Осы редакция 2010 жылғы 27 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 20.01.03 ж. № 55 қаулысымен (бұр. ред. қара); 17.03.04 ж. № 322 қаулысымен (бұр. ред. қара) қаулысымен; ҚР Үкіметінің 2007.19.12 № 1242 Қаулысымен (2008 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара) ереже жаңа редакцияда; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға (2010.07.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу ережесі, жұмыс берушілерге рұқсат берудің шарттары мен тәртібі (бұдан әрі - Ереже) «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеудің және бөлудің тәртібін, жұмыс берушілерге рұқсат берудің шарттары мен тәртібін белгілейді. 2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) шетелдік жұмыс күші (шетелдік қызметкерлер) - Қазақстан Республикасы аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс беруші тартатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар; 2) жұмыс беруші - қызметкермен еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға; 3) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат (бұдан әрі - рұқсат) - осы Ереженің 19-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті орган жұмыс берушіге орталық атқарушы орган бөлген квота шегінде, Қазақстан Республикасына шетелдік қызметкерді бір жұмыс жылынан аспайтын мерзімге тартуға беретін 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы құжат; 4) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота (бұдан әрі - квота) - республиканың экономикалық белсенді халқының санына шаққандағы процентпен алынған шетелдік жұмыс күшінің Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын белгілейтін үлесі; 5) бос жұмыс орны - жұмыс берушідегі бос жұмыс орны (қызмет); 6) орталық атқарушы орган - халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды үйлестіретін мемлекеттік орган; 7) уәкілетті орган - жергілікті атқарушы орган; 8) маусымдық ауыл шаруашылық жұмыстары - табиғат және ауа райы жағдайларына байланысты белгілі бір кезеңнің (маусымның) ішінде орындалатын ауыл шаруашылық жұмыстары. ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 1048 Қаулысымен (бұр. ред. қара) ; 2009.19.02 № 189 (бұр. ред. қара); 2009.12.03 № 294 (бұр.ред.қара); 2009.30.09 № 1486 (бұр.ред.қара); 2010.30.01. № 50 (бұр.ред.қара); 2010.07.06. № 532 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 3-тармақ өзгертілді 3. Осы Ереженің күші азаматтығы жоқ тұлғаларға және шетелдіктерге: 1) шетелдік заңды тұлғалар филиалдарының немесе өкілдіктерінің бірінші басшылары болып істейтін; 2) мерзімі бір күнтізбелік жыл ішіндегі жиынтығы 60 күнтізбелік күннен аспайтын іссапарда жүрген; 3) Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына, шетелдік заңды тұлғалардың филиалдарына және (немесе) өкілдіктеріне шартқа сәйкес 60 күнтізбелік күннен астам мерзімге іссапарға жіберілген. 2-қосымшаға сәйкес уәкілетті орган растаған тізім бойынша шетелдік қызметкерлерді Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына, шетелдік заңды тұлғалардың филиалдарына және (немесе) өкілдіктеріне іссапарға жіберуге Қазақстан Республикасының осы заңды тұлғасының, шетелдік заңды тұлғалардың филиалдарының және (немесе) өкілдіктерінің қазақстандық персоналы Қазақстан Республикасынан тыс жердегі заңды тұлғаға кәсіптік даярлау, қайта даярлау және (немесе) біліктілігін арттыру мақсатында іссапарға жіберілген жағдайда жол беріледі. Қазақстандық персоналды іссапарға жіберу мерзімі жиынтығында шетелдік қызметкерлер іссапарға жіберілген мерзімнен кем болмауға тиіс. Қазақстандық азаматтар мен шетелдік қызметкерлерді іссапарға жіберу мерзімі уәкілетті орган тізімді растаған күннен басталады. Іссапарға жіберілетін шетелдік қызметкерлердің тізіміне төлқұжатының (жеке басын куәландыратын құжаттың) нотариалды расталған көшірмесі, іссапарға жіберілетін қазақстандық азаматтардың тізімі, өткен күнтізбелік жылда іссапарға жіберу шарттарының орындалғаны туралы ақпарат (бар болса) қоса беріледі. Тізімді растау: іссапарға жіберілгендердің тізімі тиісінше ресімделмеген; өткен күнтізбелік жылда қазақстандық азаматтарды даярлау, қайта даярлау және (немесе) олардың біліктілігін арттыру бойынша іссапарға жіберудің шарттары орындалмаған жағдайларда жүзеге асырылмайды. Әрбір қызметкерді іссапарға жіберудің жиынтық мерзімі күнтізбелік жыл ішінде 180 күнтізбелік күннен аспауға тиіс; 4) Қазақстан Республикасының Үкіметімен ақшалай баламасы 50 миллион АҚШ долларынан астам инвестиция сомасына келісім-шарттар жасасқан ұйымдардың бірінші басшылары және қызметтің басым түрлерінде инвестициялық қызметті жүзеге асыратын әрі инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен келісім-шарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының бірінші басшылары болып жұмыс істейтін; 5) дипломатиялық өкілдіктер мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлері, Қазақстан Республикасында аккредиттелген консулдық мекемелердің қызметкерлері болып табылатын; 6) қайырымдылық, ізгілік көмек көрсету және грант ұсыну жөніндегі Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары шеңберінде келген; 7) Қазақстан Республикасында акредиттелген шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері болып табылатын; 8) теңіз және өзен кемелері, әуе, темір жол және автомобиль көлігі экипаждарының мүшелері болып табылатын; 9) әртіс, режиссер, дирижер, хормейстер, балетмейстер, суретші, репетитор, спортшы мен жаттықтырушы болып жұмыс істейтін; 10) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын; 11) Қазақстан Республикасының аумағында босқын мәртебесін немесе саяси баспана алған; 12) Қазақстан Республикасының оқу орындарында күндізгі оқу бөлімінде оқитын және сонымен қатар оқудан бос уақытында жұмыс істейтін; 13) білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарында, педагогикалық қызметті жүзеге асырып жүрген бірақ ұйым штатының 25 пайызынан асырмай; ҚР Үкіметінің 2009.30.09 № 1486 қаулысымен 13-1) тармақшамен толықтырылды 13-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ерекше мәртебе берілген жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамы қатарындағы; 14) оралмандарға; 15) аэроғарыш қызметі саласындағы ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары шеңберінде тартылатын ғарыштық зымыран кешенін жасау және жердегі ғарыш инфрақұрылымы объектілерін пайдалану жөніндегі мамандар болып табылатын; ҚР Үкіметінің 2008.29.08. № 792 Қаулысымен 16) тармақша өзгертілді (2008 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) 16) Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығында басшылар және мамандар лауазымында жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен расталған құжаттары бар орта білімнен кейінгі және жоғары білімді шетелдіктер мен азаматтығы жоқ. Осы тармақтың 1), 4), 8), 9), 12), 13), 15), 16-1) және 16-2), 16-4) тармақшаларына сәйкес шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды жұмысқа тарту кезінде жұмыс беруші уәкілетті органға 3-қосымшаға сәйкес нысандағы ақпаратты ұсынады. Шетелдіктерді шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерінің басшылары ретінде жұмысқа тарту кезінде көрсетілген ақпаратқа филиалды, өкілдікті басқаруға шетелдік заңды тұлға берген сенімхаттың көшірмесі қоса беріледі. 16-1) тармақшадағы «басқарушы холдингте» деген сөздерден кейін «, Ұлттық медициналық холдинг» акционерлік қоғамында және жарғылық капиталдарына «Ұлттық медициналық холдинг» акционерлік қоғамы жүз пайыз қатысатын медициналық үйымдарда» деген сөздермен толықтырылсын; 16-2) тармақшадағы «холдингте» деген сөз «холдингтің, Ұлттық медициналық холдинг» акционерлік қоғамының және жарғылық капиталдарына «Ұлттық медициналық холдинг» акционерлік қоғамы жүз пайыз қатысатын медициналық ұйымдардың» деген сөздермен ауыстырылсын; ҚР Үкіметінің 2009.12.03 № 294 Қаулысымен 16-3) тармақшамен толықтырылды 16-3) «Ұлттық медициналық холдинг» акционерлік қоғамында және жарғылық капиталдарына «Ұлттық медициналық холдинг» акционерлік қоғамы жүз пайыз қатысатын медициналық ұйымдарда медициналық және консультативтік қызметті жүзеге асыратындар; ҚР Үкіметінің 2010.30.01. № 50 Қаулысымен 16-4) тармақшасымен толықтырылды 16-4) «Назарбаев Университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен расталған құжаттары бар басшы және жоғары білімді мамандар лауазымдарында жұмыс істейтіндер; ҚР Үкіметінің 2008.29.08. № 792 Қаулысымен 17) тармақшамен толықтырылды (2008 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) 17) Орталық Азия өңірлік экологиялық орталығында жұмыс істейтін, өз қызметін Орталық Азия өңірлік экологиялық орталығы жұмысының шарттары туралы келісімнің негізінде жүзеге асыратын адамдарға қолданылмайды.
2. Квота белгілеудің және бөлудің тәртібі
4. Уәкілетті орган ішкі еңбек рыногын талдау және жұмыс берушілердің бірінші қыркүйекке дейін жолданатын өтінімдері негізінде жұмыс берушінің алдағы жылға арналған шетелдік жұмыс күшін тарту негіздемесін 4-қосымшаға сәйкес орталық атқарушы органға жыл сайын бірінші қазанға дейінгі мерзімде ұсынады. 5. Мүдделі мемлекеттік органдар шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота белгілеу жөніндегі ұсыныстарын орталық атқарушы органға жыл сайын бірінші қазанға дейінгі мерзімде енгізе алады. 6. Орталық атқарушы орган уәкілетті органдар мен мүдделі мемлекеттік органдардың ұсыныстары негізінде алдағы жылға арналған квота белгілеу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне жыл сайын бірінші желтоқсанға дейін енгізеді. ҚР Үкіметінің 2009.30.09 № 1486 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 7. Орталық атқарушы орган Қазақстан Республикасының Үкіметі квота белгілеу туралы шешім қабылдағаннан кейін оны он бес күнтізбелік күн ішінде еңбек рыногындағы ахуалды, өндірісті дамыту және инвестициялық жобаларды, оның ішінде шетелдік капиталды қатыстыра отырып іске асыру, сондай-ақ прогрессивті шетелдік технологияларды енгізу үшін тиісті облыс, Астана және Алматы қалалары экономикасының жұмыс күшіне деген қажеттілігін ескере отырып, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының арасында таратып бөледі. Облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша таратып бөлінген санаттар бөлісінде шетелдік жұмыс күшін тартуға белгіленген квотаның саны туралы ақпарат, оны бөлген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей орталық атқарушы органның ресми сайтына орналастырылады. 8. Уәкілетті органдар жұмыс берушілердің ұсыныстары негізінде шетелдік жұмыс күшін тартуды қажет ететін жұмыс көлемі ұлғайған жағдайда орталық атқарушы органға ағымдағы жылға арналған квотаны көбейту туралы ұсынысты енгізе алады. 9. Орталық атқарушы орган мүдделі мемлекеттік немесе уәкілетті органдардың ұсыныстары негізінде бекітілген квотаны облыстардың, Астана және Алматы қалаларының арасында Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген квота шегінде қайта бөлуді жүзеге асыра алады.
3. Рұқсат берудің шарттары мен тәртіптері және оны беруден бас тарту, өтінімді тоқтату және ұзарту
10. Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат қызметкерлердің мынадай санаттарына: 1) бірінші санат - жоғары білімі мен тиісті қызмет саласындағы басшылық лауазымдарда кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар бірінші басшыларды тартуға; 2) екінші санат - басшылар, мамандар мен басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін басшылар мен мамандарды тартуға; 3) үшінші санат - жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына сәйкес тиісті кәсіптік білімі мен жұмыс стажы бар білікті жұмысшыларды тартуға; 4) төртінші санат - еңбек көші-қоны және еңбекші мигранттарды әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарға сәйкес маусымдық ауыл шаруашылығы жұмыстарымен айналысатын жұмысшыларды тартуға беріледі. 11. Уәкілетті орган рұқсатты, бос жұмыс орындары болған және жұмыс күшіне сұранысты ішкі еңбек рыногы есебінен қанағаттандыру мүмкіндігі болмаған кезде, орталық атқарушы орган бөлген квота шегінде береді. Ішкі еңбек рыногында лайықты үміткерлерді іздестіру жұмыс берушінің республикалық және жергілікті мерзімдік басылымдарда бос жұмыс орындары туралы хабарландыру жариялауы және уәкілетті органның республикалық және өңірлік деректер қорынан бос лауазымдар жөніндегі ұсыныстарды қарауы жолымен жүзеге асырылады. ҚР Үкіметінің 2009.30.09 № 1486 қаулысымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 12. Ішкі еңбек рыногында іздестіру рұқсатты ұзартқан кезде, сондай-ақ: 1) жарғылық қорында шетелдік заңды және (немесе) жеке тұлғалардың қатысу үлесі кемінде 50 %-ды құрайтын Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының бірінші басшыларын; 2) акцияларының кемінде 50 %-ы мемлекетке немесе шетелдік заңды немесе жеке тұлғаларға тиесілі Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдары директорлары кеңесінің мүшелерін; 3) жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың оқытушылары мен ғылыми қызметкерлерін; 4) ҚР Үкіметінің 2010.14.04. № 303 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 5) ҚР Үкіметінің 2009.19.02 № 189 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 6) еңбек көші-қоны және еңбекші мигранттарды әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарға сәйкес маусымдық ауыл шаруашылығы жұмыстарымен айналысатын жұмысшыларды тартқан кезде жүзеге асырылмайды. 13. Рұқсат беру мәселесінің шешімін уәкілетті орган тартылатын шетелдік қызметкерлердің біліктілік сипаттамаларын бағалау өлшемдері негізінде қабылдайды. 14. Уәкілетті орган тартылатын шетелдік қызметкерлердің біліктілік сипаттамаларын бағалауды жұмыс беруші ұсынған құжаттарды талдау негізінде жүргізеді. ҚР Үкіметінің 2009.30.09 № 1486 қаулысымен 15-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 15. Тартылатын шетелдік қызметкердің өлшемдеріне сәйкес мынадай баллдар есептеледі: 1) білімі: шетелдік қызметкердің өзі үміткер лауазымға жұмысқа тұруы үшін қажетті мамандық бойынша ғылыми дәрежесі немесе жоғары білімі - 25 балл; жоғары білім - 20 балл; техникалық және кәсіптік білім - 15 балл; 2) ұйым қызметінің негізгі түріне сәйкес қызмет саласындағы мамандығы бойынша жұмыс стажы: 4-6 жыл - 20 балл; 7 - 10 жыл- 25 балл. 10 жылдан артық - 30 балл; 3) жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстары негізінде орталық атқарушы орган жыл сайын белгілейтін тізімге сәйкес ішкі еңбек рыногында неғұрлым сұранысқа ие мамандықтар тізбесіне енетін мамандық (кәсіп) - 25 балл; Осы Ереженің 15-тармағының 3) тармақшасы бірінші санат бойынша тартылатын шетелдік қызметкерлерге қолданылмайды. ҚР Үкіметінің 2009.30.09 № 1486 қаулысымен 16-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 16. Тартылатын шетелдік қызметкердің біліктілік сипаттамасын бағалау нәтижелерінің ең төменгі мәні: бірінші санат бойынша - 40 баллды; екінші санат бойынша - 40 баллды; үшінші санат бойынша - 45 баллды құрайды. 17. Тартылатын шетелдік қызметкерге оның біліктілік сипаттамасын бағалау нәтижелері бойынша 5-қосымшаға сәйкес жеке анықтама жасалады. 18. Еңбек көші-қоны және еңбекші мигранттарды әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарға сәйкес маусымдық ауыл шаруашылығы жұмыстарына жұмысшылар ретінде тартылатын шетелдік қызметкерлерге біліктілік сипаттамаларын бағалау жүзеге асырылмайды. 19. Рұқсат шетелдік жұмыс күшін: жарғылық қорында шетелдік заңды және (немесе) жеке тұлғалардың қатысу үлесі кемінде 50 %-ды құрайтын Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының бірінші басшылары; акцияларының кемінде 50 %-ы мемлекетке не шетелдік заңды немесе жеке тұлғаларға тиесілі Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдарының директорлары кеңесінің мүшелері ретінде тартқан кезде еңбек шартының қолданылу мерзіміне беріледі. ҚР Үкіметінің 2008 ж. 31 желтоқсандағы № 1315 Қаулысымен 20-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); ҚР Үкіметінің 2009.30.09 № 1486 қаулысымен 20-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 20. Уәкілетті орган рұқсаттарды беру кезінде жұмыс берушімен алдын ала жасалған жазбаша келісім бойынша оған 6-қосымшаға сәйкес мынадай ерекше шарттарды орындауды: 1) кейіннен шетелдік жұмыс күшін қазақстандық кадрлармен алмастыра отырып, шетелдік жұмыс күші тартылатын мамандықтар бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын кәсіптік даярлауды немесе қайта даярлауды; 2) өңірлік еңбек рыногында сұранысқа ие, уәкілетті органдармен келісілген мамандықтар бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын кәсіптік даярлауды немесе қайта даярлауды; 3) кейіннен шетелдік жұмыс күшін қазақстандық кадрлармен алмастыра отырып, Қазақстан Республикасы азаматтарының біліктілігін арттыруды; 4) шетелдік жұмыс күшін тиісті біліктілігі бар қазақстандық кадрлармен алмастыруды; 5) қазақстандық азаматтар үшін қосымша жұмыс орындарын құруды жүктейді. Ерекше шарттарды жүктеу тартылатын шетелдік жұмыс күшінің санатына қарай жүзеге асырылады. Мыналарға: шетелдік қызметкерді 1-санат бойынша тартатын жұмыс берушіге - осы Ереженің 20-тармағының 2), 5) тармақшаларында көзделген шарттардың біреуі; шетелдік қызметкерді 2-санат бойынша тартатын жұмыс берушіге - осы Ереженің 20-тармағының 1, 2), 3), 4), 5) тармақшаларында көзделген шарттардың біреуі; шетелдік қызметкерді 3-санат бойынша тартатын жұмыс берушіге - осы Ереженің 20-тармағының 1), 3), 4) тармақшаларында көзделген шарттардың біреуі жүктеледі; шетелдік қызметкерді 4-санат бойынша тартатын жұмыс берушіге - ерекше шарттар жүктелмейді. Осы Ереженің 20-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген рұқсаттардың ерекше шарттарының орындалуы рұқсаттың қолданылу мерзімі ішінде жүргізілген болуы тиіс. Осы тармақтың шарттары шетелдік жұмыс күшін: жарғылық қорындағы шетелдік заңды және (немесе) жеке тұлғалардың қатысу үлесі кемінде 50 %-ті құрайтын Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының бірінші басшылары; акцияларының кемінде 50 %-і мемлекетке не шетелдік заңды немесе жеке тұлғаларға тиесілі Қазақстан Республикасы акционерлік қоғамдарының директорлары кеңесінің мүшелері ретінде тартатын жұмыс берушілерге қолданылмайды. ҚР Үкіметінің 2008 ж. 31 желтоқсандағы № 1315 Қаулысымен 20 -1) тармақшамен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 20-1. Егер Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік құрмай жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлға-жұмыс беруші жұмысты орындауға, қызмет көрсетуге арналған келісім-шарт бойынша өзінің қызметкерлерін Қазақстан Республикасына жіберсе, оның рұқсат алуына байланысты құжаттарды ресімдеу Қазақстан Республикасында соның пайдасына жұмыстарды орындайтын, қызметтер көрсететін заңды тұлғаға (оның ішінде Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаға) жүктеледі. 21. Жұмыс беруші немесе ол уәкілеттік берген тұлға бірінші және екінші санат бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу үшін шетелдік жұмыс күшінің еңбек қызметі жүзеге асырылатын жері бойынша уәкілетті органға осы Ережеге 8-қосымшада көрсетілген құжаттар қоса берілетін 7-қосымшаға сәйкес өтінішті ұсынады. 22. Жұмыс беруші немесе ол уәкілеттік берген тұлға үшінші санат бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу үшін шетелдік жұмыс күшінің еңбек қызметі жүзеге асырылатын жері бойынша уәкілетті органға осы Ережеге 9-қосымшада көрсетілген құжаттар қоса берілетін 7-қосымшаға сәйкес өтінішті ұсынады. 23. Жұмыс беруші немесе ол уәкілеттік берген тұлға төртінші санат бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу үшін шетелдік жұмыс күшінің еңбек қызметі жүзеге асырылатын жері бойынша уәкілетті органға тартылатын шетелдік қызметкерлер туралы мәліметтер: оның тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы мен күні, азаматтығы, тұрақты тұратын елі, шығатын елі, білімі мен алған мамандығы, Қазақстан Республикасында қолданылатын Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына сәйкес кәсібінің (мамандығының) атауы көрсетілген 7-қосымшаға сәйкес өтінішті ұсынады. ҚР Үкіметінің 2009.30.09 № 1486 қаулысымен 24-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 24. Уәкілетті орган құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қарап, Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) ұсынымдары бойынша рұқсат беру туралы (беруден бас тарту туралы) шешім қабылдайды. 25. Комиссияның құрамына орталық атқарушы органның аумақтық органдарының және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің өкілдері енгізіледі. 26. Комиссияның отырысына жұмыс берушінің өкілдері қатыса алады. Уәкілетті орган жұмыс беруші ұсынған құжаттар қаралатын Комиссия отырысының күні мен уақыты туралы жұмыс берушіні жазбаша хабардар етуге тиіс. ҚР Үкіметінің 2009.30.09 № 1486 қаулысымен 27-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 27. Уәкілетті орган жұмыс берушіні шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы жазбаша хабардар етеді. Жұмыс беруші хабарлама алғаннан кейін жиырма жұмыс күні ішінде уәкілетті органға рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін шетелдік жұмыс күшінің тұрғылықты тұратын жеріне кетуіне кепілдік беретін құжаттарды (банк пен жұмыс берушінің арасындағы шарттың көшірмесі мен жұмыс берушінің банктегі шотына кепілді жарнасының енгізілгенін растайтын құжат) ұсынады. Рұқсат беруден бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда уәкілетті орган осы Ереженің 35-тармағына сәйкес оның негіздемесін көрсетеді. Уәкілетті орган рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін шетелдік жұмыс күшінің тұрғылықты тұратын жеріне кетуіне кепілдік беретін құжаттарды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті орган жұмыс берушіге рұқсат береді. 28. Еңбек рыногында ұсыныстар болған жағдайда уәкілетті орган жұмыс беруші өкілінің қатысуымен бос жұмыс орнына үміткер қазақстандық азаматтардың кандидатурасын қарайды. Кездесудің орны мен уақытын уәкілетті орган белгілейді, бұл туралы жұмыс беруші мен тиісті үміткер хабардар етіледі. 29. Жұмыс беруші арнайы білімдерінің, дағдыларының жеткіліксіз болуы себепті бос жұмыс орнына орналасуға үміткер тиісті кәсіптік білімі мен жұмыс тәжірибесі бар қазақстандық азаматтардың кандидатураларынан бас тартқан жағдайда, шетелдік қызметкерді тартуға арналған рұқсат кандидатураларынан бас тартылған қазақстандық азаматтарды не жұмыс берушінің қызметкерлерінің ішінен кәсіптік даярлау, қайта даярлау, олардың біліктілігін арттыру кезеңіне беріледі. ҚР Үкіметінің 2009.30.09 № 1486 қаулысымен 30-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 30. Уәкілетті орган рұқсат беру (мерзімін ұзарту) туралы шешім қабылдаған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде орталық атқарушы органның, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті ведомстволарының аумақтық органдарына тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, азаматтығы, төлқұжатының (жеке басын куәландыратын құжатының) нөмірі, берілген күні мен берген орган, тұрақты тұратын елі, шыққан елі, білімі, мамандығының, біліктілігінің (кәсібінің, лауазымының) атауын көрсете отырып, тартылатын шетелдік қызметкерлер туралы мәліметтер береді. 31. ҚР Үкіметінің 2010.14.04. № 303 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) ҚР Үкіметінің 2009.30.09 № 1486 қаулысымен 32-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 32. Уәкілетті орган берген рұқсатты басқа жұмыс берушілерге беруге болмайды, ол тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ғана қолданылады. Бұл ретте жұмыс беруші рұқсат алған шетелдік қызметкерлерді басқа әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы кәсіпорындарға, ұйымдарға күнтізбелік бір жыл ішінде 120 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге іссапарға жібере алады. 33. ҚР Үкіметінің 2009.30.09 № 1486 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) |