ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2011.31.03. № 336 Қаулысымен стандарт жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 ақпандағы № 140 қаулысымен бекітілген
«Кәмелетке толмаған балаларға тиесілі тұрғын үй алаңын айырбастауға немесе сатуға (2011.01.12. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызмет осы стандарттың 1, 2-қосымшаларына сәйкес Астана қаласының білім басқармасы, қалалық және аудандық білім бөлімдері (бұдан әрі - білім бөлімдері), сондай-ақ баламалы негізде халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - орталықтар) арқылы көрсетіледі. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 22 - 24-баптары, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-тармағы, «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 58, 114-баптары және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік мекемелерін - халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулысы негізінде жүзеге асырылады. 4. Мемлекеттік қызмет тәртібі туралы толық ақпарат тізбесі осы стандарттың 1, 2-қосымшаларында көрсетілген білім бөлімдері мен орталықтардың фойесінде, сондай-ақ көрсетілген ұйымдардың интернет-ресурстарында орналасады. 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны 4-қосымшаға сәйкес кәмелетке толмаған балаларға тиесілі тұрғын үй алаңын айырбастауға немесе сатуға рұқсат беру үшін нотариалды кеңсеге анықтама беру (бұдан әрі - анықтама) не қызмет көрсетуден бас тартудың дәлелді жауабын ұсыну болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|