|
|
|
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 20 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2011.28.05. № 596 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.06.09. № 1160 Қаулысымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысымен бекітілген
«Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, (2012.06.09. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге де мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустерден шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» электрондық мемлекеттік қызмет регламентін қараңыз
1. «Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустерден шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет көрсету) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті (бұдан әрі - Комитет) және мекенжайлары осы стандартқа 2-қосымшасында көрсетілген облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әділет департаменттері (бұдан әрі - уәкілетті органдар) мекенжайлары осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - орталық) арқылы көрсетіледі. Шалғай жатқан елді мекендердің тұрғындарының мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Мобильді орталық арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге жол беріледі. Сонымен қатар, электрондық апостильдеу үшін өтініш беру бөлігінде мемлекеттік қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда (бұдан әрі - ЭЦҚ) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы. Комитеттің заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, № 13-кіреберіс. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған. 3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасының Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын конвенцияға қосылуы туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 желтоқсандағы Заңы, «Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенция (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 545 қаулысы және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабы негізінде көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат: 1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында (электрондық мекенжайы: www.minjust.kz), сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және тізбесі осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген уәкілетті органдардың үй-жайларындағы стенділерде; 2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті «Халыққа қызмет көрсету» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі - «Орталық» РМК): www.con.gov.kz интернет-ресурсында; 3) ресми ақпарат көздерінде және тізбесі осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген орталықтардың үй-жайларындағы стенділерде; 4) порталда орналастырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты сонымен қатар call-центр телефоны (1414) арқылы да беріледі. 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі қағаз жүзінде «апостиль» мөртаңбасы бар құжаттарды беру (осы стандартқа 3-қосымша), не электрондық құжат нысанында немесе қағаз жүзінде дәлелді бас тарту туралы жауап беру болып табылады. Порталда - құжаттарды апостиль қою үшін электрондық өтінішті қабылдау туралы хабарлама алу, не электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет алушылар) көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: Комитетте - мемлекеттік қызмет алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды ұсынған кезден бастап 1 жұмыс күні (қабылдау күні мен беру күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді); уәкілетті органда мемлекеттік қызмет алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды ұсынған кезден бастап 2 жұмыс күн ішінде көрсетіледі (қабылдау күні мен беру күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді). Тиісті құжаттарды қосымша тексеру қажет болған жағдайда, мемлекеттік қызмет алушыны 2 жұмыс күні ішінде хабарландыра отырып, қызмет көрсету мерзімі 10 күнтізбелік күнге дейін ұзартылады, ұйымның қол таңба мен мөр үлгісін сұрату қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі күнтізбелік 30 күнге дейін ұзартылады (қабылдау және беру күндері мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді); 2) мемлекеттік қызмет алушы жүгінген жерде, сол күні мемлекеттік қызмет көрсетуді алғанға дейінгі кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды; 3) мемлекеттік қызмет алушы жүгінген жерде, сол күні алушыға мемлекеттік қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды. 8. Мемлекеттік қызмет ақылы көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін мемлекеттік баж белгіленеді. Мемлекеттік баж сомасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінде белгіленген мөлшерде есептеледі және заңдық маңызы бар іс-қимылдар жасалған және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдар немесе лауазымды тұлғалар құжаттарды берген орны бойынша төленеді. Мемлекеттік бажды төлеу үшін қажет Комитеттің банктік деректемелері осы стандартқа 4-қосымшада көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін портал арқылы электрондық сұрау салынған жағдайда, төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады. мемлекеттік қызмет еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс кестесіне сәйкес күн сайын, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, түскі үзіліссіз, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін жүзеге асырылады. Қабылдау жедел қызмет көрсетусіз, «электрондық» кезекке тұру тәртібімен жүргізіледі. Мобильдік орталықтар бекітілген орталықпен кестеге сәйкес құжаттар қабылдайды, бірақ бір елді мекенде кем дегенде алты жұмыс сағаты ішінде жүзеге асырады. Порталдың жұмыс кестесі - тәулік бойы. 10. Мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызмет алушының тұрған жері бойынша орталық ғимаратында көрсетіледі, онда мүмкіндігі шектеулі мемлекеттік қызмет алушылар үшін жағдайлар қарастырылған. Залда анықтама бюросы, күту креслолары, толтырылған бланкілер үлгілері бар ақпараттық стенділер орналасқан.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызмет алушылар не оның уәкілетті өкілі мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін: орталыққа: 1) белгіленген нысандағы өтінішті (осы стандартқа 5-қосымша); 2) апостиль қойылуға тиіс құжатты; 3) бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжатты; 4) өкілдің өкілеттігін растайтын құжатты ұсынады. Мемлекеттік электрондық ресурс болып табылатын құжаттардың мәліметтерін уәкілетті орган және орталық тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен орталықтың ақпараттық жүйесі арқылы ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында алады. Порталда мемлекеттік қызмет алу үшін: 1) мемлекеттік қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында сұрау салуды; 2) апостиль қойылуға тиіс құжат сканерленген көшірмесі түрінде электрондық сұрау салуға тіркеледі; 3) бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін туралы мәліметті; 4) мемлекеттік қызмет алушының жеке басын куәландыратын мәліметті ұсынады. Мемлекеттік электрондық ресурс болып табылатын мәліметтерді уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен портал арқылы ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында алады. Орталық қызметкері құжаттардың түпнұсқаларының дұрыстығын мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтермен салыстырады, кейін түпнұсқаларды мемлекеттік қызмет алушыға қайтарады. 12. Бекітілген нысандардағы өтініш бланкілері орталықтардың күту залындағы арнайы тағандарда, сондай-ақ «Орталық» РМК-ның: www.con.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады. Порталға жүгінген кезде электрондық құжат нысанында сұрау салуды толтыру қажет. 13. Құжаттарды қабылдау мекенжайлары осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген орталықтарда операциялық залда «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы жүргізіледі. Порталда электрондық сұрау салу мемлекеттік қызмет алушының «жеке кабинетінде» жүргізіледі. 14. Мемлекеттік қызметті алуға қажетті құжаттарды қабылдау кезінде мемлекеттік қызмет алушыға: 1) сұрау салудың қабылдаған нөмірлері мен күндері; 2) сұратылған мемлекеттік қызмет түрі; 3) қоса берілген құжаттардың саны; 4) құжаттарды беру күні, уақыты мен орны; 5) құжаттарды ресімдеуге қабылдаған орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген тиісті құжаттар қабылданғаны туралы қолхат беріледі. Порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет алушының порталдағы «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызмет алушының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген сұрау салуды қабылдау туралы есеп-хабарлама жіберіледі. 15. Дайын құжаттарды мемлекеттік қызмет алушыға беруді орталықтың қызметкері «терезе» арқылы күн сайын онда көрсетілген мерзімде қолхат негізінде жүзеге асырады. Портал арқылы жүгінген кезде қызмет көрсету нәтижесі мемлекеттік қызмет алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі. 16. Орталық мемлекеттік қызмет алушының осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуін ұсынбаған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тартады. Құжаттарды қабылдаудан бас тартылған жағдайда орталық қызметкері мемлекеттік қызмет алушыға ұсынылмаған құжаттарды көрсете отырып қолхат береді. Мемлекеттік қызмет алушы құжаттарды мерзімінде алуға келмеген жағдайларда орталық 1 ай ішінде оның сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оны уәкілетті органға жібереді. Мемлекеттік қызмет алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты уәкілетті органда жазбаша түрде немесе порталдағы «жеке кабинетінде» электрондық құжат түрінде алады.
17. Комитеттің, уәкілетті органның және орталықтардың қызметі адамның конституциялық құқықтарын, қызметтік борышын өтеу кезіндегі заңдылықты сақтауға және әдептілік, толық ақпаратты ұсыну, оның сақталуын, қорғалуы мен құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.
18. Мемлекеттік қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелері осы стандартқа 6-қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді. 19. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасы және тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын осы мемлекеттік қызмет стандартын әзірлеуге жауапты мемлекеттік органның басшысының тиісті бұйрығымен бекітіледі.
20. Әрекетке (әрекетсіздікке) шағымдану тәртібін түсіндіру және шағымды дайындауға көмек көрсету үшін мемлекеттік қызмет алушы мекенжайлары және телефондары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген уәкілетті органға жүгінеді. Мемлекеттік қызмет алушы орталыққа және портал арқылы жүгінген кезде орталық қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты call-центр телефоны (1414) арқылы не осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар арқылы алуға болады. 21. Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым уәкілетті орган басшысының атына демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін беріледі. Уәкілетті органдар басшыларының телефондары мен мекенжайлары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген. Уәкілетті органдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетіне демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін беріледі. Орталықта шағым тікелей орталықтың басшысына беріледі. Орталықтың жауабымен келіспеген жағдайда шағым мекенжайы мен телефоны осы стандарттың 26-тармағында көрсетілген «Орталық» РМК-на беріледі. 22. Орталықтың қызметкері тиісінше қызмет көрсетпеген жағдайда шағым орталық басшысының атына беріледі. Орталықтардың басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген. Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызмет алушы заңнамада белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқылы. 23. Шағым жазбаша түрде пошта арқылы немесе заңнамада көзделген жағдайларда электронды түрде не жұмыс күндері қолма-қол осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларында көрсетілген ұйымдардың кеңселері арқылы қабылданады. Шағымға уәкілетті органның мемлекеттік қызметті сапасыз көрсеткенін растайтын құжаттар қоса беріледі. 24. Қолма-қол арқылы да және пошта арқылы да уәкілетті органға түскен шағымның қабылданғанын растау оны уәкілетті органның кеңсесінде жеке және заңды тұлғалар өтініштері журналына тіркеу болып табылады (шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатта мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні қойылады). Мемлекеттік қызмет алушы шағымын қолма-қол өткізген жағдайда оны қабылдаған адам, оның шағымының қабылданғанын растайтын нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, байланыс деректері көрсетілген талон береді. Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіпте және мерзімде жүргізіледі. Мемлекеттік қызмет алушы орталыққа жүгінген кезде қолма-қол арқылы да және пошта арқылы да түскен шағымның қабылданғанын растау оны орталықтың немесе «Орталық» РМК-ның кеңсесінде тіркеу болып табылады (шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні қойылады). Мемлекеттік қызмет алушының шағымын қабылдаған адам, оның шағымының қабылданғанын растайтын нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, байланыс деректері көрсетілген талон береді. Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіпте және мерзімде жүргізіледі. 26. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, интернет-ресурс: www.minjust.kz. «Орталық» РМК-ның мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, 43 А үй, телефон: 87172-94-99-95, интернет-ресурс: www.con.gov.kz.
«Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустерден шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымша
Облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының
«Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустерден шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымша
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының тізімі мен мекенжайлары
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |