Орман шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету ережесін бекіту туралы
Осы редакция 2010 жылғы 13 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Орман шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету ережесі бекітілсін. 2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 586 қаулысымен бекітілген
Орман шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету ережесі
1. Осы Орман шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне сәйкес әзірленді және орман шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларында тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөнінде ақылы қызмет түрлерін көрсетуді регламенттейді. Осы Ереженің әрекеті өздерінің қызметін орман шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларында жүзеге асыратын республикалық және де коммуналдық меншіктегі мемлекеттік мекемелерге қолданылады. 2. Орман шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларында тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлері Қазақстан Республикасы орман заңнамасының және Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Орман шаруашылығы саласындағы мемлекеттік мекемелер жүзеге асыратын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі қызмет түрлері
3. Орман шаруашылығы саласындағы мемлекеттік мекемелер тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөнінде мынадай ақылы қызмет түрлерін жүзеге асырады: 1) жеке және заңды тұлғаларға: егу материалын өсіру мен орман тұқымдарын жинау; көгалдандыру, қорғаныштық, плантациялық және өзге де екпелер егу; оқу практикаларын өткізу жөнінде ақылы қызметтер көрсету; 2) мыналардан: аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуден және өзге мақсаттарда, оның ішінде халықты отынмен қамтамасыз ету үшін ағаш кесуден: орманды жанама пайдаланудан өндірілген тауарларды өткізу. 4. Мемлекеттік мекемелердің орман шаруашылығы саласындағы тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған қаражатты пайдалануы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік мекемелер жүзеге асыратын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі қызмет түрлері
5. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік мекемелер мынадай: 1) жеке және заңды тұлғалар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың табиғи кешендерін туристік және рекреациялық мақсаттарда пайдаланған кезде оларға ақылы қызметтер көрсету, оның ішінде: туристік соқпақтар, тамашалау алаңдарын, дамылдау алаңқайларын, көлікке арналған тұрақтар, кемпингтер, шатырлы лагерьлер немесе оларды орналастыратын орындар беру; ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік мекемелердің басқаруындағы қонақүйлер, мотельдер, туристік базалар, қоғамдық тамақтандыру, сауда және басқа да мәдени-тұрмыстық мақсаттағы объектілерді немесе оларды орналастыратын орындар беру; ерекше қорғалатын табиғи аумақта құбыр жолдар, электр беру және байланыс желілерін, жолдар (жалпы пайдаланымдағы жолдардан басқа) орналастыру; туристік мүкәммалды жалға беру; әуесқойлық (спорттық) аң аулау мен балық аулауды өткізу; жолсеріктер, экскурсоводтар, гидтер және аудармашылар беру; мемлекеттік табиғи-қорық қоры, табиғи және тарихи-мәдени мұра объектілерінде, табиғат мұражайларында және тірі жануарлар мүйістерінде болған және оларды зерделеген кезде кәсіби кино, бейне және фото түсірілімдер өткізу; пайдалануға берілген аумақтар мен объектілерді санитариялық тазарту және аббаттандыру, сондай-ақ өзге ұйымдардың аумақтарын абаттандыру және көгалдандыру бойынша жұмыстар жүргізу; қоғамдық тамақтандыру объектілері үшін өнімдер ендіру; көлік қызметтерін көрсету; 2) шектеулі шаруашылық қызметті жүзеге асыру, оның ішінде: кәдесый өнімдерін, оның ішінде халық кәсіпшіліктерінің бұйымдарын жасау; аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуден және өзге мақсаттарда ағаш кесуден өндірілген тауарларды, олардан алынған сүректі өңдеу өнімдерін өткізу; орманды жанама пайдалану және өңдеу өнімдерін өткізу; елді мекендерді көгалдандыру үшін егу материалын өсіру; ерекше қорғалатын табиғи аумақтардан тыс жерлерде шектеулі шаруашылық қызмет тауарларын өткізу, қорғаныштық және көгалдандыру екпелерін егу; балық шабақтарын өсіру; туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық мақсаттарда жеке және заңды тұлғалармен жасалатын бірлескен қызмет туралы шарттар бойынша өнімдер өндіру және қызметтер көрсету; 3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың рәміздерін пайдаланғаны үшін төленетін ақы; 4) баспа және басқа да көбейтілген өнімдер өндіру жөнінде тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөнінде ақылы қызмет түрлерін жүзеге асырады. 6. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік мекемелердің жеке және заңды тұлғалардан ерікті жарналар мен қайырмалдықтар түрінде көмек алуына болады. 7. Осы Ереженің 5-тармағында көрсетілген қызмет түрлерінен қосымша табыстар табу мақсатында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік мекемелер мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарға қатысады. 8. Жұмыстар мен қызметтерді өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік мекемелер олар қарамағында болатын орталық және жергілікті атқарушы органдар белгілеген тарифтерге сәйкес жүзеге асырады. 9. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың рәміздерін (жалауларын, эмблемаларын, вымпелдерін және басқаларын) пайдаланғаны үшін төлемақы осы рәмізді пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардан алынады. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың рәміздерін пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік мекеменің әкімшілігі мен жеке және заңды тұлғалар арасындағы шарттың негізінде белгіленеді. 10. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік мекемелердің шектеулі шаруашылық қызметі нәтижесінде өндірілген тауарлар нарықтық бағалар бойынша өткізіледі. 11. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған қаражатты табиғатты қорғау мекемелерінің пайдалануы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Үкіметінің 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 586 қаулысына Қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны және олардың көрсететін қызметтері үшін төлем алудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 мамырдағы № 693 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 22, 245-құжат). 2. «Заңды тұлғалар болып табылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қаражатын құрау мен пайдалану тәртібі жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 21 тамыздағы № 933 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 28, 312-құжат). 3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдері мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы № 258 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3 және 4-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 11, 128-құжат).
|