - уәкілетті орган), мекенжайлары осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы көрсетеді. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған. 3. «Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі-стандарт) «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-тармағы негізінде жүзеге асырылады. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында: ww.minjust.kz, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес Орталықтардың үй-жайларындағы стенділерде орнатылады. 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нәтижесі жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын (қағаз тасымалдағышта) немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді хабарламаны беру болып табылады. Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасы кепіл беруші мен кепіл ұстаушыға беріледі. 6. Мемлекеттік қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 1) құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты (мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беру) 30 минуттан аспайды; мемлекеттік қызмет алу үшін электронды сұрау салулар көзделмеген; 2) өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды; 3) дайын құжаттарды алу кезінде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды. Мемлекеттік қызмет жазбаша өтініш келіп түскен сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде көрсетіледі және дайын құжаттарды беру екінші жұмыс күні жүргізіледі (құжаттарды қабылдаған және берген күндер мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді). 8. Мемлекеттік қызмет ақылы түрде қолма-қол ақшалай және (немесе) қолма-қол ақшасыз көрсетіледі. Тіркеу алымы тіркеу іс-қимылдарды жасаған жері бойынша бюджетке «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген мөлшерде банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен төленеді. Тіркеу алымы тіркеуші органға тиісті құжаттарды бергенге дейін төленуі тиіс. 9. Уәкілетті органда демалыс және мейрам күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін оның жұмысын қамтамасыз ететін кесте белгіленеді. Орталықтарда құжаттарды қабылдау, күн сайын, еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мейрам күндерін қоспағанда, дүйсебіден бастап сенбіні қоса алғанда, Орталықтың белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес үзіліссіз, сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейін жүзеге асырылады. Орталықтардың филиалдары мен өкілдіктерінде құжаттар бір сағаттық түскі үзіліспен сағат 9.00-ден сағат 19.00-ге дейін қабылданады. Қабылдау «электронды» кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. 10. Мемлекеттік қызмет Орталықтың ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күту үшін креслолар, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стенділер орналастырылады. Мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібi
11. Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін тұтынушы (тұтынушының уәкілетті өкілі) өзінің жеке басын куәландыратын құжатын және мына құжаттарды: 1) Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын алу туралы өтінішті; 2) тұтынушының жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесін, ал тұлғаның өкілі оның өкілеттіктерін растайтын құжатын, сондай-ақ оның жеке басын куәландыратын құжатын; 3) төлегені туралы банктің белгісі бар Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын алғаны үшін алым енгізгені туралы құжатты ұсынуы тиіс. 12. Бланкілер күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады не Орталықтың консультанттарында болады. 13. Құжаттарды қабылдау «терезенің» арналуы және атқаратын функциясы туралы ақпарат ілінген, сондай-ақ Орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы көрсетілген «терезе» арқылы жүзеге асырылады. сұрау салудың нөмірін және қабылдау күнін; сұралып отырған мемлекеттік қызметтің түрін; қоса берілген құжаттардың саны мен атауын; құжаттарды беру күнін, уақытын және орнын; құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған Орталық инспекторының тегін, атын, әкесінің атын көрсете отырып, тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі. 15. Дайын құжаттарды тұтынушыларға беруді Орталық инспекторы «терезе» арқылы күн сайын мерзімі көрсетілген қолхат негізінде жүзеге асырады. 16. Уәкілетті орган Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беруден мынадай жағдайларда: 1) тиісті емес тұлға жүгінгенде; 2) осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттар толық ұсынылмағанда; 3) құжаттар тиісті түрде рәсімделмегенде бас тартады. Қызмет көрсетудің бекітілген мерзімінде уәкілетті орган кейіннен тұтынушыға (тұтынушының уәкілетті өкіліне) ұсыну үшін Орталыққа бас тартудың себебін көрсетіп хабарлама және телнұсқа алу үшін алым төлегенін растайтын құжаттың түпнұсқасын жолдайды. Телнұсқа алу үшін алым төлегені туралы құжатты тұтынушы Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын алуға қайтадан құжаттар тапсырғанда ұсына алады.
17. Уәкілетті орган мен Орталықтың қызметі адамның конституциялық құқықтарын, қызметтік борышын атқару кезіндегі заңдылықты сақтауға негізделеді және әдептілік, толық ақпарат беру, оның қорғалуын, сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарымен жүзеге асырылады.
18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді. 19. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті мен уәкілетті органдардың жұмыстары бағаланатын «Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік қызметтерінің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Әділет министрінің тиісті бұйрығымен бекітіліп отырады.
20. Орталық инспекторының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым беру тәртібін түсіндіру және өтініштерді дайындауға жәрдемдесу үшін тұтынушы осы стандарттың 2-қосымшасында телефондары көрсетілген Орталық басшыларына жүгінеді. 21. Көрсетілген қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым уәкілетті органдар басшысының атына демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін беріледі. Уәкілетті орган басшыларының телефондары мен мекенжайлары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген. Уәкілетті органдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің атына демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін беріледі. 22. Орталық қызметкерлері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда шағым Орталық басшысының немесе қарамағына Орталық кіретін Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетіне беріледі. Орталықтардың басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген, Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің мекенжайы мен телефоны осы стандарттың 26-тармағында көрсетілген. 23. Көрсетілген қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар. 24. Қолданыстағы заңда көрсетілген жағдайда шағымдар ауызша немесе жазбаша нысанда пошта немесе электронды түрде (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің электронды мекен-жайына: krs.opp@minjust.kz) не осы стандарттың 21 және 22 тармақтарында көрсетілген ұйымның кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады. Қажет жағдайда тұтынушылар шағымға уәкілетті органдар ұсынған мемлекеттік қызметтердің сапасыздығын және Орталық қызметкерлерінің дөрекі қызмет көрсеткенін растайтын құжаттарын қоса береді. 25. Шағымдардың пошта және қолма-қол қабылданғанын растау оларды Орталық немесе уәкілетті органның кеңсесінде жеке және заңды тұлғалар өтінішін журналға тіркеу болып табылады (шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатта мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу мерзімі қойылады). Тұтынушыға шағымды қабылдаған адам, оның шағымының қабылданғанын растайтын нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, байланыс деректері көрсетілген талон береді. Шағымдарды қарау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады. Шағымның қаралу нәтижесі туралы тұтынушыға пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады. 26. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, интернет ресурс: www.minjust.kz. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, № 276 кабинет, телефоны: 74-03-27, интернет-ресурс: http://mci.gov.kz/main/.
«Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымша
Уәкілетті органдардың тізімі мен мекенжайлары
«Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымша
Облыстардың, Алматы және Астана қалаларының халыққа қызмет көрсету орталықтарының тізімі мен мекенжайлары
«Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандартына 3-қосымша
Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |