Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы (2008.24.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2010 жылғы 20 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкіміне енгізілетін өзгерістер бекітілсін. 2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі өкімінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2007 жылғы 15 қазандағы № 948 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкіміне енгізілетін өзгерістер
1. ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 1239 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2. «Экономикалық саясат жөніндегі кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 ақпандағы № 202 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 9, 101-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің кұрамына мыналар енгізілсін:
мына:
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
көрсетілген құрамнан Аслан Есболайұлы Мусин шығарылсын. 3. «Халықаралық сараптамалық-консультативтік және грант көмегін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының проблемаларын кешенді шешу жөніндегі қызметін үйлестіру мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 шілдедегі № 671 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 26, 275-құжат): көрсетілген қаулыға қосымшада: Халықаралық сараптамалық-консультативтік және грант көмегін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының проблемаларын кешенді шешу жөніндегі қызметін үйлестіру мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссияның кұрамына мыналар енгізілсін:
көрсетілген құрамнан Супрун Виктор Васильевич, Бекжанов Жамбыл Лесбекұлы, Могильный Валерий Валентинович, Цыганков Анатолий Григорьевич, Юрико Шоджи шығарылсын. 4. «Республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 қыркүйектегі № 836 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөнінде комиссияның қүрамына:
мына:
деген жолдар мына редакцияда жазылсын:
көрсетілген құрамнан Супрун Виктор Васильевич шығарылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөніндегі комиссия туралы ережеде: 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «7. Комиссияның құрамына ауыстыру құқығынсыз Көлік және коммуникация, Энергетика және минералдық ресурстар, Қаржы, Экономика және бюджеттік жоспарлау, Әділет министрліктерінің бірінші басшылары және республикалық меншікке иелік ету жөніндегі уәкілетті органның басшысы кіреді.». 5. «Қазақстан экономикасының «қызып кету» себептерін талдау және оны еңсеру бойынша шаралар кешенін әзірлеу жөнінде жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 20 қыркүйектегі № 274-ө өкімінде: жұмыс тобының құрамына мыналар енгізілсін:
мына:
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
көрсетілген кұрамнан Мусин Аслан Есболайұлы, Ізмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлы, Қарақұсова Гүлжан Жанпейісқызы, Құсайынов Нұрлан Жетпісұлы шығарылсын; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Жұмыс тобы тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың онына дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне қазақстан экономикасының «қызып кету» себептерін талдау жөніндегі есепті және оны еңсеру бойынша шаралар кешенін әзірлеу жөніндегі ұсыныстарды енгізсін.»; 3-тармақтағы «- Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Кәрім Қажымқанұлы Мәсімовке» деген сөздер «Өмірзақ Естайұлы Шөкеевке» деген сөздермен ауыстырылсын.
Үкіметінің 2007 жылғы 15 қазандағы № 948 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдері мен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі өкімінің тізбесі
1. «Хьюстон бастамасы» кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі қазақстан-американ әріптестік бағдарламасын іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 14 қаңтардағы № 9 қаулысы. 2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 қарашадағы № 1120 қаулысы. 3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 14 қаңтардағы № 9 және 2004 жылғы 4 наурыздағы № 268 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 шілдедегі № 794 қаулысы. 4. «Республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын бюджеттік инвестициялық жобалар құнының қымбаттауы мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 тамыздағы № 764 қаулысы. 5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 наурыздағы № 233 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 9, 109-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 6-тармағы. 6. «Қазақстан-американ кәсіпкерлікті дамыту әріптестігі жобасын (»Хьюстон бастамасы») іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2002 жылғы 29 шілдедегі № 112-ө өкімі.
|