|
|
|
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 20 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2011.28.05. № 596 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.06.09. № 1160 Қаулысымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысымен бекітілген
«Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайтадан куәліктер немесе анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет стандарты (2012.06.09. берілген өзгерістермен)
«Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламентін қараңыз
«Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайтадан куәліктер немесе анықтамалар беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) мекенжайлары осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларында көрсетілген аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - уәкілетті органдар) халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - орталық), сонымен қатар өтініш берушінің азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайтадан куәлік немесе анықтама алуға электрондық өтініш беру бөлігінде электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) болған жағдайда www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетіледі. Шалғай жатқан елді мекендердің тұрғындарының мемлекеттік қызмет көрсетуге қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметті Мобильді орталық арқылы көрсетуге жол беріледі. Шет елдерден азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайтадан куәліктер немесе анықтамалар талап етілген жағдайда аумақтық әділет органына жүгіну қажет. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: ішінара автоматтандырылған. 3. Мемлекеттік қызмет «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 178-бабы, «Салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 537-бабы, «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 7-бабы және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабы негізінде көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызметті көрсету туралы ақпарат: 1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында (электрондық мекенжайы: www.minjust.kz), сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және тізбесі осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген уәкілетті органдардың үй-жайларындағы стенділерде; 2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті «Халыққа қызмет көрсету» республикалық мемлекеттік кәсіпорынының (бұдан әрі - «Орталық» РМК): www.con.gov.kz интернет-ресурсында; 3) порталда; 4) ресми ақпарат көздерінде және тізбесі осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген орталықтардың үй-жайларындағы стенділерде орналастырылған. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты call-центр телефоны (1414) арқылы да алуға болады. 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі: 1) орталыққа жүгінген кезде: қағаз тасығышта қайтадан куәлік немесе ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында немесе қағаз тасығышта азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама не электрондық құжат нысанында қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап болып табылады. 2) порталда: қайтадан куәлік алғанда - электронды өтініштің қабылданғаны туралы хабарлама не уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап; электрондық нысандағы азаматтық хал актілерін тіркеу туралы ЭЦҚ қойылған анықтамалар не электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап алу болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының жеке тұлғаларына, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушылар) көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: уәкілетті орган арқылы жүгінген кезде: мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметті алушының осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды ұсынған кезінен бастап күнтізбелік 5 күн ішінде көрсетіледі (құжаттарды қабылдау күні мен беру күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді), ал дайын құжаттарды беру 5-күні жүргізіледі; республика бойынша Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік деректер қорының Орталық серверінде жеке тұлғалар туралы деректер болған кезде анықтамалар 1 жұмыс күні ішінде беріледі. азаматтық хал актілері жазбалары басқа аумақтық бірлікте тіркелген жағдайда, ол туралы мемлекеттік қызметті алушыны 2 жұмыс күні ішінде хабарландыра отырып, қызмет көрсету мерзімі ұзартылады, бірақ мерзімі 30 күннен аспайды (құжаттарды қабылдау және беру күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді); 2) мемлекеттік қызметті алушының өтініш берген күні сол орнында көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуды күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды; 3) мемлекеттік қызметті алушыға өтініш берген күні сол орнында көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт 20 минуттан аспайды. Портал арқылы жүгінген кезде - 30 минуттан аспайды. 8. Мемлекеттік қызметті көрсету ақылы. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін мемлекеттік баж белгіленеді. Мемлекеттік баж сомасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінде белгіленген мөлшерде есептеледі және заңдық маңызы бар іс-қимылдар жасалған және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдар немесе лауазымды тұлғалар құжаттарды берген орны бойынша төленеді. Мемлекеттік қызметті алуға портал арқылы электрондық сұрау салынған жағдайда төлеу «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүргізіледі. Орталықтарда мемлекеттік қызмет еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес күн сайын, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, үзіліссіз, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін жүзеге асырылады. Қабылдау «электрондық» кезекке тұру тәртібімен, жедел қызмет көрсетусіз жүргізіледі. Мобильдік орталықтар орталық бекіткен кестеге сәйкес құжаттар қабылдайды, бірақ бір елді мекенде кем дегенде алты жұмыс сағаты ішінде жүзеге асырады. Порталдың жұмыс кестесі - тәулік бойы. 10. Мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметті алушының тұратын жері бойынша орталық ғимаратында көрсетіледі, онда мүмкіндігі шектеулі мемлекеттік қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар қарастырылған. Залда анықтама бюросы, күту креслолары, толтырылған бланкілер үлгілері бар ақпараттық стенділер орналасқан.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушылар немесе оның уәкілетті өкілі орталыққа: 1) қайтадан куәліктерді немесе мұрағаттық анықтамаларды беру туралы белгіленген нысандағы өтінішті (осы стандарттың 3-қосымшасы); 2) бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжатты немесе салық жеңілдіктерін беруге негіз болатын құжатты; 3) өкілдің уәкілеттілігін растайтын құжат ұсынады. Мемлекеттік қызметті тұтынушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметті уәкілетті орган немесе орталық тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден орталықтардың ақпараттық жүйелері арқылы ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында алады. Қайтыс болуы туралы куәліктерден басқасы, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайтадан берілетін куәліктер тиісті акт жазбасы жасалған адамдарға, сондай-ақ, осы тұлға атынан (сенім білдірушіден) уәкілеттік ету үшін жазбаша (нотариалдық куәландырылған сенімхат) өкілеттік берілген басқа тұлғаға (сенім білдірген өкіл) беріледі. Қайтыс болу туралы қайтадан берілетін куәліктер қайтыс болған адамдардың мұрагерлерінің тізіміне кіретін туыстарына беріледі. Порталда мемлекеттік қызмет алу үшін: 1) мемлекеттік қызметті алушының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы; 2) мемлекеттік баждың бюджетке төленгені туралы мәлімет. Қайтыс болуы туралы куәліктерді қоспағанда, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайтадан берілетін куәліктер тиісті акт жазбасы жасалған адамдарға беріледі. Қайтыс болу туралы қайтадан берілетін куәліктер қайтыс болған адамдардың мұрагерлерінің тізіміне кіретін туыстарына беріледі. Мемлекеттік қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметті уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында портал арқылы алады. 12. Бекітілген нысандардағы өтініш бланкілері орталықтардың күту залындағы арнайы тағандарда, сонымен қатар «Орталық» РМК-ның: www.con.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. Порталға жүгінген кезде электрондық құжат нысанында сұрау салуды толтыру қажет. 13. Орталықтарда құжаттарды қабылдау операциялық залда «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы жүргізіледі. Порталда электрондық сұрау салу мемлекеттік қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүргізіледі. 14. Мемлекеттік қызметті алуға қажетті барлық құжаттарды тапсыру кезінде мемлекеттік қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы: 1) сұрау салудың қабылдаған нөмірі мен күні; 2) сұратылған мемлекеттік қызмет түрі; 3) қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары; 4) құжаттарды беру орны мен күні (уақыты); 5) құжаттарды рәсімдеуге қабылдаған орталық инспекторының аты, әкесінің аты, тегі; 6) мемлекеттік қызметті алушының аты, әкесінің аты, тегі, уәкілетті өкілінің аты, әкесінің аты, тегі, олардың байланыс телефондары көрсетілген қолхат беріледі. Порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті алушының порталдағы «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметті тұтынушының мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген сұрау салуды қабылдау туралы есеп-хабарлама жіберіледі. 15. Орталықта дайын құжаттарды мемлекеттік қызметті алушыға беруді орталық инспекторы «терезе» арқылы күн сайын қолхат негізінде онда көрсетілген мерзімде жүзеге асырады. Мемлекеттік қызметті алушы құжаттарды мерзімінде алуға келмеген жағдайларда орталық бір ай ішінде олардың сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды уәкілетті органға жібереді. Порталға жүгінген кезде қызмет көрсету нәтижесі мемлекеттік қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі. 16. Уәкілетті орган мен орталық мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбаған жағдайда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың толық ұсынылмағаны анықталған жағдайда (міндетті жолдардың толтырылмауын қоса алғанда), мемлекеттік қызметті алушыға құжаттар тапсырылғаннан кейін 2 жұмыс күні ішінде жазбаша түрдегі дәлелденген бас тарту беріледі. Уәкілетті органда құжаттарды сақтау және жою тәртібі ведомстволық нормативтік құқықтық актілермен айқындалады. Құжаттарды қабылдаудан бас тартылған жағдайда, орталық қызметкері мемлекеттік қызметті алушыға ұсынылмаған құжаттарды көрсете отырып, қолхат береді. Мемлекеттік қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелденген жауапты жазбаша түрде уәкілетті органнан немесе электрондық құжат түрінде порталдағы «жеке кабинетінен» алады.
