|
|
|
«Азық-түлікті бөлшек және көтерме сауда нысандарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесін бекіту туралы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылдың 18 мамырдағы № 362 бұйрығымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына және 145-бабының 1), 2), 3), 6), 7), 18), 28) тармақшаларына сәйкес бұйырамын: 1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған «Азық-түлікті бөлшек және көтерме сауда нысандарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (К.С. Оспанов) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялауды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Жауапты хатшысы Б.Н. Садықовқа жүктелсін. 6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 30 шілдедегі № 578 бұйрығына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің күші жойылды деп танылатын кейбір бұйрықтарының тізбесі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |