Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігінiң мәселелерi (2009.28.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2010 жылғы 13 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы» 2004 жылғы 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берiліп отырған: 1) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі туралы ереже; 2) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi бекітілсiн. ҚР Үкіметінің 2006.27.02. № 134 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 2. ҚР Үкіметінің 2007.06.12 № 1193 Қаулысымен алынып тасталды (бұр.ред.қара) 3. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгінiң Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетi мен Темір жол көлігі комитетi Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігінiң Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетiне қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын. 4. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігінiң Қатынас жолдары комитетi құрылсын. 5. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерi Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерi болып қайта ұйымдастырылсын. 6. Қоса берiлiп отырған: 1) ҚР Үкіметінің 2007.06.12 № 1193 Қаулысымен алынып тасталды (бұр.ред.қара) 2) ҚР Үкіметінің 2007.06.12 № 1193 Қаулысымен алынып тасталды (бұр.ред.қара) 3) ҚР Үкіметінің 2007.06.12 № 1193 Қаулысымен алынып тасталды (бұр.ред.қара) 4) ҚР Үкіметінің 2007.06.12 № 1193 Қаулысымен алынып тасталды (бұр.ред.қара) ҚР Үкіметінің 2007.06.12 № 1193 Қаулысымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 5) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерiнiң тiзбесi; 6) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі Көлiктiк бақылау комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерiнiң тiзбесi; ҚР Үкіметінің 2007.06.12 № 1193 Қаулысымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 7) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi; 8) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi бекітілсiн; ҚР Үкіметінің 2005.29.12. № 1305 қаулысымен 9) тармақшамен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2007.06.12 № 1193 Қаулысымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 9) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі. ҚР Үкіметінің 2006.27.02. № 134 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 7. ҚР Үкіметінің 2007.06.12 № 1193 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 8. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын. 9. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігi осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын. 10. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi. Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 2007.06.12 № 1193 Қаулысымен қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 қаулысымен Бекітілген
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі көлік және коммуникация саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу және іске асыру мәселелері бойынша басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы (бұдан әрі - Министрлік) болып табылады. Министрліктің мынадай ведомстволары бар: Автомобиль жолдары комитеті, Азаматтық авиация комитеті, Көлік және қатынас жолдары комитеті, Көліктік бақылау комитеті. 2. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады. 4. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 5. Министрліктің, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. 6. Министрлік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен, Министрдің бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды. 7. Министрліктің штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. 8. Министрліктің заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 47. 9. Министрліктің толық атауы - «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі» мемлекеттік мекемесі. 10. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады. 11. Министрліктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. 12. Министрліктің кәсіпкерлік субъектілерімен Министрліктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәніне шарттық қатынастарға түсуіне тыйым салынады. Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Министрліктің негізгі міндеттері мен функциялары
13. Министрліктің оның қызметі аясындағы негізгі міндеттері: 1) көлік және коммуникация саласында мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысу; 2) көлік және коммуникация саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру; 3) көлік және оның өміршеңдік циклінің үдерістерін адамның өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ету; 4) көлік және коммуникация саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру болып табылады. 14. Министрлік қолданыстағы заңнамаға және оған жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады: 1) көлік және коммуникацияны дамытудың бағдарламалары мен тұжырымдамаларын әзірлейді, бекітеді, инвестициялық, ғылыми-техникалық және әлеуметтік саясатты қалыптастырады және жүргізеді; 2) мемлекеттің және халықтың тасымалдарға деген мұқтажына болжамдар әзірлейді; 3) көлік және коммуникация саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады; 4) келісімдер мен шарттарды жасасу құқығымен көлік және коммуникация саласындағы мемлекетаралық қатынастарда республиканың мүдделерін білдіреді; 5) Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация саласындағы мүдделерін қорғауды жүзеге асырады; 6) экономиканың және республика халқының тасымалдарға және онымен байланысты көрсетілетін қызметтерге қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасайды; 7) Қазақстан Республикасында көлік және коммуникация қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді, көлік және коммуникация саласындағы мемлекеттік стандарттарды әзірлеуге қатысады; 8) көлік және коммуникация саласындағы техникалық регламенттерді әзірлейді; 9) тікелей аралас тасымалдар туралы ережені бекітеді; 10) қызметтік бірыңғай нысан, нөмірлік төс белгілері, уәкілетті органның лауазымды тұлғалары автомобиль көлігі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі қызметтік куәліктерінің үлгілерін бекітеді; 11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Жүргізушілердің еңбегі мен демалысын ұйымдастыру ережелерін, автокөлік құралдарын еңбек және демалыс режимін тіркеуді бақылау құрылғыларымен жарақтандыру жөніндегі талаптарды бекітеді; 12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрақты қалааралық, ішкі облыстық, қалалық, қала маңындағы және елді мекен пункттерін: аудандық немесе облыстық орталықтары бар кенттерді, ауылдарды, республикалық маңызы бар қалалармен (астанамен) байланыстыратын - жолаушылар мен багаждың автомобиль тасымалдарына тарифтерді есептеу әдістемесін бекітеді; 13) меншік нысанына қарамастан, жол секторының жұмыс істеу тәртібін белгілейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, сондай-ақ жол қызметіндегі мемлекеттік нормалар мен стандарттардың жобаларын әзірлейді; 14) халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесін, оның ішінде қорғаныстық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін әзірлейді; 15) теңгерімінде жалпы пайдаланымдағы республикалық автомобиль жолдары бар мемлекеттік ұйымдарды басқарады; 16) автомобиль жолдарын жөндеу мен ұстау жөніндегі жұмыстарға арналған шығындарды қаржыландырудың ғылыми негізделген нормативтерін дайындайды; 17) облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары желісін құру және дамыту жөніндегі қызметті үйлестіреді; 18) жол қызметі саласында ғылыми зерттеулер жүргізеді; 19) облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының атауы мен индекстерін бекітеді; 20) ведомстволық сараптама жүргізудің тәртібін белгілейді; 21) Қазақстан Республикасының экономикасы мен қорғаныс қабілеттілігін нығайту міндеттеріне сәйкес жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының дамуын мемлекеттік жоспарлауды жүзеге асырады; 22) табиғи монополия саласындағы қызметті бақылауды және реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісім бойынша магистральдық темір жол желісінің жұмыс істеуі үшін технологиялық қажетті станциялық құралдардың, электрмен жабдықтау, сигнал беру, байланыс объектілерінің, құрылғылардың, жабдықтардың, құрылыс ғимараттарының, құрылыстар мен өзге де объектілердің тізбесін бекітеді; 23) жолаушыларды, багажды, жүкті, жүкбагажын және почта жөнелтілімдерін тасымалдау ережесін бекітеді; 24) жылжымалы құрамды тіркеу тәртібін белгілейді; 25) тасымалдарды ұйымдастыруға және (немесе) тасымалдауға байланысты қызметтерді орындауға арналған шарттар бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету тәртібі мен шараларын белгілейді; 26) темір жол көлігімен тасымалдау кезінде әскерилендірілген күзеттің алып жүруіне жататын жүктердің тізбесін бекітеді; 27) темір жол көлігі қызметкерлерін кәсіби айырым белгісімен марапаттау тәртібін бекітеді; 28) экспедиторлар қызметінің тәртібін белгілейді; 29) вагондар (контейнерлер) операторлары қызметінің тәртібін белгілейді; 30) локомотивтік тартым қызметін ұсыну тәртібін белгілейді; 31) жалпы пайдаланымдағы кірме жолдарға қойылатын талаптарды белгілейді; 32) табиғи монополия саласындағы қызметті бақылауды және реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісім бойынша магистральдық темір жол желісі көрсететін қызметтерге кіретін операциялар тізбесін бекітеді; 33) табиғи монополия саласындағы қызметті бақылауды және реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісім бойынша кірме жолдар көрсететін қызметтерге кіретін операциялар тізбесін бекітеді; 34) кірме жолдардағы жұмыс ережесін бекітеді; 35) күзет аймағындағы жерлердің өлшемдерін, пайдалану режимін белгілеу жөніндегі және темір жол көлігінің мұқтаждарына бөлінген белдеудегі жерлерді пайдалану ережесін бекітеді; 36) тасымалдаушылардың жолаушыларды, багажды және жүк багажды тасымалдау ережелерін сақтауын бақылауды жүзеге асыру тәртібін белгілейді; 37) жұмыс режиміне талаптарды, сондай-ақ барлық немесе жекелеген операцияларды орындау үшін темір жол станцияларын ашу және жабу тәртібін белгілейді; 38) поездардың жүруіне тікелей байланысты темір жол көлігі жұмысшыларының кәсіби дайындығы мен денсаулығы жөніндегі талаптарды белгілейді; 39) темір жол көлігі мен жабдықты пайдалану (монтаждау және жөндеу) кезіндегі қауіпсіздік талаптарын белгілейді; 40) темір жол көлігі жұмысшылары лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесін, лауазымға (кәсіпке) қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес кәсіби дайындық деңгейін анықтау тәртібін белгілейді; 41) күзетілуге тиіс темір жол көлігі объектілерінің тізбесін бекітеді; 42) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарларын жою үшін қажетті материалдық және техникалық құралдар қорының тізбесін белгілейді; 43) халықаралық әуе трассаларын ашу туралы шешім қабылдайды; 44) аттестаттауға жататын азаматтық және экспериментальдық авиацияның авиациялық персонал лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесін бекітеді; 45) айырым белгісі бар нысанды киімді киюге құқығы бар азаматтық және экспериментальдық авиацияның авиациялық персоналы лауазымдарының тізбесін бекітеді; 46) осындай киімді киюге құқылы, азаматтық және экспериментальдық авиацияның авиациялық персоналы үшін айырым белгілері бар нысанды киімді беру тәртібін бекітеді; 47) азаматтық авиация қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді; 48) азаматтық әуе кемелерін техникалық пайдалануды бақылау ережесін бекітеді; 49) авиабағыттарды пайдалану шарттарын белгілейді; 50) аса жеңіл авиация әуеайлақтарының жарамдылығын анықтау және аса жеңіл авиацияның авиация персоналын аттестаттауды жүргізу тәртібін бекітеді; 51) жетекші әуе тасымалдаушысын белгілеу ережесін әзірлейді; 52) азаматтық авиация саласында ғылыми зерттеулерді ұйымдастырады; 53) авиациялық персоналды қайта даярлау бағдарламасын бекітеді; 54) авиациялық персонал қызметінің басшысы мен мамандары лауазымына қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді; 55) Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының жердегі радиосәуле шығаратын құралдарын мемлекеттік тіркеу және олардың жарамдылығы куәлігін беру ережесін бекітеді; 56) өз құзыреті шегінде әуежай қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды; 57) азаматтық авиация саласында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды; 58) әуе кемелерін есептен шығару ережесін бекітеді; 59) азаматтық авиация қызметкерлерінің киім нысандары (погонсыз) мен айырым белгілерінің үлгілерін және оны киюге құқығы бар азаматтық авиация қызметкерлерінің нысанды киім кию тәртібін және қамтамасыз ету нормаларын бекітеді; 60) Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісім бойынша әуежайдың пайдаланушысына қатысты уақытша басқаруды енгізеді және уақытша әкімшілікті қалыптастырады; 61) азаматтық авиация ұйымдарының авиациялық қауіпсіздік қызметтерінің басшысы мен мамандары лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді; 62) азаматтық және экспериментальдық әуе кемелеріне мемлекеттік және тіркеу тану және қосымша белгілерін салу тәртібін анықтайды; 63) ұшу қауіпсіздігіне тікелей байланысты азаматтық және экспериментальдық авиацияның авиациялық персоналының жұмыс уақыты режимінің ерекшеліктерін белгілейді; 64) азаматтық және экспериментальдық авиация үшін ұшуларға дайындық ережелерін және ұшуға рұқсат алу тәртібін белгілейді; 65) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі және Қорғаныс министрлігімен бірлесіп Қазақстан Республикасының азаматтық кемесінің шетел мемлекетінің әуе кеңістігінде ұшуға сұрау салу және рұқсат алу тәртібін белгілейтін ережелерді бекітеді; 66) апатқа ұшырап жатқан немесе ұшыраған әуе кемелері туралы хабардар ету үшін жалпы пайдаланымдағы байланыс құралдарын пайдалану тәртібін белгілейді; 67) әуе кемесінің типіне және ұшудың ауданына байланысты азаматтық және экспериментальдық авиацияның әуе кемелері жарақталуы тиіс борттық авариялық-құтқару құралдарының тізбесін анықтайды; 68) тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсат беру ережесін және рұқсат беруден бас тарту үшін негізін белгілейді; 69) сауда мақсатында теңізде жүзу саласында туындайтын қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді; 70) теңіз портының капитанын тағайындайды және жұмыстан босатады; 71) Мемлекеттік кеме тізілімі мен кеме кітабының нысандарын бекітеді; 72) лоцмандық қызмет туралы ережені бекітеді; 73) ішкі су жолдары учаскелерінің, міндетті лоцмандық алып өтуге жататын кемелердің типтері мен мөлшерінің тізбесін бекітеді; 74) кемелер экипаждарының ең аз құрамы туралы талаптарды белгілейді; 75) оны киюге құқығы бар ішкі су көлігі қызметкерлерінің киім нысандарының (погонсыз және айырым белгілерінсіз, нысанды киімді кию тәртібін, онымен қамтамасыз ету нормаларының және лауазымдарының (кәсіптерінің) үлгілерін бекітеді; 76) порт капитаны туралы ережені бекітеді; 77) ішкі су жолдарындағы кемелермен, оның ішінде шағын кемелермен болатын көліктік уақиғаларды тергеу, сыныптау және есепке алу ережелерін бекітеді; 78) кемеде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету және порттағы қызметті ұйымдастыруы және реттеу мақсатында порт капитанының кемелерді бақылауды жүзеге асыру тәртібін белгілейді; 79) кемелердің және өзге де жүзу объектілерінің айлаққа келуі, арқандап байлануы және тоқтап тұруына арналған уақытша құрылғылар мен жүзбелі құрылғыларды орналастыру, жолаушыларды кемелерге отырғызу және кемелерден түсіру, жүктерді тиеу түсіру және сақтау тәртібін айқындайды; 80) суға кеткен мүлікті көтерудің тәртібі мен мерзімдерін айқындайды; 81) техникалық бақылау жүзеге асырылуы тиіс кемелерді жобалау, салу, жөндеу және пайдалану туралы ережелерді және кемелерге орнатуға арналған материалдар мен бұйымдарды жасау ережелерін бекітеді; 82) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың кеме экипажының құрамына кіруі мүмкін болатын шарттарды белгілейді; 83) ішкі су көлігінде жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру тәртібін бекітеді; 84) сатылатын жүктерді және оларға есеп айырысуларды есепке алу тәртібін белгілейді; 85) кемелерді, салдарды және өзге де жүзу объектілерін тіркеп сүйреу ережелерін бекітеді; 86) Қазақстан Республикасының теңіз порттарында және оларға кіреберістерге кемелердің жүзуі мен тоқтап тұру ережелерін бекітеді; 87) нысанды киім, нысанды киімді кию тәртібінің және қамтамасыз ету нормаларының нысандары мен айырым белгілерінің үлгілері берілетін теңіз көлігі қызметкерлері лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесін бекітеді; 88) кеме атауын беру және өзгерту тәртібін белгілейді; 89) кемені дараландыру және белгі беру дабылын, сондай-ақ спутниктік байланыстағы кеме станциясының сәйкестендірілген нөмірін беру тәртібін белгілейді; 90) кеме құжаттарының нысандарын жүргізудің тізбесін, тәртібін белгілейді; 91) кемелермен болатын авариялық жағдайларды тергеу ережелерін бекітеді; 92) теңіз лоцмандарына арналған біліктілік талаптарын белгілейді; 93) тасымалдау үшін жүктерді қабылдауды уақытша тоқтату немесе шектеудің қолданылу мерзімін белгілейді; 94) актілер нысандарын, оларды жасау тәртібін және актілерді жасауды талап етпейтін жағдайларды растайтын тәртіпті белгілейді. 15. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ведомствоға мыналар бойынша функциялар жүктелуі мүмкін: 1) көлік саласындағы қызметтің жекелеген түрлерін лицензиялауды жүзеге асыру; 2) транзиттік әлеуетті пайдалану туралы ақпаратты жинақтауды, автокөлік құралдары қозғалысының қарқындылығын есепке алуды жүзеге асыру, жинақталған ақпаратты белгіленген нысандағы есеп беру құжаты түрінде беруді ұйымдастыру және жүзеге асыру; 3) қажет болған жағдайда шетел мемлекетінің құзыретті органдарымен рұқсаттық құжаттар бланкілерімен тепе-тең алмасуды жүргізу; 4) жолаушылар мен багаждың тұрақты халықаралық және қалааралық облысаралық автомобиль тасымалдары бағыттарының тізілімдерін жүргізуді жүзеге асыру; 5) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағы бойынша шетел мемлекетінің тасымалдаушыларының жүріп өтуіне және шетел мемлекетінің аумағы бойынша Қазақстан Республикасы тасымалдаушыларының жүріп өтуіне рұқсаттар беру; 6) ауыр салмақты және ірі өлшемді көлік құралдарының (шетелдікін қоса алғанда) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүріп өтуіне арнайы рұқсат беру; 7) шетел автокөлік құралдарының уақытша кіруін тіркеуді және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес халықаралық автомобиль тасымалдары саласында олармен рұқсатсыз жүру жүйесі қолданылатын мемлекеттерде тіркелген автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына кіруін тіркеу талондарын беруді жүзеге асыру; 8) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша халықаралық қатынаста тасымалдарды транзитпен жүзеге асыратын шетелдік тасымалдаушыларға Қазақстан Республикасы аумағы бойынша жүруге рұқсат беру; 9) Қазақстан Республикасы аумағынан шығуға арналған құқықты куәландыру үшін жүруге қосымша рұқсат беру; 10) жолаушылар мен багаждың тұрақты қалааралық, облысаралық (астана мен республикалық маңызы бар қаланы қоса алғанда) автомобиль тасымалдарын ұйымдастыруды жүзеге асыру, көрсетілген бағыттар бойынша қозғалыс кестесін тиісті облыстардың (астана мен республикалық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарымен келісу; 11) жолаушылар мен багаждың тұрақты халықаралық автомобиль тасымалдарын ұйымдастыруды жүзеге асыру, көрсетілген тасымалдардың бағыттар бойынша қозғалу кестесін келісу; 12) халықаралық қатынаста және Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды ұйымдастыруды жүзеге асыру; 13) қоғамдық бірлестіктермен және автомобиль көлігі саласындағы қауымдастықтар (одақтар) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестіктерімен мемлекеттің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету; 14) жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының мемлекеттік есепке алынуын жүзеге асыру; 15) аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерін келісу; 16) облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін келісу; 17) жол бойы белдеулеріндегі жол сервисі объектілерін немесе оларға жету үшін кірме қажет болғанда олардың аумағынан тыс объектілерді орналастыру үшін жер учаскелерін беруді келісу; 18) жол органдары немесе концессионерлер пайдаланбайтын халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының бөлінген белдеу жерлерінің учаскелерін қысқа мерзімді уақытша жер пайдалануға беру; 19) бөлінген белдеуде сауда, қоғамдық тамақтану объектілерін және басқа да сервис объектілерін, сондай-ақ олардың жарнамаларын орналастыруды келісу; 20) жол саласындағы инвестициялық және әлеуметтік саясаттың іске асырылуын жүзеге асыру; 21) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу және ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру; 22) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мемлекеттік меншік болып табылатын темір жолдар бойынша темір жол қатынасын тоқтатуды жүзеге асыру; 23) кірме жолды одан әрі пайдалануды тоқтату және кірме жолды пайдалануды қайта жандандыру туралы шешім қабылдау; 24) темір жол көлігіндегі бірыңғай есепке алу - есеп беру уақытын белгілеу; 25) темір жол көлігінің мұқтаждықтары үшін жер учаскелерін берудің нормативтерін келісу; 26) қозғалыс қауіпсіздігі талаптарын бұзушылықтардың мемлекеттік статистикалық есебін жүргізуді жүзеге асыру; 27) тұрақты ұшулар кестесін бекіту; 28) ішкі авиабағыттарды бекіту; 29) Қазақстан Республикасының аумағында іс-қимыл жасайтын шетелдік авиакомпанияларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін тіркеуді жүзеге асыру; 30) ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіретін кемшіліктер анықталған жағдайда үлгі сертификатын жою; 31) ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік талаптарын бұзушылықты есепке алудың жүргізілуін жүзеге асыру; 32) әуе кемесінің иесіне ұшуларды орындауға оның жарамдылығы туралы тиісті куәлікті (сертификатты) беру; 33) жаңа конструкциялық (жаңа үлгідегі) азаматтық әуе кемесіне олар зауыттық, мемлекеттік және пайдалану сынақтарынан өткеннен кейін үлгі сертификатын беру; 34) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде азаматтық шетелдік әуе кемелерінің бір жолғы ұшуына рұқсат беру; 35) авиациялық техниканы, әуеайлақтарды, әуежайларды меншікке сатып алуға, мүліктік жалға, лизингке алуға, сенімгерлік басқаруға, сондай-ақ басқа да пайдалану құқығына рұқсаттар беру; 36) авиациялық персоналға жататын тұлғаның қажетті білімі мен дағдыларының бар болуын, сондай-ақ оның денсаулығының белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын кәсіби қызметті жүзеге асыру құқығына куәлік (сертификат) беру; 37) Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына пайдаланушы сертификатын беру; 38) азаматтық авиация саласында инспекциялық зерттеу мен инспекциялық тексеруді жүзеге асыратын уәкілетті органның лауазымды тұлғаларына, қолданыстағы куәліктері бар авиациялық персоналдың ұшуларын техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз ететін экипаж мүшелеріне, бортсеріктерге, инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға ұлттық қауіпсіздік органдарымен келіскеннен кейін халықаралық үлгідегі сәйкестендіру карточкаларын беру; |