Қазакстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (2014.04.09. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкiметiнiң 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1173 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкіміне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 маусымдағы № 612 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкіміне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Мемлекеттік қарыздар мен гранттарды жоспарлау, тарту және пайдалану тиімділігі мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 қазандағы № 1047 қаулысында: 1) көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 2) көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік қарыздар мен гранттарды жоспарлау, тарту және пайдалану тиімділігі мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ережеде: 17-тармақта «Экономика және бюджеттік жоспарлау» деген сөздер «Экономикалық даму және сауда» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. «Республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 қыркүйектегі № 836 қаулысында: 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|