Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелерi (2010.31.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2010 жылғы 7 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы» 2004 жылғы 29 қыркүйектегi № 1449 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі туралы epeжe; 2) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінiң аумақтың органдары - мемлекеттік мекемелерінің тiзбесi; 3) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi; 4) Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн. ҚР Үкіметінің 2006.27.02. № 134 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 2. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрiне екі вице-министрi болуына рұқсат етілсiн. 3. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Халыққа құқықтық көмек және заңгерлiк қызмет көрсетудi ұйымдастыру комитетi құрылсын. 4. Қоса беріліп отырған: 1) ҚР Үкіметінің 2008.28.03. № 300 қаулысымен алып тасталды (қол қойылған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) 2) ҚР Үкіметінің 2008.28.03. № 300 қаулысымен алып тасталды (қол қойылған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) 3) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгі Қылмыстық-атқару жүйесi комитетінiң аумақтық бөлiмшелерi - мемлекеттік мекемелерiнiң және оның қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi; 4) ҚР Үкіметінің 2008.28.03. № 300 қаулысымен алып тасталды (қол қойылған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) ҚР Үкіметінің 2008.28.03. № 300 қаулысымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 5) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Тiркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi; 6) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Зияткерлiк меншiк құқығы комитетi туралы ереже және оның құрылымы; 7) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Зияткерлiк меншiк құқығы комитетінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi бекітілсiн. ҚР Үкіметінің 2006.27.02. № 134 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 5. Мыналарға: Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Халыққа құқықтық көмек және заңгерлік қызмет көрсетудi ұйымдастыру комитетiнiң төрағасына екi орынбасары болуына; Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң төрағасына төрт орынбасары болуына; Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Тiркеу қызметi комитетiнiң төрағасына үш орынбасары болуына; Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлiк меншiк құқығы комитетiнiң төрағасына екi орынбасары болуына рұқсат етiлсiн. 6. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 7. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 2008.28.03. № 300 қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2010.31.03. № 252 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) өз құзыреті шегінде мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режиміне қолдау жасайтын, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. Министрліктің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында, аудандарда, қалаларда және қалалардағы аудандарда аумақтық органдары және ведомстволары бар: Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті, Зияткерлік меншік құқығы комитеті, Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті. Ведомстволардың құзыреті мен өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылының тәртібін Министр айқындайды. 2. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзінің атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады. 4. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 5. Министрліктің, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, мемлекеттің атынан түсуге құқығы бар. 6. Министрлік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бұйрықтармен ресімделетін шешімдер қабылдайды. 7. Министрліктің штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі аумақтық органдардың және ведомстволық бағынысты мекемелердің санын ескере отырып, бекітеді. Министрліктің, оның ведомстволарының, сондай-ақ аумақтық бөлімшелерінің құрылымы мен штат санын Министрмен келіскеннен кейін жауапты хатшы бекітеді. ҚР Үкіметінің 2010.15.01 № 8 Қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 8. Министрліктің заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй. 9. Министрліктің толық атауы - «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі» мемлекеттік мекемесі. 10. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады. 11. Министрлік қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. 12. Министрлікке кәсіпкерлік субъектілерімен Министрліктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәніне шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
2. Министрліктің міндеттері мен функциялары
13. Министрліктің негізгі міндеттері мыналар болып табылады: 1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының үстемдігін, Қазақстан Республикасының егемендігін, қазақстандық қоғам мен мемлекетті тұрақты әрі біртіндеп дамытуды жалпымемлекеттік даму стратегиясын әзірлеуге және іске асыруға, заң жобалау жұмыстарын жүргізуге, заңнаманы талдауға, жетілдіруге, жүйелеуге, нормативтік құқықтық актілер жобаларына заңдық сараптама жүргізуге қатысу арқылы қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық заңнаманы қалыптастыруға қатысу; 2) оның ұлттық мүдделерін қорғау және әлемдік қоғамдастықта Республиканың беделін нығайту мақсатында Қазақстанның халықаралық аренадағы қызметін, соның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын дайындау және жасау арқылы құқықтық қамтамасыз ету; 3) заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді, жылжымалы мүліктің жекелеген түрлеріне кепілдіктерді, орталық мемлекеттік органдардың, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерін, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік есепке алуды және оларды бақылауды жүзеге асыру; 4) құқықтық көмек пен заңгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру және құқықтық насихатты қамтамасыз ету; 5) сот-сараптама қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру; 6) қылмыстық жазаларды орындау, Қазақстан Республикасы әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесіндегі құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету; 7) зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру; 8) Қазақстан Республикасының азаматтарын құжаттандыру және оларға жеке куәліктер мен паспорттар беруді, азаматтарды Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайтын тәртіппен есепке алуды және тіркеуді жүзеге асыру; 9) сотталғандардың түзелуін ұйымдастыру; 10) әділет органдарының құзыретіне жататын қылмыстар туралы істер және заңға сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс жүргізу бойынша анықтауды жүзеге асыру; 11) күдіктілердің, айыпталушылар мен сотталғандардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесіндегі азаматтардың құқықтары мен заңдық мүдделерін қамтамасыз ету. ҚР Үкіметінің 2009.19.11 № 1889 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.31.03. № 252 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 14-тармақ өзгертілді 14. Министрлік қолданыстағы заңнамаға және өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады: адамның және азаматтың, ұйымдар мен мемлекеттің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау және қорғау; ұлттық заңнаманы дамыту; заң жобалау жұмысы, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу; нормативтік құқықтық актілердің жобаларына заңдық сараптама; мемлекеттік органдар мен ұйымдардың заңнама саласындағы ғылыми-зерттеу жұмысын үйлестіру; стратегиялар мен бағдарламаларды іске асыруды үйлестіру; Қазақстан Республикасының заңнамасын өз қызметінің аясында қолдану тәжірибесін талдау әрі жинақтау және оны жетілдіру, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша тиісті ұсыныстар енгізу; әділет органдары жүйесінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; әділет органдарының ақпараттық қауіпсіздікті сақтауын бақылау; заң жобалау, сараптамалық, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру және консультация беру үшін осы мақсатта бюджет және өзге қаражаттарды пайдалана отырып, мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, соның ішінде шет елдерден мамандар мен сарапшылар тарту; Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша және өз бастамасы бойынша Үкіметтің нормативтік құқықтық актілеріне ресми түсінік беру; азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қабылдау, қарау және өтініш берушілерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде қабылданған шешімдер туралы хабарлау; нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік есебін жүргізу; құқықтық ақпараттандыру, заңнаманы жүйелеу, нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкін жүргізу, Қазақстанда құқықтық ақпараттың бірыңғай компьютерлік жүйесін жүргізу; нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтіндерін жариялауға құқық беру; орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу, мәслихаттардың, әкімдіктер мен әкімдердің нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу; орталық мемлекеттік органдарда, сондай-ақ мәслихаттарда және әкімдіктерде мемлекеттік тіркелуге тиіс нормативтік құқықтық актілерді тексеруді жүзеге асыру; нормативтік құқықтық актілердің мәтінін кейіннен жариялауды жүзеге асыратын адамдардың қызметін нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін кейіннен ресми жариялау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау мәніне тексеруді жүзеге асыру; мемлекеттік органдардың әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жататын, бірақ одан өтпеген нормативтік құқықтық актілеріне қатысты заңның бұзылуын жою туралы ұсыныс енгізу; орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың олар қолданатын, Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес жариялануға міндетті, бірақ белгіленген тәртіппен жарияланбаған нормативтік құқықтық актілеріне қатысты заңның бұзылуын жою туралы ұсыныс енгізу; мемлекеттік органдардың әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жататын, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін нормативтік құқықтық актілеріне қатысты заңның бұзылуын жою туралы ұсыныс енгізу; шет мемлекеттердің тиісті ұйымдарымен халықаралық байланыстар орнату және қолдау; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шет мемлекеттермен құқықтық көмек және құқықтық ынтымақтастық туралы халықаралық шарттар жасасуды дайындау, ұйымдастыру; Қазақстан Республикасының кепілдігімен жасалған қарыз шарттарын заңдық сараптау; Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің заңнамасын үйлестіру, біріздендіру, сондай-ақ Қазақстан таныған Қазақстан Республикасының заңнамасындағы халықаралық нормаларды имплементациялау мәселелері бойынша талдау жүргізу; халықаралық төреліктер мен шетелдік соттарда мемлекеттің мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету; мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау; халықаралық шарттар жобаларын заңдық сараптау; мемлекеттік органдар мен ұйымдардың құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу саласындағы ғылыми-зерттеу жұмысын үйлестіру; орталық атқарушы органдардың заң қызметтерінің қызметін үйлестіру және әдістемелік басқару, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері аппараттарының заң қызметтерімен өзара іс-қимыл жасау; басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдар берген, мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді, сондай-ақ олар құпияландырған мәліметтерді қорғауды қамтамасыз ету; мемлекеттік органдарға өз құзыретінің шегінде ғылыми-әдістемелік және құқықтық көмек көрсету; Премьер-Министрдің, оның орынбасарының немесе Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдарға сот талқылауларында құқықтық және консультациялық көмек көрсету; халықаралық шарттардың талаптарын іске асыруды қамтамасыз ету; мемлекеттік органдардың тіркелген нормативтік құқықтық актілерінің тізбесін көпшіліктің назарына ұсыну үшін жариялау; шарттық негізде эталондық заңнамалық актілерді және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, ақпараттық және анықтамалық-әдістемелік материалдарды, соның ішінде автоматтандырылған құқықтық ақпараттық жүйені пайдалана отырып ұсыну; ведомстволық бағынысты ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу; Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді қолдана отырып электрондық қызметтер көрсету; халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттердің сот тапсырмалары мен өтініштерін орындау; сотта азаматтың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Азаматтық іс-жүргізу кодексінің 56-бабында белгіленген тәртіппен қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерді қорғауда талап-арызбен жүгіну; мемлекеттік сатып алуды жүргізуді ұйымдастыру; баспа қызметін жүзеге асыру; әділет органдары көрсететін және қамтамасыз ететін мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының сақталуын бақылау; өз құзыретінің шегінде сот-сараптама қызметін жүзеге асыру саласында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін қабылдау; заңнамаға түсінік беруге қатысу; бақылау және қадағалау функциялары берілген мемлекеттік органдардың сауалдары бойынша ақпарат ұсыну; белгіленген тәртіппен зияткерлік меншік құқықтарын өзара қорғау туралы халықаралық шарттар дайындауға және жасасуға, мұндай шарттарға қол қоюға қатысу; авторлық құқық және сабақтас құқықтар саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту; зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, бекіту; селекциялық жетістіктер саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, бекіту; зияткерлік меншікті қорғау саласындағы заңнаманы қолданудың практикасын қорыту, сондай-ақ осы саладағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу; өнер туындылары, пайдалы модельдер, өнеркәсіп үлгілері саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, бекіту; тауар белгілерін, қызмет көрсету таңбаларын, тауарлардың шыққан жерлерінің атауларын қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, бекіту; интегралды микросхемалар топологиясын құқықтық қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, бекіту; Интегралды микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізіліміне топологияларды енгізу; тіркелген топологияға айрықша құқық беру туралы шартты, тіркелген топологияларды пайдалануға лицензиялық және сублицензиялық шарттарды тіркеуді жүзеге асыру; патенттік сенім білдірілгендерге қойылатын біліктілік талаптарын, оларды аттестаттау, тіркеу және патенттік сенім білдірілгенді тіркеу туралы куәлік беру тәртібін айқындау; өзінің құзыреті шегінде стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдар бекіткен бағалар стандарттарын әзірлеуге қатысу, сондай-ақ келісу; тіркелген топологиялар туралы мәліметтерді бюллетеньде жариялау; зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиялар беру; селекциялық жетістіктерге патенттер беру; лицензиаттың басқа адамға (сублицензиатқа) селекциялық жетістікті пайдалану құқығына айрықша емес лицензия беру туралы лицензиялық және сублицензиялық шарттарды тіркеу; өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге қорғау құжаттарын беру; көрсетілген лицензияны алуға тілек білдірген адаммен патент иесінің төлемдері туралы шартты тіркеу; қорғау құжаттарын беру туралы шарттарды тіркеу; өнертабысты, пайдалы модельді, өнеркәсіптік үлгіні пайдалануға лицензиялық шартты және сублицензиялық шартты тіркеу; зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау және пайдалану саласында ғылыми-зерттеу және басқа да жұмыстардың ұйымдастырылуы мен өткізілуін қамтамасыз ету; зияткерлік меншікке құқықтарды қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық шарттардың және келісімдердің нормалары мен ережелерін іске асыру; туындыларды пайдалануға құқықтардың импорты мен экспортын ұйымдастыруға жәрдемдесу; тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, тауар шығарылған жердің атауына қорғау құжаттарын беру; өнеркәсіптік меншік объектілеріне, селекциялық, жетістіктерге, интегралды микросхемалар топологияларына қорғау құжаттарын беруге өтініштерді тіркеуді қамтамасыз ету; топологияларды тіркеуге өтініштерді қарауға қабылдау, оларды қарау және топологияларды тіркеуді жүзеге асыру; мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиялар беру; заң әдебиеттеріне, құқықтық насихат проблемалары жөніндегі әдебиеттерге тапсырыс; селекциялық жетістіктерді пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылау; Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне, «Әділет органдары туралы«, «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы«, «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы«, «Патент заңы» туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылатын әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау және істерді қарау, әкімшілік жаза беру; өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылау; тауар белгілерін, тауар шығарылған жерлердің атауларын, қызмет көрсету белгілерін пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылау; ұжымдық негізде мүліктік құқықтарды басқаратын ұйымдардың қызметін бақылауды жүзеге асыру; авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылауды жүзеге асыру; Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік саласындағы заңнамасын сақтау мәніне жеке және заңды тұлғаларды тексеруді жүзеге асыру; патенттік іс саласындағы сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдардың қызметін бақылау; мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу; Қазақстан Республикасында жұмыс істейтін діни бірлестіктер туралы ақпараттық дерекқорды қалыптастыру; республиканың екі немесе одан да көп облыстарының аумағында жұмыс істейтін діни басқармаларды (орталықтарды), сондай-ақ олар құратын діни оқу орындарын, монастырьлар мен басқа да бірлестіктерді мемлекеттік тіркеу; сот органдарына діни бірлестіктің және діни бірлестіктер құрған заңды тұлғалардың қызметін тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы талап арыздар ұсыну; нотариат мәселелері бойынша әдістемелік, нұсқамалық және түсіндірме материалдар әзірлеу; құқықтық насихатты ұйымдастыруды ведомствоаралық үйлестіру; нотариат мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту; нотариаттық палатамен бірлесіп жекеше нотариустың бос орнына орналасу үшін конкурстық іріктеу өткізу; мемлекеттік нотариаттың кадрларын іріктеу, аттестаттау және орналастыру; мемлекеттік нотариаттық кеңселердің қызметіне басшылық жасау, жеке нотариатты дамытуға жәрдемдесу; уәкілетті органның бөлімшелері мен нотариаттық палаталардың ұсынымдары негізінде әрбір нотариаттық округ бойынша нотариустар санын бекіту; нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алған адамдардың резервін қалыптастыру; нотариустардың халыққа құқықтық қызмет көрсету саласындағы басшылығы мен үйлестіруін жүзеге асыру; аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (селолық) округтер әкімдері аппараттарының нотариаттық қызметтерді жасауға уәкілетті лауазымды адамдарын аттестаттауды жүргізу; нотариаттық палатамен бірлесіп, нотариаттық қызметті жүзеге асыратын жекеше нотариустарды аттестаттауды жүргізу; «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда мемлекеттік нотариатты оңтайландыру шараларын жүзеге асыру; нотариаттық палатамен бірлесіп, нотариаттық тәжірибені қорыту; мемлекеттік нотариаттық кеңселерді ашу және тарату; Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың мемлекеттік тізілімін жүргізу, сондай-ақ ведомстволық баспа басылымында лицензиялар берілген адамдар туралы мәліметтерді және нотариустардың лицензияларының қолданылуын тоқтата тұру, қалпына келтіру, айыру және тоқтату туралы мәліметтерді жариялау; нотариаттық палатамен бірлесіп, нотариаттық округтегі жекеше нотариустардың қызмет ету аумағын айқындау; нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялар (нотариустың лицензиялары) беру; сот сараптама қызметімен айналысу құқығына лицензиялар беру; жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік нотариустардың қызметтік іс-әрекеттеріне шағымдарын қарау; нотариаттық палатамен бірлесіп азаматтар мен заңды тұлғалардың жекеше нотариустардың іс-әрекеттеріне шағымдарын қарау; нотариустардың жеке мөрлерін дайындауға тапсырысты жүзеге асыру және оларды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес беру; нотариаттық округте нотариустар уақытша болмаған кезде нотариаттық палатамен бірлесіп, нотариаттық іс-әрекеттердің жасалуын ұйымдастыру; нотариаттық палатамен бірлесіп, нотариустарға әдістемелік және практикалық көмек көрсету; аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің әкімдері аппаратының нотариаттық іс-әрекеттер жасайтын лауазымды адамдарына әдістемелік және практикалық көмек көрсету; халықты мемлекеттік және жекеше нотариустардың қызмет ету аумағы туралы ұдайы хабардар ету; нотариаттық кеңселердің, азаматтық хал актілерін, адвокатура жазу органдарының жеке және заңды тұлғаларға көрсететін заңгерлік қызмет көрсету сапасын бақылау; мемлекеттік және жекеше нотариустар жасайтын нотариаттық іс-әрекеттердің заңдылығын және іс қағаздарын жүргізу ережелерін сақтауын бақылау; келу сипатындағы жекеше нотариустарды есептік тіркеуді жүргізу; нотариустардың халыққа құқықтық қызмет көрсету саласында бақылауды жүзеге асыру; |