Көліктегі ішкі істер органдарының патрульдік полициясы саптық бөліністерінің жолаушылар поездарына ілесіп жүруін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы (2020.06.02. берілген өзгерістермен)
ҚР Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 2 ақпандағы № 115 бұйрығымен күші жойылды
Темір жол көлігі объектілерінде құқықтық тәртіпті нығайту, қылмыстар мен құқық бұзушылардың алдын алу және жолын кесу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жолаушылардың және поезд бригадалары жұмыскерлерінің жеке меншігін сақтауды, құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Көліктегі ішкі істер органдарының патрульдік полициясы саптық бөліністерінің жолаушылар поездарына ілесіп жүруін ұйымдастыру туралы нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) бекітілсін. 2. Көліктегі ішкі істер департаменттерінің бастықтары: 1) көліктегі ішкі істер органдары мен бөліністері жеке құрамының осы Нұсқаулықты зерделеуін қамтамасыз етсін; 2) Нұсқаулыққа сәйкес Қазақстан Республикасының аумағы бойынша барлық жүру бағыты бойында полиция жасақшаларының жолаушылар поездарына ілесіп жүруін ұйымдастырсын. 3. «Көліктегі ІІБ-нің жолаушылар поездарына ілесіп жүру жөніндегі патрульдік полиция бөлімшелері туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Ішкі істер министрінің 2000 жылғы 5 желтоқсандағы № 664 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1340 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын. 4. Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Әкімшілік полиция комитеті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры А.В.Кулиничке және Әкімшілік полиция комитетіне жүктелсін. 6. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|