Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін орнықты дамыту жөніндегі (2009.31.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 20 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі № 310 Жарлығына және «Мемлекет басшысының 2005 - 2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 319 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының агроөнөркәсіптік кешенін орнықты дамыту жөніндегі 2009 - 2011 жылдарға арналған шаралар кешені (бұдан әрі - Шаралар кешені) бекітілсін. 2. Шаралар кешенін іске асыру жөніндегі іс-шаралар кешенінде көзделген шығыстардың сомасы 2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде нақтылауға және түзетуге жатады деп белгіленсін. 3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері Шаралар кешені бекітілгеннен кейін бір ай мерзімде мүдделі мемлекеттік органдармен келісе отырып, өңірлік шаралар кешендерін әзірлесін және бекітсін. 4. Шаралар кешенін іске асыруға жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар мен өзге де мүдделі ұйымдар (келісім бойынша): 1) Шаралар кешенін іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын; 2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне жарты жылдықтың қорытындылары бойынша жылына екі рет, 10 қаңтарға және 10 шілдеге Шаралар кешенінің орындалу барысы туралы ақпарат берсін. 5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметіне жарты жылдықтың қорытындылары бойынша жылына екі рет, 25 қаңтарға және 25 шілдеге Шаралар кешенінің орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін. 6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ө.Е Шөкеевке жүктелсін. 7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2008 жылғы 28 қарашадағы № 1106 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін орнықты дамыту жөніндегі 2009-2011 жылдарға арналған шаралар кешені Астана, 2008 жыл
ҚР Үкіметінің 2009.20.07. № 1101 қаулысымен бүкіл мәтін бойынша «ҚазАгро» ұлттық холдингі», «ҚазАгро» ҰХ» деген сөздер тиісінше «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі», «ҚазАгро» холдингі» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Мазмұны
4. Шаралар кешеннің мақсаттары мен міндеттері 5. Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және азық-түлік нарығын реттеу 5.1. Азық-түлік қауіпсіздігі және азық-түлік нарығы 5.2. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру 5.2.1. Астықты өндіру және қайта өңдеуді дамыту 5.2.2. Қант қызылшасы өндірісін қолдау 5.2.3. Өсімдік майы дақылдарын және отандық шикізаттан алынатын өсімдік майын өндіруді қолдау 5.2.4. Жеміс және жүзім шаруашылығын дамыту 5.3. Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру 5.3.1. Малдан алынатын өнімдер нарығын дамытуды ынталандыру 5.3.2. Азық өндірісінің тұрақты жүйесін құру 5.4. Балық шаруашылығы өнімін өндіру 5.5. Қайта өңдеу өндірістерін дамыту және қолдау 6. Республиканың агроөнеркәсіптік кешенінің тұрақты дамуына жетудің жолдары мен механизмдері 6.1. Жер құнарлылығын қорғау және арттыру, ауыл шаруашылығы өндірісін экологияландыру 6.2. Суармалы егіншілікті тиімді дамыту және өнімділігін арттыру үшін мелиоративті жағдай жасау 6.3. Астана қаласының маңында азық-түлік белдеуін құру 6.4. АӨК-нің ғылыми қамтамасыз етілуін жетілдіру және аграрлық ғылым мен білімді дамыту және қолдау 7. Техникалық және технологиялық қайта жабдықтау 8. Кластерлік бастамалардың әрі қарай дамуы 9.1. Ветеринарияның халықаралық стандартқа көшуі 9.2. Фитосанитарлық қауіпсіздік жүйесін халықаралық талаптарға сәйкес дамыту 9.3. Ауыл шаруашылығын химиялау. Минералды тыңайтқыштар өндірісін өсіру 9.4. Ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау, қайта өңдеу, сақтау және өткізу бойынша ауылдық тұтынушылар кооперативтері жүйесін қалыптастыру 10.1. Ауыл шаруашылығы өндірісінің кредит беру жүйесін дамыту және жетілдіру 10.1.2. Ауыл тұрғындарына шағын кредит беру 10.2. АӨК өнімдерінің көтерме саудасы 10.3. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру жүйесінің әрі қарай дамуы 10.4. Астық және мақта қолхаттары 11. АӨК субъектілерін ақпараттық-маркетингтік қамтамасыз ету 12. Шаралар кешенін құқықтық қамтамасыз ету 13. Қажетті ресурстар мен қаржыландырудың көздері 14. Шаралар кешенін іске асырудан күтілетін нәтижелер 15. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін орнықты дамытудың 2009-2011 жылдарға арналған шаралар кешенін орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 1060 Қаулысымен 1-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
Агроөнеркәсіптік кешен ұлттық экономиканың ең басты бөлігі болып табылады, мұнда қоғамның тіршілігі үшін маңызды өнімдер өндірілетін және үлкен экономикалық әлеует шоғырланған. Оның шешуші шамада дамуы экономиканың барлық саласының жағдайын, мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігі деңгейін және қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды анықтайды. Аграрлық сектор ішкі жалпы өнімнің 5,7 % және халықтың тұтыну қорының шамамен 70 % қалыптастырады және елдің азық-түлік қауіпсіздігі мен азық-түлік тәуелсіздігін қамтамасыз етеді. Ауыл шаруашылығын дамыту өндіріс құралдарын жеткізетін және ауыл шаруашылығы өнімдерін шикізат ретінде қолданатын басқа да салалардың дамуына жәрдемдеседі, сондай-ақ көліктік, сауда және басқа да қызметтер ұсынады. Ауылдық жерлерде халықтың жалпы мөлшерінің 47% тұрады. Ауыл шаруашылығы саласында 2,38 млн адам жұмыспан қамтыған. 2000 - 2007 жылдардағы белгілі тұрақтылық пен ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің көлемін арттыру ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі көлемін ұлғайтуға және халықтың жан басына шаққандағы негізгі тамақ өнімдерін тұтыну деңгейін көтеруге мүмкіндік берді. Алайда, қазіргі кезде салада қалыптасқан жағдай теріс құбылыстарды жеңуге мүмкіндік бермейді. Ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік өндірісінің көлемі тамақтанудың оңтайлы нормасы бойынша тұтынушылық көлемін ет, балық, жеміс, жидек, жүзім, өсімдік майы және қант бойынша қамтамасыз ете алмайды. Экономика салаларының ішінде жылдық орташа жалақының ең төмені ауыл шаруашылығында. Ауыл шаруашылығының индустрияланбау қаупі сақталуды 80 %-дан жоғары техникалық құралдар тозуы салдарынан жедел жаңартуды қажет етеді. Машина-трактор парктерін жаңарту қарқыны төмен деңгейде: жыл сайынғы тракторларды жаңарту орташа 0,87%, астық жинау комбайндары 3,2% құрайды. Қазақстандық тауар өндірушілердің өнімдері бәсекеге қабілетті емес және ішкі нарықтан ығыстырылады. Әсіресе, қант, өсімдік майы, жеміс-көкөніс консервілері, құс еті және сүтті қайта өңдеу өнімдері нарығында импорттық өнімнің үлесі басым. Осылайша, осы шаралар кешенін әзірлеу мен қабылдау өзектілігі Бағдарлама паспортында келтірілген көлемдер мен қаржыландыру көздеріне сәйкес ауыл шаруашылығын дамытуды қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдау қажеттілігімен түсіндіріледі. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін орнықты дамытудың 2009 - 2011 жылдарға арналған шаралар кешені «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі № 310 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2005 - 2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарының 62-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 319 қаулысымен бекітілген Мемлекет басшысының 2005 - 2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарының 253-тармағына сәйкес әзірленген. Шаралар кешені АӨК-ні дамытудның негізгі бағыттарын, мақсаттары мен міндеттерін, шикізат пен азық-түлік өндірісін, қаржылық қамтамасыз ету және көзделген шараларды іске асыру тетіктерін, оның нәтижелілік көрсеткішін анықтайды.
2007 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнімі көлемі бір трлн. теңгеден асып түсті және 1121,8 млрд. теңгені құрады, ал өндірістің өсуі 8%-ды астамын құрады. Ауыл шаруашылығында 11-12 %-ға еңбек өнімділігінің жыл сайынғы өсуінің оң үрдісі байқалады және қазіргі кезде жалпы өнім өндірісі саладағы 1 жұмыс басты адамға 3800 АҚШ долларын астамын құрайды. 2007 жылы ауылдық жерлерде жұмыссыздық деңгейі 6,2 % деңгейінде қалыптасты. Жыл сайын ауылшаруашылығының негізгі капиталына инвестициялар ұлғая түсуде. Егер 2002 жылы инвестициялар 17,3 млрд. теңгені құраса, 2007 жылы - 55,9 млрд. теңге немесе 3,2 есе артты. 2007 жылы ауыл шаруашылығы дақылдары себілген егістік алқаптарының 80%-нан астамын астық дақылдарының жалпы егістігі құрады. 2005 жылмен салыстырғанда бидай егістігінің алқабы 245,8 мың га (1,9 %), қарақұмық - 60,5 мың га (1,7 есе), жемдік дақылдар (арпа мен сұлы) - 322,4 мың га (18,8%), рапс - 129,1 мың га (4,1 есе), соя - 12,6 мың га (25,4 %) өсті. Көкөніс дақылдарының егіс алқабы осы кезең ішінде 5,6 мың га (5,1 %), жеміс дақылдары - 18,5 мың га (34,5 %) қысқартылды, ал жүзім екпелері 2005 және 2006 жылдар деңгейінде сақталды. Көкөніс дақылдарының өндірісі 2007 жылы 2005 жылғы 2 168,8 мың тоннаға қарсы 2 196,4 мың тоннаны, майлы дақылдар - 459,4 мың тонна, оның ішінде рапс - 118,3 мың тонна, бұл 2005 жылғы тиісті деңгейден 4,5 % және 3,6 есе жоғары, жеміс дақылдары - 162 мың тонна, жүзім - 43,2 мың тонна құрады, бұл 2005 жылғы тиісті деңгейден 33,5 % және 17,2 % төмен. Фитосанитариялық жағдайды тұрақты бақылау жүзеге асырылуда. Алайда, бөлінетін қаржы қаражатының жетіспеушілігі аса қауіпті зиянды организмдерге және карантинді объектілерге қарсы толық көлемде фитосанитариялық іс-шараларды орындауға мүмкіндік бермейді. Мал шаруашылығы саласында шаруашылықтың барлық санаттарында мал және құс санының өсімі 2007 жылы 2006 жылмен салыстырғанда 3-5 %-ды, ал мал шаруашылығы өнімінің өндірісі 3-7 %-ды құрады. Мал шаруашылығында жүргізілетін асылдандыру - селекция жұмысы саланың дамуына белгілі бір әсерін тигізеді. Алайда, саланың дамуын ұстап отырған бірқатар факторлар бар. Ауыл шаруашылығы малдарының барлық мал басының шамамен 80 %-ы жеке меншікте. Асыл тұқымды мал басының үлес салмағы төмен болып қалуда және тек 3-8 % құрайды. Жетекші ет экспорттаушылары мен мал шаруашылығының даму деңгейін салыстыру оларда негізгі өндірісі ірі тауар фермаларында шоғырланғандығын көрсетті, бұл жоғары өнімділікті сақтауды және мал шаруашылығы өнімі өндірісінің көлемін арттыруды қамтамасыз етеді. Ветеринария саласында республикада эпизоотиялық салауаттылықты және мал шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілді. Алайда, ветеринариялық салауаттылық жергілікті атқарушы органдардың мал қорымдарын мен мал сою пункттерінің құрылысын жүргізуді әлсіз ұйымдастыруынан, малдардың аса қауіпті ауруларына қарсы эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге республикалық бюджеттен бөлінген қаржының жеткіліксіздігінен бұзылуда. АӨК-нің қайта өңдеу кешенінің қазіргі жағдайын тұрақты және өндірістің өсуіне маңызды әлеуеті бар деп бағалауға болады. Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу және тамақ өнімдері өндірісінің көлемі жыл сайын ұлғаюда. 2007 жылы 2006 жылмен салыстырғанда қайта өңделген ауыл шаруашылығы шикізатының үлесі оның өндірісінің жалпы көлемінен артты: сүт - 29%-ға дейін, астық - 37%-ға дейін, майлы - 98%-ға дейін, ет - 24%-ға дейін. Алдыңғы жылмен салыстырғанда қайта өңдеу кәсіпорындары өндірген өнім көлемі 7,3%-ға ұлғайды. Шығарылған өнім сапасы жақсартылуда, кәсіпорындардың халықаралық стандарттарға өтуі жүзеге асырылуда. Халықаралық ИСО және ХАССП стандарттарына негізделген сапа менеджменті жүйесін (бұдан әрі - СМЖ) 184 кәсіпорын салалары енгізді, 89 кәсіпорын СМЖ-ны енгізуге өндірісті әзірлеу және дайындау сатысында тұр. Осы уақытта қайта өңдеу өнеркәсібінің даму қарқынын бірқатар шешілмеген мәселелер артқа тартуда. Бұл өнеркәсіптік қайта өңдеудің төмен деңгейі және қайта өңдеу кәсіпорындары қуатының толыққанды еместігі, тамақ өнімдері бәсекеге қабілетті деңгейінің жеткіліксіз болуы; кейбір тамақ өнімдерінің импорттық үлесі жоғары, мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарында ХАССП принциптерін енгізу бойынша жұмыстардың жеткіліксіз болуы, азық-түлік сапасының халықаралық стандарттың негізгі талаптарына сәйкес келмеуі, ауыл шаруашылығы дақылдарының негізгі түрлері өндірісінің маусымдық сипаты. Экспорт көлемінің орнықты өсу үрдісі жалғасуда. Сонымен, 2007 жылы ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік тауарлары жалпы сомасы 2,3 млрд. АҚШ доллары шамасында экспортталды. Ең ірі экспорттық позицияда астық және оның қайта өңдеу өнімдері болып қалуы жалғасуда. 2007 жылы экспортқа 6,9 млн. тонна астық және 1,5 млн. тонна шамасында ұн жөнелтілді, бұл 2006 жылдың деңгейінен тиісінше 49,2%-ға және 29,5%-ға артық. Саланың серпінді дамуына мемлекеттік қолдау көрсетудің тиімділігі ықпал етті. Өткен жылы агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдау көлемі маңызды түрде артты және 77,9 млрд. теңгені құрады, бұл 2002 жылдан 2,8 есе жоғары. 2008 жылы ауыл шаруашылығын қолдауға бөлінді 134,4 млрд. теңге, оның ішінде субсидиялар - 40,3 млрд. теңге, кредиттер - 52,6 млрд. теңге. 2005-2007 жылдары мемлекет агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ғылыми зерттеулерді қаржыландыруды ұлғайтты. Қолданбалы ғылыми зерттеулер әзірлемелерін қаржыландыруға республикалық бюджеттен 6 787,6 млн. теңге бөлінді, оның ішінде: 2005 жылы - 1 151,0 млн. теңге, 2006 жылы - 1 460,8 млн. теңге, 2007 жылы - 2 300,0 млн. теңге. Осы мерзімде ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған құралдар мен жабдықтар сатып алуды субсидиялауға 1 872,4 млн. теңге бөлінді. 2008 жылы аграрлық ғылымды дамытуға республикалық бюджеттен 2 705,0 млн. теңге бөлінді, бұл 2007 жылдың деңгейінен 1,7%-ға артық. Аграрлық сектордың жедел ғылыми-технологиялық дамуын қамтамасыз ету мақсатында 2007 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 25 ғылыми-зерттеу ұйымын қайта құру жолымен «ҚазАгроИнновация» (бұдан әрі - «КАИ») акционерлік қоғамы (бұдан әрі - АҚ) құрылды, оның негізгі миссиясы жаңа агротехнологияларды коммерциялық қолданысқа құру және енгізу, перспективалық шетелдік агротехнологияларды трансферттеу, әлемдік деңгейдегі ғылыми техникалық қызметтер көрсету болып табылады. АӨК-ні дамытудың 2003 - 2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасын, Қазақстан Республикасы АӨК орнықты дамыту бойынша 2006 - 2010 жылдарға арналған тұжырымдамасы мен іс-шараларды орындау нәтижесі ауыл шаруашылығы өндірісінің ары қарай дамуы үшін іргетас болып табылады. Аграрлық саланы аса жоғары даму деңгейіне шығаруға мүмкіндік беретін бағдарламалық құжатты әзірлеу үшін нақты мүмкіндік туып тұр.
4. Шаралар кешеннің мақсаттары мен міндеттері
Мақсаты агроөнеркәсіптік кешені салаларының орнықты дамыту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, отандық өнімдердің ұлттық бәсекелестік артықшылықтарын дамыту және аграрлық өндірісті ДСҰ-ға кіру шарттарына бейімдеу. Міндеттер Ішкі қажеттілікті қамтамасыз ету және экспорттық ресурстарды қалыптастыру үшін ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түліктің тұрақты өндіру; Агроөнеркәсіптік кешенді орнықты дамытудың экономикалық жағдайы мен тетіктерін құру; АӨК өнімдерін өндірушілерді қолдау және ауыл шаруашылығы өнімдері нарығын мемлекеттік реттеу шараларын жүзеге асыру; экспорттық тауашаларды алу үшін АӨК-нің сапалы бәсекеге қабілетті өнімін өндіру; АӨК-нің қазіргі заманғы инфрақұрылымын дамыту; Республиканың ветеринариялық және фитосанитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету; суармалы егіншілікті тиімді дамыту мен өнімділігін арттыру үшін мелиоративтік жағдай жасау; елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және әлемдік ғылым трендіне сәйкес АӨК-нің басым бағыттарына ғылыми зерттеулерді шоғырландыру; аграрлық саладағы өндіріске білім берудің тиімді жүйесін және ғылыми-техникалық және инженерлік-техникалық қызметтердің бәсекеге қабілетті нарығын қалыптастыру мен дамыту; корпоративтік басқарудың әлемнің таңдаулы тәжірибесін, әлемнің таңдаулы ғылыми және зертханалық тәжірибесін енгізу және тарату және ауыл шаруашылығының ғылыми-техникалық саласында адам ресурстарын дамыту; АӨК-нің қажеттілігі үшін жоғары білікті кадрларды даярлау; аграрлық ЖОО-ның инфрақұрылымын қалыптастыру және дамыту.
5. Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және азық-түлік нарығын реттеу
5.1. Азық-түлік қауіпсіздігі және азық-түлік нарығы
Қазақстан әлемдік нарыққа азық-түлік және ауыл шаруашылығы шикізатын ірі өндіруші және жеткізуші болып табылады. Ол ФАО-нің мәліметі бойынша астықты, картопты, көкөністі, сондай-ақ мал шаруашылығы өнімдерін - ет пен сүтті негізгі өндіруші әлемнің 26 елінің қатарына кіреді. Қазіргі кезде ұлттық нормалар бойынша негізгі тұтыну өнімдеріне халықтың мұқтаждығы отандық өндіріс есебінен қанағаттандырылады. Азық-түлік астығының ендірісі ішкі қажеттіліктен бірнеше мәрте асып түседі, оның маңызды бөлігі әлемдік нарыққа экспортталады. Картоп, жаңа піскен жеміс және бақша дақылдары, ас сүті мен жұмыртқаға қажеттілік қанағаттандырылады. Алайда, бұл жағдай ішкі нарықтағы төмен сұраныстың аясынан қалыптасқан және Әлемнің экономикалық дамыған елдеріне қарағанда және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған нормадан Қазақстанда халықтың нақты тұтынысы (нан өнімдері және өсімдік майынан басқа) жан басына шаққанда аса темен. 2007 жылғы импорт ағынының талдауы көрсеткендей кейбір тамақ өнімінің ішкі тұтыныстағы импорт үлесі шектеулі мүмкіндік табалдырығынан асып кеткен қант бойынша - 29,3 %, шырын бойынша - 32,2 %, томат консервілері бойынша - 51,7 %, жеміс және көкөніс консервілері бойынша - 90 % аса, қышқыл сүт өнімі бойынша - 23,3 %, шұжық өнімдері бойынша - 38,5 %, ет консервілері бойынша - 48,3 %, сыр бойынша - 55,9 %, құрғақ сүт бойынша - 84,4 %, сүт және қойылтылған қаймақ бойынша - 80 % құрады. |