Ұлттық басқарушы холдинг, Ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесін бекіту туралы (2009.30.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2010 жылғы 30 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесі бекітілсін. 2. Ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар акцияларының пакеттеріне иелік ету және пайдалану құқықтарын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2009 жылғы 28 мамырдағы № 787 қаулысымен бекітілген
Ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесі (бұдан әрі - Үлгі ереже) «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңына сәйкес әзірленді. Ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар Үлгі ереженің негізінде Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру ережесін (бұдан әрі - Сатып алу ережесі) әзірлейді және бекітеді. 2. Осы Үлгі ережеде пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар: 1) әлеуетті өнім беруші - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (Қазақстан Республикасының заңдарында олар үшін өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда), сатып алу туралы шарт жасасуға үміткер заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум); 2) жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушінің қазақстандық қамтуы - мыналардың: өнім беруші тікелей де және қосалқы мердігерлік шарттарын жасасу арқылы да жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шартты орындау үшін сатып алатын отандық тауар өндірушілердің тауарлары; өнім беруші тікелей де және қосалқы мердігерлік шарттарын жасасу арқылы да жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шартты орындау үшін жалдаған резидент жеке тұлғалардың еңбекақы құнының сатып алу туралы шарттың жалпы құнына пайыздық мәні. 3) отандық жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушілер - Қазақстан Республикасының жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жөніндегі жергілікті еңбек ресурстарының кемінде тоқсан бес пайызын пайдаланатын Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын жеке және (немесе) заңды тұлғалар; 4) отандық кәсіпкерлер - Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын әлеуетті өнім берушілер; 5) отандық тауар өндірушілер - Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын және мыналарды: Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 34-бабында санамаланған, толығымен Қазақстан Республикасында өндірілген тауарларды; Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 35-бабында белгіленген жеткілікті өңдеу өлшемдеріне сәйкес Қазақстан Республикасында жеткілікті өңделген тауарларды өндіретін әлеуетті өнім берушілер (бұдан әрі - отандық тауар өндірушілер) - жеке және (немесе) заңды тұлғалар; 6) өнім беруші - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда), тапсырыс берушімен сатып алу туралы жасалған шартта оның контрагенті ретінде әрекет ететін заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум); ҚР Үкіметінің 2009.02.11. № 1732 Қаулысымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 7) сатып алу - мыналарды: еңбек шарттары бойынша жеке тұлғаларда не қызметтерді өтемді көрсету шарттары бойынша кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын жеке тұлғаларда жүзеге асырылатын қызметтерді сатып алуды; жарналарды (салымдарды), оның ішінде жаңадан құрылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталына салуды; Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдар қаржыландыратын инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды; Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі, банктер және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынған лицензиялардың негізінде банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жүзеге асыратын банктік операцияларды жүргізуге байланысты қаржы қызметтерін сатып алуды қоспағанда, тапсырыс берушінің жұмыс істеуін, сондай-ақ функцияларын не жарғылық қызметін орындауын қамтамасыз ету үшін қажет тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тапсырыс берушілердің осы Үлгі ережеде, сондай-ақ азаматтық заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын ақылы негізде сатып алуы; Қазақстан Республикасының электр энергетикасы, электр және (немесе) жылу энергиясы туралы заңнамасына сәйкес орталықтандырылған сауда-саттықта, спот нарығында Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын білікті энергия өндіруші ұйымдардан теңгерімделген электр энергиясын, электр энергиясын сатып алу; теңіз портында алынатын алымдар мен төлемдерді төлеу; іссапар шығыстарына өтемақы төлеу; басқару органының және бақылау кеңесінің мүшелеріне сыйақылар төлеу; «Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерден Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын ауыл шаруашылығы өнімдерін және оның өңделген өнімдерін, сондай-ақ оларды сақтау, өңдеу және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу; 8) сатып алуды ұйымдастырушы - сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу рәсімдерін орындауға жауапты өзінің құрылымдық бөлімшесі атынан тапсырыс беруші не сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу рәсімдерін орындау мақсатында тапсырыс беруші анықтаған заңды тұлға; 9) тапсырыс берушілер - ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар; 10) тауарларды берушінің қазақстандық қамтуы - өнім беруші осы тауарларды сатып алу туралы шартты орындау үшін сатып алатын отандық тауар өндірушілердің тауарлары құнының сатып алу туралы шарттың жалпы құнына пайыздық мәні. 3. Үлгі ереже негізінде бекітілетін Сатып алу ережесі талаптарды қамтуы және мыналарды: 1) инвестициялық жобаларды тиімді іске асыруды; 2) әлеуетті өнім берушілерге сатып алуды жүргізу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер ұсынуды; 3) әлеуетті өнім берушілер арасында адал бәсекелестікті; 4) сатып алу процесінің жариялылығы мен айқындылығын; 5) отандық кәсіпкерлерді қолдауды; 6) сатып алуда қазақстандық қамтуды арттыруды; 7) сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны ұтымды және тиімді жұмсауды қамтамасыз етуі тиіс.
4. Сатып алу процесі мыналарды қамтиды: 1) сатып алу жоспарын әзірлеу және бекіту; 2) өнім берушіні таңдау; 3) сатып алу туралы шарт жасасу және оны орындау. 5. Тапсырыс беруші тиісті бюджеттің (бизнес-жоспардың, кірістер мен шығыстардың сметасы) негізінде сатып алу жоспарын әзірлейді және бекітеді, ол мынадай мәліметтерді қамтиды: 1) жылдар бойынша орта мерзімді кезеңге арналған сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген соманы қоса алғанда, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы. Жұмыстардың номенклатурасы осы жұмыстарды орындау шеңберінде сатып алынатын тауарлардың көлемі туралы мәліметтерді қамтуы тиіс; 2) сатып алуды жүзеге асыру тәсілі; 3) тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің жоспарланатын мерзімі мен орны; 4) аяқтау мерзімі бар сатып алу туралы шарттар жасасқан жағдайда әрбір қаржы жылына бөлінген және көзделген соманың шегінде кестеге және жылдар бойынша белуге сәйкес тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің жоспарланатын мерзімі. ҚР Үкіметінің 2009.30.12. № 2305 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 6. Тапсырыс беруші сатып алу жоспарын бекіткен күннен бастан бес жұмыс күні ішінде оны интернет-ресурсқа орналастырады. 7. Сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімді тапсырыс беруші бекітілген сатып алу жоспарының негізінде қабылдайды. 8. Бекітілген сатып алу жоспарында көзделмеген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жол берілмейді. 9. Тапсырыс беруші тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді берушіні таңдауға қатысты сатып алу рәсімдерін бюджет (бизнес-жоспар, кірістер мен шығыстар сметасы) пен сатып алу жоспары бекітілгенге дейін жүзеге асыра алады. Бұл ретте бюджеттің (бизнес-жоспардың, кірістер мен шығыстар сметасының) және өнім берушіні таңдауға қатысты сатып алу рәсімдері жүзеге асырылған тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер бойынша сатып алу жоспарының бекітілуі сатып алу туралы шартты жасасу талабы болып табылуы тиіс. 10. Сатып алу тәсілін тапсырыс берушілер Сатып алу ережесінің негізінде дербес таңдайды. 11. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше белгіленбесе, тапсырыс беруші сатып алуды мынадай тәсілдермен жүзеге асырады: 1) тендер; 2) баға ұсыныстарын сұрату; 3) ұйымдастырылған электрондық сауда-саттықта; 4) тауар биржалары арқылы; 5) бір көзден сатып алу. 12. Осы Үлгі ереженің 11-тармағында көзделген тәсілдермен сатып алуды жүргізу рәсімдерін тапсырыс беруші Сатып алу ережесін әзірлеген кезде белгілейді. Тапсырыс беруші Сатып алу ережесінде өнім берушіні таңдау кезінде қазақстандық қамтудың басымдығын көздейді. 13. Сатып алуды ұйымдастыру рәсімдерін орындау және жүргізу үшін тапсырыс беруші сатып алуды ұйымдастырушыны анықтайды. Сатып алуды ұйымдастырушыны анықтау тәртібі Сатып алу ережесінде көзделеді. 14. Тендер тәсілімен сатып алу Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 915-бабына сәйкес жүзеге асырылады. 15. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу біртекті тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге жүзеге асырылады, бұл ретте өнім берушіні таңдау кезінде ол ұсынған баға шешуші шарт болып табылады. 16. Ұйымдастырылған электрондық сауда-саттықта сатып алу Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді нақты уақыт режимінде сатып алуды қамтамасыз ететін электрондық сауда жүйелері арқылы жүзеге асырылады. 17. Тауарларды тауар биржалары арқылы сатып алу Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. ҚР Үкіметінің 2009.02.11. № 1732 Қаулысымен 18-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 18. Тапсырыс берушінің бір көзден сатып алуы мынадай жағдайларда жүзеге асырылады: 1) егер осы Үлгі ереженің 11-тармағының 1) 4) тармақшаларында көзделген тәсілдердің бірімен сатып алу өтпеді деп танылса; 2) қандай да бір өнім берушіден тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алған тапсырыс берушіде сол өнім берушімен қолда бар тауарлармен, жабдықпен, технологиямен жұмыстармен немесе көрсетілетін қызметтермен біріздендіру, стандарттау немесе үйлесімділікті қамтамасыз ету мақсатында басқа да сатып алуларды жүргізу қажеттілігі туындаса; 3) аралық соттағы дауды шешуге байланысты төрелік алымдарды, шығыстарды төлесе; 4) егер тиісті күнтізбелік жылға арналған сатып алу жоспарында көзделген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің біртекті түрлерінің жалпы сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын болса, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу; 5) егер тапсырыс берушінің алқалық атқарушы орган/қадағалаушы кеңес (алқалық атқарушы орган/қадағалаушы кеңес болмаған жағдайда басқару органы/жоғары орган (қатысушылардың жалпы жиналысы) бекіткен тізбе бойынша күнделікті және (немесе) апта сайынғы мұқтажды сатып алуды жүзеге асыру қажеттілігі болғанда (хабарландыру берген сәттен бастап және тендердің қорытындылары бойынша шарт жасасқанға дейінгі кезеңде), тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу; 6) төтенше жағдай салдарларын оқшаулау және (немесе) жою үшін, электр энергетикасы объектілеріндегі, тіршілікті қамтамасыз ететін коммуникациялық жүйелердегі, темір жол, әуе, автомобиль, теңіз көлігі, байланыс объектілеріндегі, тазарту құрылыстарындағы, мұнай құбырларындағы, газ құбырларындағы және өзге қауіпті өндірістік объектілердегі аварияларды жою үшін, сондай-ақ коммуникациялардың, тетіктердің, агрегаттардың, қосалқы бөлшектердің және материалдардың тасымал жолда тез арада қалпына келтіруді талап ететін сынуы, істен шығуы туындаған кезде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу; 7) оқшауланған бөлімшенің қызметін қамтамасыз ету үшін тапсырыс берушінің оқшауланған бөлімшелерінің шет мемлекеттің аумағында (Қазақстан Республикасының аумағынан тыс) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы; 8) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тұлғадан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу; 9) сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге қатысты айрықша құқықтары бар тұлғадан зияткерлік меншік объектілері болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу; 10) табиғатты пайдалану құқығын