17. Уәкілетті органның, орталықтың қызметі адамның конституциялық құқықтарын, қызметтік борышты өтеу кезінде заңдылықты сақтауға негізделеді және әдептілік, толық ақпарат ұсыну, оның сақталуын, қорғалуы мен құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттары бойынша жүзеге асырылады.
18. Мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижелерін осы стандарттың 4-қосымшасына сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшейді. 19. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасы және тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын осы мемлекеттік қызмет стандартын әзірлеуге жауапты мемлекеттік органның басшысының тиісті бұйрығымен бекітіледі.
20. Мемлекеттік қызметті алушы әрекетке (әрекетсіздікке) шағымдану тәртібін түсіндіру және шағымды дайындауға көмек көрсету үшін мекенжайлары және телефондары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген уәкілетті органға жүгінеді. Мемлекеттік қызметті алушы орталыққа немесе портал арқылы жүгінген кезде орталық қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты call-центр телефоны (1414) арқылы не осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар арқылы алуға болады. 21. Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым уәкілетті орган басшысының атына демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін беріледі. Уәкілетті органдар басшыларының телефондары мен мекенжайлары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген. Уәкілетті органдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетіне демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін беріледі. Орталықта шағым тікелей орталықтың басшысына беріледі. Орталықтың көрсеткен мемлекеттік қызметінің нәтижесімен келіспеген жағдайда шағым мекенжайы мен телефоны осы стандарттың 26-тармағында көрсетілген «Орталық» РМК-ге беріледі. 22. Орталықтың қызметкері тиісінше қызмет көрсетпеген жағдайда шағым орталық басшысының атына беріледі. Орталықтар басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген. Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқылы. 23. Шағым жазбаша түрде пошта арқылы немесе заңнамада көзделген жағдайларда электронды түрде не жұмыс күндері қолма-қол осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларында көрсетілген ұйымдардың кеңселері арқылы қабылданады. Шағымға уәкілетті органның мемлекеттік қызметті сапасыз көрсеткенін растайтын құжаттар қоса беріледі. 24. Қолма-қол арқылы да және пошта арқылы да уәкілетті органға түскен шағымның қабылданғанын растау оны уәкілетті органның кеңсесінде жеке және заңды тұлғалар өтініштері журналына тіркеу болып табылады (шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні қойылады). Мемлекеттік қызметті алушы шағымын қолма-қол өткізген жағдайда оны қабылдаған адам, оның шағымының қабылданғанын растайтын нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, байланыс деректері көрсетілген талон береді. Шағымды қарау нәтижесі туралы мемлекеттік қызметті алушыға жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады. Мемлекеттік қызметті алушы орталыққа жүгінген кезде. Пошта арқылы да және қолма-қол арқылы да түскен шағымның қабылданғанын растау оны орталықтың немесе «Орталық» РМК-сі кеңсесінде тіркеу болып табылады (шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні қойылады). Мемлекеттік қызметті алушының шағымын қабылдаған адам, оның шағымының қабылданғанын растайтын нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, байланыс деректері көрсетілген талон береді. Шағымды қарау нәтижесі туралы мемлекеттік қызметті алушыға жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады. Портал арқылы жүгінген кезде. Портал арқылы өзінің «жеке кабинетінен» электрондық өтініш жібергеннен кейін мемлекеттік қызметті алушыға өтінішті мемлекеттік органда өңдеу барысында (табыс етілуі туралы белгі, тіркеу, орындау, қарау туралы жауап немесе қараудан бас тарту) жаңартылып отырылатын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады. Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіпте және мерзімде жүргізіледі. 25. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, интернет-ресурс: www.minjust.kz. 26. «Орталық» РМК-ның мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, 43А үй, телефон: 87172-94-99-95, интернет-ресурс: www.con.gov.kz.
«Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайтадан куәліктер немесе анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымша
Облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының
«Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайтадан куәліктер немесе анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымша
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының тізімі мен мекенжайлары
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |