Өнеркәсіп саласындағы жекелеген қызмет түрлерін лицензиялау ережесін және оларға (2009.26.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 23 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Өнеркәсіп саласындағы жекелеген қызмет түрлерін лицензиялау ережесі; 2) өнеркәсіп саласындағы жекелеген қызмет түрлеріне қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін. 2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. ҚР Үкіметінің 2009.26.11. № 1941 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Осы қаулы 2008 жылғы 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізелетін өнеркәсіп саласындағы жекелеген қызмет түрлеріне қойылатын біліктілік талаптарының 8-тармағын қоспағанда, ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1311 қаулысымен бекітілген
Өнеркәсіп саласындағы жекелеген қызмет түрлерін лицензиялау ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Өнеркәсіп саласындағы жекелеген қызмет түрлерін лицензиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және өнеркәсіп саласындағы: 1) электр және жылу энергияларын өндіру, беру және тарату, электр станцияларын, электр желілері мен шағын электр станцияларын пайдалану; 2) тау-кен, мұнай-химия, химия, мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалау және пайдалану, газ, мұнай мен мұнай өнімдерін сақтау объектілерін, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалану; 3) минералдық шикізатты қайта өңдеу (кеңінен таралған пайдалы қазбаларды қайта өңдеуді қоспағанда); 4) тұрғын үй және коммуналдық-тұрмыс объектілерін газдандыру жүйесін пайдалану; 5) химиялық, бұрғылау, мұнай-газ кәсіпшілігі, геологиялық барлау, кен-шахта, металлургиялық, энергетикалық жабдықтарды, жарылыстан қорғалған электр техникалық жабдықтарды, көтергіш құрылыстарды, сондай-ақ жұмыс істеу қысымы 0,7 кг/см2 жоғары және жылу жеткізу температурасы 115 0С жоғары қазандықтарды, 0,7 кг/см2 қысымнан жоғары қысыммен жұмыс істейтін сауыттар мен құбырларды жобалау, дайындау, монтаждау, жөндеу (бірыңғай технологиялық процесте пайдаланылатын жабдықтарды жобалауды, дайындауды, монтаждауды, жөндеуді қоспағанда); ҚР Үкіметінің 2009.03.03. № 237 Қаулысымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) электр энергиясын энергиямен жабдықтау мақсатында сатып алу жөніндегі қызметтерді лицензиялау тәртібін белгілейді. 2. Өнеркәсіп саласындағы қызмет түрлерімен айналысуға бас лицензия немесе біржолғы лицензия беріледі. 3. Лицензияның күші Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады. 4. Лицензия иеліктен шығарылмайды және оны лицензиат басқа жеке немесе заңды тұлғаға бере алмайды. ҚР Үкіметінің 2008.09.06. № 552 Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі лицензиялайтын қызмет түрлерінің тізбесі осы Ережеге 1-қосымшада көрсетілген. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі лицензиялайтын қызмет түрлерінің тізбесі осы Ережеге 2-қосымшада көрсетілген.
2. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын беру тәртібі
6. Лицензия алу үшін өтініш берушілер лицензиарға мынадай құжаттарды ұсынады: 1) белгіленген үлгідегі өтініш; 2) Жарғының және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмелері (заңды тұлға үшін); 3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (жеке тұлға үшін); 4) өтініш берушінің дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелуі туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі (дара кәсіпкер үшін); 5) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі; 6) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат; 7) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар. 7. Лицензиясы бар қызмет түрі шеңберінде лицензияға қосымшаны алу үшін мынадай құжаттар қажет: 1) өтініш; 2) лицензияның нотариалды куәландырылған көшірмесі; 3) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар. Лицензия алуға өтініш белгіленген тәртіппен тіркеуге жатады. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру үшін лицензиарға ұсынылған барлық құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесі құжаттарды қабылдаған күні туралы белгі соғылып, өтініш берушіге жіберіледі (табыс етіледі). ҚР Үкіметінің 2008.09.06. № 552 Қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 8. Өтініш беруші ұсынған құжаттарды тіркегеннен кейін лицензиар Заңмен белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін органдарға өтініш берушінің қоршаған ортаны қорғау, ядролық, радиациялық, санитарлық-эпидемиологиялық, өнеркәсіптік, өрт қауіпсіздігі және мемлекеттік энергетикалық қадағалау саласында қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды беру туралы сұрау салады. Лицензиар өтініш беруші ұсынған мәліметтер мен құжаттардың біліктілік талаптарына сәйкестігін, мемлекеттік органдардың қорытындыларын қарайды және қажетті құжаттарымен бірге өтініш берілген күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін он жұмыс күнінен кешіктірмей лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны береді, не лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тартудың себептері туралы жазбаша түрде дәлелді жауап қайтарады. Қоршаған ортаны қорғау органдарының қорытындысы: 1) тау-кен, мұнай-химия, химия, мұнай-газ өңдеу өндірістерін пайдалану, газ, мұнай және мұнай өнімдерін сақтау объектілерін, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалану; 2) минералдық шикізатты қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін талап етіледі. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарының қорытындысы: 1) мұнай-химия, химия, мұнай-газ өңдеу өндірістерін пайдалану; 2) химиялық, бұрғылау, мұнай-газ кәсіпшілігі, геологиялық барлау, тау-кен-шахта, металлургиялық, энергетикалық жабдықтарды, жарылыстан қорғалған электротехникалық жабдықтарды, көтергіш құрылыстарды, сондай-ақ жұмыс істеу қысымы 0,7 кг/см2 жоғары және жылу жеткізу температурасы 115 0С асатын қазандықтарды, 0,7 кг/см2 жоғары қысыммен жұмыс істейтін сауыттар мен құбыржолдарды дайындау, монтаждау, жөндеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін талап етіледі. Өнеркәсіп қауіпсіздігі органдарының қорытындысы: 1) тау-кен, мұнай-химия, химия, мұнай-газ өңдеу өндірістерін пайдалану, газ, мұнай мен мұнай өнімдерін сақтау объектілерін, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалану; 2) минералдық шикізатты қайта өңдеу; 3) үй ішіндегі газ желілеріне, газ аспаптары мен жабдықтарына техникалық қызмет көрсету мен оларды күтіп ұстауды пайдалануды қоспағанда, тұрғын және коммуналдық-тұрмыстық объектілерге газ орнату жүйелерін пайдалану; 4) химиялық бұрғылау, мұнай-газ кәсіпшілігі, геологиялық барлау, тау-кен-шахта, металлургиялық, энергетикалық жабдықтарды, жарылыстан қорғалған электротехникалық жабдықтарды, көтергіш құрылыстарды, сондай-ақ жұмыс істеу қысымы 0,7 кг/см2 жоғары және жылу жеткізу температурасы 115 0С асатын қазандықтарды, 0,7 кг/см2жоғары қысыммен жұмыс істейтін сауыттар мен құбыржолдарды дайындау, монтаждау, жөндеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін талап етіледі. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау органдарының қорытындысы: 1) электр және жылу энергиясын өндіру, беру және тарату, электр станцияларын, электр желілері мен кіші станцияларды пайдалану; 2) энергетикалық жарылыстан қорғалған электротехникалық жабдықтарды жөндеу; ҚР Үкіметінің 2009.03.03. № 237 Қаулысымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) электр энергиясын энергиямен жабдықтау мақсатында сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін талап етіледі. 9. Лицензиясы және (немесе) лицензияға қосымшасы жоғалған, бүлінген жағдайда лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын алу үшін лицензиат лицензиясы және (немесе) лицензияға қосымшасын жоғалғанын, бүлінгенін растайтын құжаттарды қоса бере отырып жазбаша өтініш береді. Лицензиар өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жаңа нөмір бере отырып және жоғарғы оң жақ бұрышында «Телнұсқа» деген жазуы бар лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын береді. 10. Қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін төленетін лицензиялық алым Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес лицензия, лицензияның телнұсқасы берілген кезде алынады. Лицензияға қосымшаларды, лицензияға қосымшалардың телнұсқаларын берген кезде лицензиялық алым алынбайды. Қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. 11. Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда, бірігу, біріктіру, бөліну немесе қайта құру нысанында заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, заңды тұлғаның атауы өзгерген, сондай-ақ қызмет түрінің және (немесе) қызметтің кіші түрінің атауы өзгерген кезде, егер мұндай өзгеріс қызмет түрі және (немесе) қызметтің кіші түрі шеңберінде орындалатын операциялардың мәнінің өзгеруіне әкеп соқпаса, ол күнтізбелік отыз күн ішінде аталған мәліметтерді растайтын тиісті құжаттармен қоса, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу туралы өтініш беруге міндетті. Лицензиат тиісті жазбаша өтініш берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде лицензиар лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдейді. 12. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден Заңда көзделген жағдайларда бас тартылуы мүмкін. 13. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын қайта ресімдеу және беру Заңға сәйкес жүзеге асырылады. 14. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысы Заңда көзделген жағдайларда тоқтатылады.
ҚР Үкіметінің 2008.09.06. № 552 Қаулысымен 15-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 15. Лицензиялық бақылауды лицензияланатын қызмет бойынша лицензиат ұсынатын жыл сайынғы есеп беру және лицензиаттар қызметінің біліктілік талаптарына сәйкестігін, лицензия талаптары мен Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын тексерулер арқылы лицензиар жүзеге асырады. Лицензиялық бақылау, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының ақпаратын талдаудың және лицензиарлардың қолындағы басқа да материалдардың негізінде, мемлекеттік органдардың, азаматтардың, заңды тұлғалардың жазбаша өтініштері мен хабарламаларының негізінде жүзеге асырылады. Лицензиат осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысанда лицензияланатын қызмет түрі бойынша жыл сайын, есептік жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына дейінгі мерзімде есеп береді. 16. Өнеркәсіп саласындағы лицензиаттардың қызметін тексеруді ұйымдастыру және жүргізу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады. Қауіпті өнеркәсіптік өндіріс объектілеріндегі, оның ішінде жылу, электр энергетикасы саласындағы лицензиаттардың қызметіне тексерулер жүргізу үшін, сондай-ақ өтініш беруші және (немесе) лицензиат ұсынған мәліметтердің дұрыстығын тексеру үшін лицензиар мемлекеттік органдарды, оның ішінде энергетикалық қадағалау, өнеркәсіптік, экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік органдарын, сондай-ақ белгіленген заңнамалық тәртіппен аккредиттелген тәуелсіз сараптамалық ұйымдарды (сарапшыларды) тартады. 17. Лицензияның қолданысын тоқтата тұру және лицензиядан айыру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2008.09.06. № 552 Қаулысымен 1-қосымшамен толықтырылды (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі)
жекелеген қызмет түрлерін лицензиялау ережесіне 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі лицензиялайтын қызмет түрлерінің тізбесі
1. Тау-кен, мұнай-химия, химия өндірістерін жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану, мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалау (технологиялық): 1) қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда), мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндіруді жобалау; 2) қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын, мұнай-газ кен орындарын әзірлеу жобаларын және технологиялық регламенттерін жасау; 3) қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын, мұнай-газ кен орындарын әзірлеу жобаларының техникалық-экономикалық негіздемесін жасау; 4) қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда), мұнай, газ, мұнай-газ конденсатын өндіру; 5) ашық және жер асты тәсілдерімен қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын ашу және әзірлеу; 6) мұнай, газ, мұнай-газ конденсатын өндіру; 7) пайдалы қазбаларды өндіру үшін жарылыс жұмыстарын жүргізу; 8) кеніштер мен шахталарды жабу жөніндегі тарату жұмыстары; 9) кен орындарында технологиялық жұмыстар жүргізу; 10) мұнай, газ ұңғымаларындағы каротаж жұмыстары; 11) мұнай, газ ұңғымаларындағы атқылау-жару жұмыстары; 12) мұнай, газ ұңғымаларын, соның ішінде теңізде және ішкі су айдындарында бұрғылау; 13) ұңғымаларды жер астында және күрделі жөндеу; жабдықтар мен агрегаттарды бөлшектеу; ұңғымалар көтергішін орнату; 14) ұңғымаларды жөндеуден кейін сынау; 15) ұңғымаларды жуу, цементтеу, сынап көру және игеру; 16) мұнай қабаттарының мұнай беруін арттыру және ұңғымалардың өнімділігін ұлғайту; 17) құрлықта және теңізде мұнайдың төгілуін, ұңғымалардың өздігінен атқылауын, мұнай және газ шығарындыларын (бұрқаққа қарсы жұмыстарды қоспағанда) болғызбау және жою жөніндегі жұмыстар; ұңғымаларды консервациялау; 18) мұнай-химия, химия өндірістерін жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану: органикалық және органикалық емес химия, каучук, шина, резеңке-техника өнеркәсібінің өнімдерін, техникалық көміртегін, химиялық талшықтарды, полимерлік материалдарды және пластмассаларды; құрамында мұнай бар қалдықтарды қайта өңдеу; басқа мемлекеттердің аумағында орындалған және Қазақстан Республикасында енгізілетін жер қойнауын пайдалану, мұнай-газ өңдеу, мұнай-химиялық, химиялық өндіріс саласындағы жобалау және жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасы; 19) мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалау (технологиялық): мұнайды бастапқы және терең өңдеу өнімдерін; октандық санды арттыру мақсатында компаундирлеу, тауарлық бензиндерге телімдер, қоспалар және компоненттер енгізу бойынша; белгіленген сипаттағы бензин алу мақсатында компаундирлеу, кондициялық емес мұнай өнімдеріне телімдер, қоспалар мен компоненттер енгізу бойынша; дизель отынына, мазутқа телімдер мен қоспалар енгізу бойынша; мұнай майларына телімдер енгізу бойынша. 2. Минералдық шикізатты қайта өңдеу (кең таралған пайдалы қазбаларды қайта өңдеуді қоспағанда): 1) пайдалы қазбаларды бөлудің физикалық тәсілі; 2) пайдалы қазбаларды бөлудің физика-химиялық тәсілі; 3) пайдалы қазбаларды бөлудің химиялық тәсілі; 4) пайдалы қазбаларды бөлудің металлургиялық (пирометаллургия, күйдіру, гидрометаллургия, қыздыру) тәсілі; 5) құрамында пайдалы қазба бар тау-кен, байыту, металлургиялық және басқа да өнеркәсіптік өндірістердің қалдықтарын өңдеу. 3. Химиялық, бұрғылау, мұнай-газ кәсіпшілігі, геологиялық барлау, кен-шахта, металлургиялық, энергетикалық жабдықтарды, жарылыстан қорғалған электр техникалық жабдықтарды, көтергіш құрылыстарды, сондай-ақ жұмыс істеу қысымы 0,7 кг/см2 және жылу жеткізу температурасы - 115оС қазандықтарды, 0,7 кг/см2 жоғары қысыммен жұмыс істейтін сауыттар мен құбырларды жобалау, дайындау, монтаждау, жөндеу (бірыңғай технологиялық процесте пайдаланылатын жабдықтарды жобалауды, дайындауды, монтаждауды, жөндеуді қоспағанда): 1) жобалау (жабдық әзірлеу үшін қажетті техникалық-экономикалық негіздемені, есептерді, сызбаларды, макеттерді, сметаларды, түсіндірме жазбаларды қамтитын кешенді техникалық, конструкторлық-технологиялық құжаттаманы әзірлеу); 2) жасау (тұтас жабдықты, жекелеген элементтерді, түйіндерді, бөлшектерді, бөліктерді, блоктарды, қосалқы құрылғыларды); 3) монтаждау (құрылыстарды, конструкцияларды, технологиялық жабдықтарды, агрегаттарды, машиналарды, аппараттарды, аспаптар мен дайын бөлшектерден, түйіндерден, элементтерден жасалған басқа құрылғыларды өндірісті, объектіні пайдалану кезеңінде жинау, жөндеу және орнату); 4) жөндеу (техникалық құрылғының жай-күйінің диагностикасы, оның дайындығын немесе жұмыс қабілетін қалпына келтіру, элементтерді ауыстыру, бұзылған жерлерді жөндеу, жою).
ҚР Үкіметінің 2008.09.06. № 552 Қаулысымен 2-қосымшамен толықтырылды (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Өнеркәсіп саласындағы жекелеген қызмет түрлерін лицензиялау ережесіне 2-қосымша
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі лицензияланатын қызмет түрлерінің тізбесі
1. Электр және жылу энергиясын өндіру, беру және тарату, электр станцияларын, электр желілері мен кіші электр станцияларды пайдалану: 1) электр энергиясын 35 кВ (киловольт) және одан жоғары кернеумен электр энергиясының көздерінен өндіру; 2) электр энергиясын тұтынушыға беру және тарату; 3) электр станцияларын, электр желілерін және коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы энергиямен жабдықтау объектілері мен бірыңғай технологиялық процесте пайдаланылатын электр жабдықтау объектілерін қоспағанда, қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын кіші станциялардың барлық түрлерін (трансформаторлық кіші станцияларды, бөлу құрылғыларын, релелік қорғауды және автоматиканы) пайдалану; 4) өз қажеттілігі үшін жылу энергиясын өндіруді қоспағанда, елді мекендерді, өндірістік үй-жайлар мен объектілерді жылумен жабдықтау үшін жылу энергиясын өндіру; 5) елді мекендерді, өндірістік үй-жайлар мен объектілерді жылумен жабдықтау үшін жылу энергиясын беру және тарату жөнінде қызметтер көрсету. 2. Мұнай-газ өңдейтін өндірістерді пайдалану, газ, мұнай мен мұнай өнімдерін сақтайтын объектілерді, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдерінің құбырларын пайдалану: 1) мұнай-газ өңдейтін өндірістерді пайдалану: мұнайды бастапқы және терең өңдеу өнімдерін; октан санын арттыру мақсатымен компаундирлеу, тауарлық бензиндерге телімдер, қоспалар мен компоненттер енгізу бойынша; діттелген сипаттағы бензин алу мақсатында компаундирлеу, кондициялық емес мұнай өнімдеріне телімдер, қоспалар мен компоненттер енгізу бойынша; дизель отынына, мазутқа телімдер мен қоспалар енгізу бойынша; мұнай майына телімдер енгізу бойынша; 2) газ, мұнай және мұнай өнімдерін сақтау объектілерін (мұнай-, газ сақтау, мұнай-, газ-, ағызу-құю эстакадаларын, мұнай базаларын, автожанармай құю станцияларын, газ толтыру станциялары мен пункттерін, автоцистерналарды, автогаз құю станцияларын, автогаз толтыру станцияларын, баллон жинау аралық пункттерін) пайдалану: тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, сұйытылған және жанғыш газдарды (бірыңғай технологиялық процесті қамтамасыз ететін объектілерді қоспағанда) қабылдау, ағызу, құю, сақтау, босату; 3) магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалану; 4) магистральдық газ-мұнай өнімдері құбырларының жабдықтарын, сорғы-сығымдаушы станцияларының қондырғыларын, резервуарлық парктері мен желілік бөлігін, сондай-ақ жерасты газ сақтау технологиялық жабдықтары мен ұңғымаларын пайдалану; 5) магистральдық құбырларға, негізгі және қосалқы жабдыққа техникалық қызмет көрсету, оларды жөндеу (дәнекерленген жіктердің, қосылыстар мен бекітпелердің профилактикасы, оларды тексеру, техникалық жай-күйін бақылау, оның диагностикасы); 6) магистралдық құбыр жолдарының сорғы-сығымдаушы станциялары жабдықтарының және желілік бөліктерінің, оның ішінде су асты өткелдерінің диагностикасы; 7) электр химиялық қорғау құралдарына тоттануға техникалық қызмет көрсету. 3. Тұрғын үй және коммуналдық-тұрмыс объектілерін газдандыру жүйелерін пайдалану: 1) сыртқы газбен жабдықтау жүйелерін пайдалану, оларға техникалық қызмет көрсету және ұстау (газ тарату пункттері, газ тарату қондырғылары, жоғары, орташа және төмен қысымды газ тарату желілері); 2) үй ішіндегі газ желілерін, газ құралдары мен жабдығын пайдалану, оларға техникалық қызмет көрсету және ұстау. ҚР Үкіметінің 2009.03.03. № 237 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4. Электр энергиясын энергиямен жабдықтау мақсатында сатып алу.
ҚР Үкіметінің 2008.09.06. № 552 Қаулысымен қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Ережеге 3-қосымша
ЕСЕП
Лицензияланатын қызмет түрі бойынша ____ _______ жұмыс кезеңі үшін (лицензия № ______________________________________________ жылғы) _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ (қызметтің түрі, лицензиаттың атауы, мекен-жайы, телефон, факс)
Tүсіндірме жазба
1. Аумақтық қадағалау органдарының тексеру актілерін қоспағанда, біліктілік талаптарына сәйкес лицензияланатын қызмет түрі бойынша ақпарат, сондай-ақ: 1) қадағалау органдарының ұйғарымдары бар болғанда, ұйғарымдардың көшірмесі және анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпарат ұсынылады; 2) лицензия алу үшін ұсынылған мәліметтерде болған өзгерістер туралы ақпарат. 2. Лицензиат электр энергетикасы саласындағы жоғарыда көрсетілген ақпараттан басқа: 1) белгіленген тәртіппен бекітілген: энергия үнемдеу, қоршаған ортаны қорғау, қауіпсіздік техникасы жөніндегі бағдарламалар мен іс-шараларды; осы заманғы жабдықтар мен технологияларды пайдалана отырып, электр энергетикасында қолданылып жүрген өндірістік объектілерді қайта жаңарту, жаңғырту және жаңаларын салу жөніндегі бағдарламаларды; жөндеу жұмыстарын орындау жоспарларын (бағдарламаларын) іске асыру бойынша есепті ұсынады.
Басшы ________________________________________ (қолы, тегі, аты, әкесінің аты)
Мөр орны 200__ жылғы «______»
Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1311 қаулысымен бекітілген
Өнеркәсіп саласындағы жекелеген қызмет түрлеріне қойылатын біліктілік талаптары
1. Электр энергиясын өндіру, электр станцияларын пайдалану жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары электр станциялары арқылы кернеуі 35 кВ және одан да жоғары электр энергиясын өндіруді және электр желісіне босатуды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға (оның ішінде филиалдар, өкілдіктер) және жеке тұлғаларға (дара кәсіпкерлер) қолданылады және: 1) меншігінде немесе лизинг, концессия, жедел басқару шарттары бойынша электр энергиясын өндіру мен босату процестерін қамтамасыз ететін мамандандырылған өндірістік ғимараттар мен инженерлік құрылыстардың, технологиялық жабдықтың (өтініш беруші мәліметтер мен құжаттар ретінде мыналарды: теңгерімде тұрған негізгі өндірістік активтердің тізбесін, осы шарттардың талаптарына сәйкес пайдаланылатын активтері ажыратылған лизинг, концессия, жедел басқару шарттарының көшірмелерін, негізгі жабдықтың техникалық, энергетикалық сипаттамалары жөніндегі ақпаратты, электр энергиясын бақылау мен есепке алудың автоматтандырылған жүйелерімен (бұдан әрі - ЭБЕАЖ) және электр энергиясын есепке алу аспаптарымен жарақтандырылуы жөніндегі ақпаратты ұсынады); 2) мыналарды: электр станцияларының жабдықтарын пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетуді; кернеу, ток жиілігі, релелік қорғаныш және аварияға қарсы автоматика - параметрлері мен режимдері бойынша жұмыс істеп тұрған электр энергиясын беру және тарату жүйесімен технологиялық үйлесімділікті; жедел диспетчерлік басқаруды; еңбек қорғауды және техника қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қызметтердің; 3) тиісті білім деңгейіне (басшылар үшін - электр энергетикасы саласындағы жоғары білім, мамандар үшін - ең кемі арнаулы орта білім) жауап беретін және мамандығы бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі бар (басшылар үшін - кемінде 3 жыл, мамандар үшін - кемінде 1 жыл) білікті техникалық басшылар мен мамандар құрамының (өндірістік персоналдың жалпы санының 70% кем емес) (өтініш беруші мәліметтер мен құжаттар ретінде тегін, атын, әкесінің атын, мамандығы бойынша білімін, лауазымын, мамандығы бойынша осы саладағы жұмыс өтілін қамтитын штат кестесі мен жиынтық кестені ұсынады); |