Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (айналдырылуы тиіс) (2009.16.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2010 жылғы 30 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2008 ж. 31 желтоқсандағы № 1329 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
ҚР Үкіметінің 2005.21.04. № 372 Қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр. ред. қара) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (жалпы, ерекше бөлiмдер), Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқару кодексiне, «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi), «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Сот әкiмшiлiгiнiң жаңа жүйесiнiң қызметiн қамтамасыз ету жөніндегi шаралар туралы» 2000 жылғы 12 қазандағы № 471 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 2008 ж. 31 желтоқсандағы № 1329 Қаулысымен 1 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 1. Қоса берiлiп отырған Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану ережесi бекітілсiн. ҚР Үкіметінің 28.11.02 ж. № 1268 қаулысымен; ҚР Үкіметінің 2005.21.04. № 372 қаулысымен (бұр. ред. қара) ; ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1329 Қаулысымен (бұр. ред. қара) 2-тармақ өзгертілді 2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкiмшiлiгi комитетi жекелеген негiздер бойынша республикалық меншiкке айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру бойынша уәкiлеттi орган болып белгіленсiн. Коммуналдық меншікті басқаруға уәкілеттік берілген жергілікті атқарушы органдар жекелеген негіздер бойынша коммуналдық меншікке айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру бойынша уәкілетті органдар болып белгіленсін. 3. ҚР Үкіметінің 2005.21.04. № 372 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 4. "Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне түскен мүлiктi есепке алу және одан әрi пайдалану, соның iшiнде сату ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 28 қыркүйектегi № 1467 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 41, 476-құжат) күші жойылды деп танылсын. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген
Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану ережесi
ҚР Үкіметінің 2008 ж. 31 желтоқсандағы № 1329 Қаулысымен тақырыбы және бүкіл мәтіні бойынша «(түскен)» деген сөз «(айналдырылуы тиіс)» деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлiктi (бұдан әрi - Мүлiк) есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану тәртібін айқындайды. ҚР Үкіметінің 2007.08.10. № 919 Қаулысымен ереже 1-1-тармақпен толықтырылды 1-1. Осы Ереженің әрекеті мүлікті есептеу, сақтау және бағалау бөлігінде сот шешімімен республикалық меншікке түскен деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарға қолданылмайды. ҚР Үкіметінің 2007.08.10. № 919 Қаулысымен ереже 1-2-тармақпен толықтырылды 1-2. Республикалық меншікке айналдырылған иесіз қауіпті қалдықтарды есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 695 (бұр.ред. қара); 2005.21.04. № 372 (бұр. ред. қара); 2007.29.12. № 1371 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді 2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкiмшiлiгi комитетi және оның аумақтық органдары (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) осы Ережемен айқындалатын тәртiппен республикалық меншiкке айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мынадай Мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және бұдан әрi пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады: 1) сот актілерінiң негiзiнде мемлекет кiрiсiне тәркiленген (бұдан әрi - тәркiленген мүлiк); 2) сот актілерінiң негiзiнде мемлекет кiрiсiне айналдырылған заттай дәлелдердi (бұдан әрi - заттай дәлелдер); 3) тарихи және мәдени ескерткiштерге жататын заттары бар қазыналарды (бұдан әрi - қазыналар); 4) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкiлеттi тұлғаларға немесе соларға теңестiрiлген тұлғаларға, сондай-ақ олардың отбасыларының мүшелерiне түскен және арнайы мемлекеттік қорға өтeyciз тапсыруға жататын сыйлықтарды (бұдан әрi - сыйлықтар); 5) заңнамада көзделген өзге жағдайларда республикалық меншікке өткен, оның iшiнде мемлекет пайдасына бас тарту кеден режимiнде ресiмделген тауарлар мен көлiк құралдарын. 3. Коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттi органдар осы Ережеде айқындалған тәртiппен коммуналдық меншiкке айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мынадай Мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады: ҚР Үкіметінің 2008 ж. 31 желтоқсандағы № 1329 Қаулысымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 1) белгіленген тәртіппен иесіз деп танылған (бұдан әрі - иесіз мүлік), сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекет кірісіне айналдырған деп танылғанға дейін мемлекеттік мекемелердің, оның ішінде мемлекеттік органдардың иелігіндегі иесіз мүлік; 2) мемлекетке мұрагерлiк құқығы бойынша өткен, оның iшiнде қайтыс болған адамнан мұрагерлiкке қалған (бұдан әрi - мұрагерлiк мүлiк); 3) олжаларды; 4) қараусыз жануарларды; 5) ҚР Үкіметінің 2007.29.12. № 1371 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 6) тарихи және мәдени ескерткiштерге жататын заттардан тұрмайтын қазына үлестерiн. ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 695 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара) 4. Уәкiлеттi орган мен коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлетті органдар салық органдарына салық қызметiнiң уәкiлеттi мемлекеттік органы белгiлеген тәртiппен , мерзiмдерде және нысан бойынша Мүлiк туралы мәлiметтердi беруге мiндеттi. 2. Мүлiктi есепке алу және сақтау 5. Мүлiктi есепке алу мынадай негiздермен жүзеге асырылады: 1) тиiстi сот актілерi; 2) мемлекеттiң мұрагерлiкке нотариус беретiн құқығы туралы куәлiк; 3) кедендiк ресiмдеу аяқталғаннан кейiн мемлекет пайдасына бас тарту кеден режимiне сәйкес мәлiмделген жүк кеден декларациясы; 4) мемлекет меншiгiнiң құқығы туындағанын куәландыратын өзге де құжаттар. Мүлiк, сонымен қатар, заңнамада көзделген өзге де жағдайларда есепке қойылады. ҚР Үкіметінің 2008 ж. 31 желтоқсандағы № 1329 Қаулысымен 5-1 тармақпен толықтырылды 5-1. Иесіз жылжымалы мүлікті белгіленген тәртіппен мемлекет кірісіне, оның ішінде заттай дәлел түрінде айналдырған деп танылғанға дейін алты ай ішінде мемлекеттік мекемелер, оның ішінде мемлекеттік органдар, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, коммуналдық меншікті басқаруға уәкілеттік берілген органдарға есепке қою үшін жібереді. 6. Мүлiктi тiзiмдеу, бағалау және қабылдау-беру актiсi (1-қосымша) негiзiнде Мүлiк беріледi. Мүлiктi тiзiмдеу, бағалау және қабылдау-беру актiсi (бұдан әрi - Тiзiмдеу актiсi) Тiзiмдеу актiсiнде көрсетiлген тараптардың саны бойынша санда жасалады. 7. Тiзiмдеу актілерін есепке алу үшiн тiзiмдеу актілерінiң есепке алу кiтабы (2-қосымша) жүргiзiледi. Тiзiмдеу актілерiнiң есепке алу кiтабына (бұдан әрi - Есепке алу кiтабы) Тiзiмдеу актілерi олардың түскенiне қарай тiркеледi. Есепке алу кiтабындағы Тiзiмдеу актілерінiң реттiк нөмiрлерi Мүлiк жазбаларының нөмiрлерiне сәйкес келуi тиiс. Есепке алу кiтабындағы жазбалар уақтылы, анық және былғанбай жүргiзiлуi тиiс. Есепке aлy кiтабы нөмiрленуi, баулануы және уәкiлеттi органның немесе коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттi органның мөрiмен бекітілуге тиiс. 8. Тiзiмдеу актiсiн Есепке алу кiтабына енгiзгеннен кейiн әр жазбаға түгендеу кәртешкесi (3-қосымша) ашылады. Түгендеу кәртешкесiнiң тақырыбы Мүлiктiң кiмге берiлгенi, сондай-ақ Мүлiктi беру уақыты туралы мәлiметтен тұруға тиiс. Мүлiктi сатқан кезде түгендеу кәртешкесiнде бюджетпен есеп айырысу мерзiмдерi, төлем құжатының (тарының) нөмiрi мен күнi көрсетiледi. Түгендеу кәртешкесiне Тiзiмдеме актiсiнiң нөмiрiне сәйкес келетiн нөмiр беріледi. Мүлiк бiр Тiзiмдеме актiсi бойынша бiрнеше ұйымдарға берiлген жағдайда түгендеу кәртешкелерi әр ұйымға бiр нөмiрмен жеке ашылады. ҚР Үкіметінің 2008 ж. 31 желтоқсандағы № 1329 Қаулысымен 8-1 тармақпен толықтырылды 8-1. Иесіз жылжымалы, оның ішінде заттай дәлел түріндегі мүлікті есепке қойған күннен бастап бес жыл өткен соң коммуналдық меншікті басқаруға уәкілеттік берілген орган бұл затты коммуналдық меншік деп тану туралы талаппен сотқа жүгіне алады. ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 695 қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара) 9. ҚР Үкіметінің 2005.21.04. № 372 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 10. Мүлiктi сақтау Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерiмен белгiленетiн талаптарға сәйкес жүргiзiледi. ҚР Үкіметінің 2008.29.05 ж. № 511 қаулысымен 11-тармақ өзгертілді 11. Мүлiктi одан әрi пайдалану, оның iшiнде сату немесе мемлекеттік меншікке өтеусіз беру үшiн бағалау (қайта бағалау) бағалау қызметi туралы заңнамаға сәйкес жүргiзiледi. Бағалаушыны таңдау заңнамада белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. ҚР Үкіметінің 2008.29.05 ж. № 511 қаулысымен 11-1-тармақпен толықтырылды 11-1. Мемлекеттік меншікке өтеусіз берілетін заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер мүлкінің құны теңгерімнен алынатын үзінді көшірмемен және басқа да құжаттармен расталады. 12. Ақша мен төлем құжаттары баға берушiнi тартусыз атаулы құны бойынша бағаланады. 13. Бағалы металдар, асыл тастар мен олардан жасалған бұйымдарды бағалау алдын ала жасалған болып табылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Кассалық операциялар мен құндылықтарды сақтау орталығы" (бұдан әрi - Орталық) филиалында тасымалдау (қайта жiберу) мақсатында жүргiзiледi. 14. Республика меншiгiне айналдырылған (айналдырылуы тиіс) Мүлiктi бағалау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды уәкiлеттi орган жүргiзедi. Коммуналдық меншiкке айналдырылған (айналдырылуы тиіс) Мүлiктi бағалау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
4. Мүлiктi одан әрi пайдалану, оның iшiнде сату ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 695 қаулыcымен (бұр.ред. қара); 2005.21.04. № 372 қаулыcымен(бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1329 Қаулысымен 15-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 15. Мүлiктi одан әрi пайдалану, оның iшiнде сату мынадай тәртiптi сақтай отырып жүргiзiледi: 1) комиссия шартының негiзiнде сауда ұйымдары арқылы сатылады: жарамдылық (сақталу) мерзiмi шектелген азық-түлiк тауарлары; бұрын пайдаланылған өнеркәсiптiк тауарлар (көлiк құралдарын, антикварлық бұйымдар мен тауарларды қоспағанда); ҚР Үкіметінің 2004.10.11. № 1178 қаулысымен 2) тармақша толықтырылды (бұр. ред. қара) 2) өзге де Мүлiк аукциондарда сауда-саттықтың ағылшындық немесе голландтық әдiсiмен сатылады. Сатуға бiрiншi рет қойылатын мүлiк сауда-саттықтың ағылшындық әдiсiмен сатылады, аукцион болмаған деп танылған жағдайда екiншi және кейiнгi сауда-саттықтар голландтық әдiспен жүргiзiлуi мүмкiн. Сауда-саттықты ағылшындық және голландтық әдiстермен жүргiзген кезде бастапқы баға мүлiктi бағалау құнынан төмен болмайды. Сауда-саттықтың голландтық әдiсi кезiнде ең төменгі бағаны құрамы мен функциясын уәкiлеттi орган немесе коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттiк берiлген орган анықтайтын комиссия белгілейдi. Егер Мүлiктi сауда ұйымдары арқылы сатуға қойғаннан кейiн толықтай немесе iшiнара сатылмай қалса, уәкілеттi орган немесе коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттi орган қосымша ақысыз бастапқы бағалауды жүргiзген баға берушiнi тарта отырып, қайта бағалауды жүргiзедi. Комиссия белгіленген ең төменгі баға бойынша сатылмаған мүлік осы Ережеде анықталған тәртіппен жойылады не балалар үйлеріне, қарттар және мүгедектер үйлеріне және басқа да әлеуметтік сала объектілеріне өтеусіз берілуі мүмкін. ҚР Үкіметінің 2005.21.04. № 372 Қаулысымен 15-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2009.16.07. № 1081 Қаулысымен 15-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 15-1. Аукцион ұйымдастырушыны таңдау аукциондарды ұйымдастыру және өткізу жөнiндегі қызметтердi мемлекеттік сатып алу арқылы жүзеге асырылады. Мүліктi сатуға байланысты туындаған аукцион ұйымдастырушысымен қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына және осы Ережеге сәйкес реттеледi. Мүлiктi сату жөніндегі аукциондар мынадай тәртiптi сақтай отырып өткiзiледi: 1) уәкiлеттi орган немесе коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттiк берiлген орган жасалған шартқа сәйкес аукцион ұйымдастырушыға атауы, саны, бастапқы бағасы, орналасқан жерi қамтылған Мүлiктiң тiзбесiн бередi, сондай-ақ аукционды өткізу әдiсiн анықтайды; 2) аукцион ұйымдастырушы белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алған республикалық немесе жергілiктi мерзiмдi баспа басылымдарында, сондай-ақ уәкілетті органмен немесе коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті органмен келісім бойынша өзге мерзімді баспа басылымдарында жариялануы тиiс аукционда сату үшiн ұсынылып отырған Мүлiк туралы ақпараттық хабарламаны аукцион өткізу хабарланған күнге дейiн он күннен кешiктiрмей жасайды; Аукционда сату үшін ұсынылып отырған мүлік туралы ақпараттық хабарлама уәкілетті органның немесе коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті органның ресми сайтында қосымша жариялануы мүмкін; 3) ақпараттық хабарламада мынадай мәлiметтер болуы қажет: аукцион өткiзiлетiн күн, уақыт және орын; аукцион өткізудiң әдiсi; Мүлiк туралы қысқаша мәлiметтер, оның бастапқы бағасы; кепiл жарналарының мөлшерi және оны енгізу тәртібі; аукциондарға қатысуға өтiнiмдердi қабылдау орны, уақыты және мерзiмi; 4) аукцион ұйымдастырушы ақпараттық хабарлама жарияланғаннан кейiн уәкiлеттi органды немесе коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттiк берiлген органды аукционды өткізу күнi, уақыты және орны туралы хабардар етедi; 5) аукционға уәкiлеттi органның, коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттiк берiлген органның қызметкерлерi және мүлiктi аукцион өткiзiлетiн мемлекеттiң меншiгiне айналдыру туралы шешiм шығарған судьялар, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерi және жақын туысқандары (ата-аналары, жұбайлары, туған аға-iнiлерi және апа-сiңлiлерi, балалары немесе жекжаттары - жұбайларының туған аға-iнiлерi және апа-сiңлiлерi, ата-аналары мен балалары) қатыса алмайды; 6) Мүлiктің бастапқы бағасының бес пайызы мөлшерiнде кепiл жарна енгізген және осы Ережемен белгiленген тәртiппен аукционның ұйымдастырушысы тiркеген жеке және заңды тұлғалар аукционға қатысуға жiберiледi; 7) кепiл жарнасын енгізу аукционға қатысушының мынадай: аукционның нәтижелерi туралы хаттамаға қол қою; аукционның нәтижелерi туралы хаттамаға сәйкес Мүлiктi сатып алу-сату шартын жасасу мiндеттемелерiн қамтамасыз етедi; 8) аукционға қатысушы ретiнде тiркелу үшiн: аукционға қатысуға өтiнiм; қатысушының жеке басын куәландыратын құжат; кепiл жарна енгiзгенiн растайтын төлем құжатын; өкiлдiң өкiлеттiгiн куәландыратын құжатты; заңды тұлғалар үшiн заңды тұлғаны мемлекеттік тiркеу туралы жарғы мен куәлiктiң нотариалды расталған көшiрмелерiн; шетелдiк заңды тұлғалар үшiн мемлекеттік немесе орыс тіліне нотариалды расталған аудармасымен құрылтай құжаттарын беру қажет; 9) аукционға қатысуға өтiнiмдердi қабылдау ақпараттық хабарлама жарияланған күннен бастап қабылданады және аукционды өткiзгенге дейiн бiр сағат бұрын аяқталады; 10) аукцион оларды өткізу ережесін, сату затының қысқаша сипаттамасын, аукционды өткізу әдiсiн, бастапқы бағасын, бағаны өзгерту қадамын жариялаудан басталады; 11) егер аукционға кемiнде екi қатысушы қатысып, олардың бiрi сауда-саттыққа қойылған Мүлiктi сатып алса, ол өткiзiлген болып саналады; 12) Мүлiкке неғұрлым көп баға ұсынған аукционға қатысушы жеңiмпаз болып жарияланады; 13) өткізілген аукционның нәтижелерi бойынша аукционды ұйымдастырушы сатып алушы, Мүлiктiң атауы, оның бастапқы құны және сату бағасы туралы мәлiметтерді көрсете отырып, аукционның нәтижелерi туралы хаттама жасайды, оған аукцион жеңiмпазының, аукционды ұйымдастырушының және уәкiлеттi органның немесе коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттi органның өкiлдерi, сондай-ақ аукционның басқа да қатысушылары қол қояды. Аукционның нәтижелерi туралы хаттама оған қол қойған тараптардың саны бойынша жасалады және сауда-саттық аяқталғаннан кейiн олардың әрқайсысына бiр-бiр данадан тапсырылады; 14) аукционның нәтижелерi туралы хаттама Мүлiктiң сатып алу-сату шартын жасасу үшiн аукционның жеңiмпазына негiздеме болып табылады; 15) Мүлiктi сатып алу-сату шарты уәкiлетті органның немесе коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттi органның, аукционның жеңiмпазы мен ұйымдастырушысы арасында аукционды өткiзгеннен кейiн үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей жазбаша нысанда жасалады; 16) өткiзiлген аукционның нәтижелерi туралы хаттамаға қол қоюдан және/немесе Мүлiктi сатып алу-сату шартын жасасудан бас тартқан аукционның жеңiмпазы осы Мүлiк бойынша өткiзiлетiн аукциондарға одан әрi қатысу құқығынан айрылады, кепiлдiк жарнасы оған қайтарылмайды, ал сатып алушы бас тартқан аукционның заты сауда-саттыққа қайтадан қойылады; Кепiлдiк жарнасы сондай-ақ мынадай: аукционға қатысудан оны өткiзгенге дейiн бiр сағат бұрын бас тартқан; нәтижелерiмен негiзсiз келiспеген аукционның нәтижелерi туралы хаттамаға қол қоюдан қатысушы бас тартқан жағдайларда қайтарылмайды; 17) аукционның қандай да бiр затын сатып алған тұлғаларға кепiлдiк жарнасының сомасы төленген сатып алу бағасының шотына есептеледi, ал аукционға қатысқан, бiрақ одан ештеңе сатып алмаған тұлғаларға кепiлдiк жарнасының сомасы қайтарылады; 18) бiрiншi аукцион өткізілмеген болып жарияланған жағдайда, аукционды ұйымдастырушы бiрiншi аукцион өткiзiлмеген болып жарияланғаннан кейін кемiнде 10 күн өткен соң осы тармақта белгiленген оны өткізу рәсiмдерiн сақтай отырып, сауда-саттықтың голланд әдісі бойынша келесісін өткiзе алады. Сауда-саттықтың голланд әдiсi бойынша аукционды өткізу кезiнде Мүлiктiң құны оны жарияланған баға бойынша қатысушылардың бiрi сатып алуға келiскен сәтке дейiн жарияланған қадаммен төмендетiледi, ол комиссия белгiлеген ең аз бағадан төмен болмауы тиiс; 19) сауда-саттық кезiнде бағаның арту немесе төмендеу қадамы бастапқы бағасының үштен бес пайызына дейiнгi шекте белгіленедi. 16. Тарихи, ғылыми, әдеби немесе өзге де мәдени құндылығы болуы мүмкiн Мүлiкке уәкiлеттi органның өкiлдерi мен мәдениет саласындағы мемлекеттік органның өкiлдерi құрамына мiндеттi түрде кiретiн, уәкiлеттi орган құратын арнайы комиссия сараптама жасайды. Тарихи, ғылыми, әдеби немесе өзге де мәдени құндылыққа жатқызылған Мүлiк мәдениет саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органмен келісім бойынша мұражайларға өтеусiз берiледi. ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 695 қаулысымен 17-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред. қара); ҚР Үкіметінің 2009.16.07. № 1081 Қаулысымен 17-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 17. Бағалы металдар, асыл тастар мен олардан жасалған бұйымдар Тізімдеме актісінің негізінде Орталыққа тапсырылады. ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 695 (бұр.ред. қара); 2006.27.02. № 135 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 18-тармақ өзгертілді ; ҚР Үкіметінің 2009.16.07. № 1081 Қаулысымен 18-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 18. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына (бұдан әрі — филиал) немесе Орталыққа жіберілетін бағалы металдар, асыл тастар мен олардан жасалған бұйымдар ішкі тігіспен тігілген тығыз матамен қапталып, ағаш жәшікке немесе картон қорапқа (құндылықтардың санатына қарай) буып-түйілуі тиіс (бұдан әрі — құндылықтар салынған жөнелтілім). Бағалы металдардан жасалған монеталарды ішкі тігіспен тігілген тығыз матадан жасалған екі қапқа (бірінің ішіне бірі салынып) буып-түюге рұқсат етіледі (бұдан әрі - құндылықтар салынған қап). Құндылықтар салынған жөнелтілімдер (құндылықтар салынған қаптардың ауыздары) ораманы және пломбаны бұзбай ашудың мүмкін еместігін қамтамасыз ететіндей түрде буылуы (тігілуі) және корғасын пломбамен пломбалануы тиіс. Жөнелтілімдерде (немесе қапқа таңбаларда) бағасы, өлшемдері: ұзындығы, ені, биіктігі сантиметрмен, брутто салмағы, алушының және жіберушінің мекен-жайы көрсетіледі. Құндылықтар бар бір орынның (жөнелтілімнің немесе қаптың) ең жоғарғы салмағы 10 (он) кг-дан аспауы тиіс. Құндылықтар салынған жөнелтілімдерді (қаптарды) почтамен және қағаз пакеттермен жіберуге тыйым салынады. Көрсетілген талаптарды бұза отырып ресімделген құндылықтар салынған жөнелтілімдерді (қаптарды) филиалдар мен Орталық қабылдамайды. Құндылықтар салынған жөнелтілімдерді (қаптарды) уәкілетті орган өз бетімен немесе жергілікті арнайы байланыс бөлімдері арқылы Орталыққа не Алматы қалалық филиалы мен Алматы облыстық филиалын қоспағанда, одан әрі Орталыққа жіберу үшін өз бетімен филиалға жібереді. Құндылықтар салынған жөнелтілімдерді (қаптарды) қабылдаған соң филиал Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің эмиссиялық-кассалық операцияларды және құндылықтарды сақтауды реттейтін нормативтік құқықтық актісімен белгіленген тәртіппен түбіртек береді. Уәкілетті орган құндылықтарды буып-түю кезінде пайдаланылатын пломбалар таңбаларының уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі басшысының қолымен және елтаңбалық мөрмен куәландырылған үлгілерін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары мен Орталыққа беруді қамтамасыз етеді. Пломбалар таңбаларының куәландырылған үлгілері (олар ауыстырылған жағдайда таңбалардың жаңа үлгілері) құндылықтар салынған жөнелтілімдерді (қаптарды) жібергенге немесе тапсырғанға дейін алдын ала ұсынылуы тиіс. Филиалдар құндылықтар салынған жөнелтілімдерді (қаптарды) ашпай, эмиссиялық-кассалық операцияларды және құндылықтарды сақтауды реттейтін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісімен белгіленген тәртіппен Орталыққа жіберуді жүзеге асырады. Құндылықтар салынған жөнелтілімдерді (қаптарды) Орталыққа жіберуді филиалдар оның жүк көтергіштігі, сыйымдылығы және есіктерінің ені шегінде тек арнайы вагонмен жолай жеткізу мүмкін болғанда ғана жүзеге асырады. Құндылықтар салынған жөнелтілімдерді (қаптарды) жіберген кезде уәкілетті орган бағалы металдың немесе тастың санын, салмағын, сынамасын, түрін (атауын) және әрбір заттың ерекше белгілерін көрсете отырып, олардың әрқайсысының егжей-тегжейлі сипаттамасы көрсетілген Тізімдеме актісін (тізімдеме) жасайды, оған уәкілетті органның тиісті өңірлік бөлімшесінің басшысы қол қояды. Тізімдеме актісі (тізімдеме) үш данада жасалады, олардың бір данасы уәкілетті органда қалады, екіншісі - құндылықтар салынған жөнелтілімнің (қаптың) ішіне салынады, үшіншісі - ілеспе хатпен бірге Орталыққа жіберіледі. Ілеспе хатта құндылықтар Мүліктің қандай түріне жататындығы (тәркіленген, мұрагерлік, иесіз немесе қазына), оның мемлекет меншігіне қандай негіз бойынша өткені, құндылықтарды тәркілеуге арналған құжаттардың көшірмесі қоса беріліп (алып қою актілері, сот шешімдері, сот сараптамасының актілері және т.с.с), оның кімнің иелігінде болғаны (егер ол белгілі болса), сондай-ақ жөнелтілімді (қапты) ашу және құндылықтарды саны бойынша қабылдау кезінде уәкілетті орган өкілінің міндетті қатысуының қажеттігі көрсетіледі немесе өз өкілінің қатысуынсыз жөнелтілімді (қапты) ашуға және құндылықтарды қабылдауға келісім беріледі. Құндылықтар салынған жөнелтілімді (қапты) алғанын растау үшін Орталық уәкілетті органға алдын ала қабылдау актісін жібереді. Жөнелтілімді ашу және құндылықтарды саны бойынша қабылдау кезінде өз өкілінің міндетті қатысуының қажеттігіне арналған уәкілетті органның нұсқауы бар құндылықтар салынған жөнелтілімді (қапты) алдын ала қабылдау актісіне ілеспе хатта құндылықтар салынған жөнелтілімнің (қаптың) ашылған күні көрсетіледі. Көрсетілген күні уәкілетті органның өкілі келмеген жағдайда, Орталық жөнелтілімді ашуды және құндылықтарды қабылдауды өз бетінше жүзеге асырады. |