сатып алу; 11) стратегиялық маңызы бар өндірістер үшін шикізат ресурсы болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін және алқалық орган/бақылау кеңесі (алқалық атқару органы/бақылау кеңесі болмаған жағдайда басқару органы/жоғарғы орган (қатысушылардың жалпы жиналысы) бекіткен тауарлар тізбесі бойынша шетелден сатып алынатын тауарларды сатып алу; 12) тапсырыс берушінің алқалық атқарушы орган/бақылау кеңесі (алқалық атқарушы орган/бақылау кеңесі болмаған жағдайда басқару органы/жоғарғы орган (қатысушылардың жалпы жиналысы) бекіткен тізбе бойынша тауарларды кейіннен өңдеу мақсатында сатып алу; 13) көрмелердің, семинарлардың, конференциялардың, кеңестердің, форумдардың, симпозиумдардың, тренингтердің материалдарын сатып алу, сондай-ақ көрсетілген іс-шараларға қатысқаны үшін ақы төлеу; 14) қағаздағы және (немесе) электрондық жеткізгіштердегі мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпаратты шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ веб-сайттарда орналастырылған ақпараттарды ұсыну жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, әр түрлі магниттік жеткізгіштерде басылған дыбыстандырылған кітаптарды, көзі көрмейтін мүгедектерге қызмет көрсету үшін рельефтік-нүктелік шрифтімен, тифлоқұралмен басылған кітаптарды сатып алу; 15) мамандандырылған кітапханалардың қызметтерін сатып алу; 16) халықаралық ақпарат ұйымдарының ақпарат ұсыну жөніндегі қызметтерін сатып алу; 17) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты жүзеге асыратын ұйымдардың «Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың құрамына кіретін өнімді өндіру үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы; 18) ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда, сондай-ақ ерекше қауіпті жұмыстармен, машиналармен және тетіктермен байланысты жұмыстарда істейтін қызметкерлерді міндетті медициналық тексеру жөніндегі қызметтерді сатып алу; 19) теңіз агенті, теңіз брокері қызметін сатып алу; 20) мемлекеттік метрологиялық бақылауды тарату аясында қолданылатын өлшеу құралдарын тексеру жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу; 21) уақытша бос ақшаны орналастыруға байланысты қазынашылық операцияларды жүзеге асыру кезінде бағалы қағаздарды сатып алу; 22) тапсырыс берушінің негізгі қызметі шеңберінде жүзеге асырылатын уран мен оның қосылыстарын сатып алу; 23) өздерінің орналасқан жерінің құпиялығын сақтауды көздейтін объектілердегі жұмыстарды сатып алу; 24) егер мұндай тауарлар Қазақстан Республикасының аумағында соңғы үш жыл ішінде өндірілмеген болса, Тапсырыс берушінің техникалық шарттары бойынша Қазақстан Республикасында сериялы тауар өндірісін ұйымдастыруды көздейтін отандық тауар өндірушілерден ұзақ мерзімді шарттар бойынша тауарлар сатып алу; 25) мүлікті сенімді басқару бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу; 26) тапсырыс берушінің: мемлекеттік сатып алу туралы заңнама шеңберінде ол өнім беруші ретінде жасаған мемлекеттік сатып алу туралы; тендердің қорытындылары бойынша Сатып алу ережесі шеңберінде ол өнім беруші ретінде жасаған сатып алу туралы шарт бойынша; жер қойнауын пайдалану туралы заңнамаға сәйкес жүргізілген тендер қорытындылары бойынша шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы; 27) Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы субъектілерінің авиаотынды тікелей отандық мұнай өңдеуші кәсіпорындардан сатып алуы; 28) тапсырыс берушіден, сондай-ақ құрылтайшылары тапсырыс берушілер болатын мекемелерден тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу не олардың қызметінің негізгі мәні бойынша дауыс беруші акцияларының (қатысу үлестерінің) жиырма бес немесе одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде тапсырыс берушілерге тиесілі заңды тұлғалардан тапсырыс берушілердің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы; 29) инвестициялық стратегиялық жобаларды іске асыру мақсатында тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу; 30) жаңа технологияны енгізуге байланысты сол технологияның меншік иесінен жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді сатып алу; 31) жоба алдындағы құжаттаманы дайындау бойынша жұмыстардың негізгі көлемін тиесілі түрде орындаған өнім берушіден жобалау бойынша жұмыстарды сатып алу; 32) жобалық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігінен туындайтын жобалық құжаттаманы әзірлеген өнім берушіден жобалау бойынша жұмыстарды сатып алу; 33) Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе басқа елдердің заңнамасында белгіленген бағалар, тарифтер, жиындар мен төлемдер бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу; 34) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес реттелетін қызметтер бойынша табиғи монополия субъектісінен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу; 35) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынатын белгілі бір нарықта үстем (монополиялық) жағдайға ие, осындай нарықта үлесі 100 (бір жүз) пайызға тең болатын тұлғадан не мемлекеттік монополия субъектісінен оның қызметінің негізгі мәні бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу; 36) қосылған желі арқылы табиғи газды, суды, сумен жабдықтау қызметін және жылу энергиясын сатып алу; 37) өкілдік шығыстарға байланысты тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу; 38) мыналарды: Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамасына сәйкес сот орындаушылары өткізетін; Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасына сәйкес өткізілетін; Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес өткізілетін; мемлекеттік мүлікті жекешелендіру кезіндегі сауда-саттықта (аукциондарда) сатылатын мүліктерді (активтерді) сатып алуы; 39) халықаралық коммерциялық төреліктерде және шетелдік сот органдарында мемлекеттің не тапсырыс берушілердің мүдделерін қорғау мен білдіру жөніндегі консультациялық және заң қызметтерін сатып алу; 40) халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу; 41) лизинг қызметін жүзеге асыру кезінде тауарларды кейіннен лизингке беру үшін, сондай-ақ сатып алуға, жеткізу мен лизинг мәнін жұмыс жағдайына келтіруге тікелей байланысты тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу; 42) емделушінің өміріне қауіп төнген жағдайда дәрілік заттарды сатып алу; 43) қызметкерлерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөнінде көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын, техникалық көмекті, тестік аккредиттеуді және аккредитттеуді қамтитын холдинг клиникаларын халықаралық аккредиттеуге дайындау жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу; 44) мемлекеттік тапсырысты орындау шеңберінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу; 45) кіреберіс жолдарды пайдалану қызметтерін сатып алу; 46) жерсерік ресурсын жалға беру жөніндегі қызметтерді сатып алу; 47) теле бағдарламаларды, оның ішінде жерсеріктер және жер үсті құрылыстары арқылы тарату, трансляциялау жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу; 48) бейне/аудиоматериалдарды жіберу бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу; 49) рейтингтік агенттіктердің, қаржы қызметтерінің қызметтерін сатып алу; 50) ағындарды (кәріз) бұру қызметтерін сатып алу; 51) мамандандырылған авиажөндеу кәсіпорындарында авиациялық техниканы жөндеу жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу; 52) электр энергиясын, оның ішінде холдингке кіретін энергия жабдықтаушы ұйымнан сатып алу; 53) заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыру үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу; 54) темір жолда жол жүру құжаттарын (билеттерін) ресімдеу және сату жөніндегі қызметтерді сатып алу. 19. Тапсырыс беруші осы Үлгі ереженің 11-тармағында көзделген тәсілдермен сатып алу қорытындыларын шығарғаннан кейін өнім берушімен Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес сатып алу туралы шарт жасасады. 20. Қазақстан Республикасының резидент емесімен сатып алу туралы шарт жасасқан жағдайда Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, ол ұсынатын нысанда сатып алу туралы шартты ресімдеуге жол беріледі. 21. Сатып алу ережесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қосымша талаптарды қамтуы мүмкін.
|