Микрокредиттік ұйымдар туралы (2006.08.12. берілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2010 жылғы 2 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер 2-тарау. Микрокредиттерді беру 3-тарау. Микрокредиттік ұйымдарды құру және олардың қызметі 4-тарау. Қорытынды ережелер Осы Заң микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға байланысты қатынастарды реттейді және микрокредиттік ұйымдардың құқықтық жағдайының, оларды құрудың, олардың қызметінің, оларды қайта ұйымдастырудың және таратудың ерекшеліктерін белгілейді. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 2006 ж. 8 желтоқсандағы №198-III ҚР Заңымен 1 ) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 1) қарыз алушы - микрокредиттік ұйыммен микрокредит беру туралы шарт жасасқан жеке немесе заңды тұлға; 2) кредиттік досье - микрокредит беру туралы жасалған шартқа сәйкес берілген, микрокредиттік ұйым әрбір қарыз алушыға қалыптастырған құжаттар мен мәліметтер; 3) микрокредит - микрокредиттік ұйым қарыз алушыға осы Заңда белгіленген мөлшерде және тәртіппен ақылылық, мерзімділік және қайтарымдылық талаптарымен беретін ақша; 4) микрокредиттік ұйым - осы Заңда белгіленген тәртіппен микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға; 5) мақсатты микрокредит - қарыз алушыға микрокредит беру туралы жасалған шартқа сәйкес белгілі бір мақсаттарға пайдалану талаптарымен берілген микрокредит. 2-бап. Қазақстан Республикасының микрокредиттік ұйымдар туралы заңдары 1. Қазақстан Республикасының микрокредиттік ұйымдар туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Шаруашылық серіктестігінің, коммерциялық емес ұйымдардың, оның ішінде қоғамдық қорлардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңдары осы Заңда реттелмеген бөлігінде микрокредиттік ұйымдарға қолданылады. 3. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады. 2-тарау. Микрокредиттерді беру 3-бап. Микрокредиттерді беру 2006 ж. 8 желтоқсандағы №198-III ҚР Заңымен 1 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 1. Микрокредиттік ұйым бір қарыз алушыға тиісті қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңында белгіленген айлық есептік көрсеткіштің сегіз мың еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде микрокредиттер береді. 2. Осы Заң талаптарын сақтай отырып, микрокредитті берудің тәртібі мен талаптары микрокредиттік ұйымның жоғары органы бекіткен микрокредиттерді беру ережелерінде және микрокредитті беру туралы шартта белгілінеді. Микрокредиттік ұйым өз қызметін микрокредиттерді беру ережелері болған кезде ғана жүзеге асыруға құқылы. 3. Берілген микрокредитті пайдаланғаны үшін сыйақы ставкасы, микрокредиттің берілу мерзіміне қарамастан, жылға қайта есепте көрсетіледі. 4-бап. Микрокредит беру туралы шарттың міндетті талаптары жөне оны пайдалану 1. Микрокредит беру туралы шарт жазбаша нысанда жасалады, оның бір данасын микрокредиттік ұйым қарыз алушының кредиттік досьесінде сақтайды. 2. Микрокредит беру туралы шартта: 1) микрокредиттік ұйымның толық атауы мен қарыз алушының тегін, атын және әкесінің атын немесе толық атауын қоса алғанда, микрокредиттік ұйым және қарыз алушы туралы мәліметтер; 2) микрокредиттің мақсаты (мақсатты микрокредит беру кезінде); 3) берілетін микрокредиттің жалпы сомасы; 4) микрокредитті өтеу мерзімдері; 5) микрокредитті өтеу тәсілі (біржолата не бөлшектеп); 6) микрокредит беру туралы шарт бойынша (ол болған жағдайда) қарыз алушының міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету; 7) сыйақы ставкаларының мөлшері, оның ішінде микрокредит бойынша сыйақының жылдық ставкасының мөлшері; 8) тараптардың жауаптылығы; 9) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де жағдайлар қамтылуға тиіс. 3. Мақсатты микрокредит беру жағдайларында микрокредиттік ұйымның оның мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыруға құқығы бар, ал қарыз алушы микрокредиттік ұйымның мұндай бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті. Қарыз алушы микрокредитті мақсатты пайдалану жөніндегі міндеттерді, сондай-ақ осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген міндетті орындамаған кезде микрокредиттік ұйым микрокредит беру туралы шартты микрокредиттің берілмеген бөлігіне сәйкес орындаудан бас тартуға және қарыз алушыдан микрокредитті мерзімінен бұрын қайтаруды және ол бойынша сыйақыны талап етуге құқылы. 5-бап. Қарыз алушының микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету Микрокредитті беру туралы шарт қарыз алушының міндеттемелерін орындауы Қазақстан Республикасының заңдарында немесе микрокредитті беру туралы шартта көзделген тәсілдермен қамтамасыз етіледі. 6-бап. Микрокредиттік ұйымның құқықтары мен міндеттері 1. Микрокредиттік ұйым: 1) қамтамасыз ете отырып не қамтамасыз етпей микрокредиттерді беруге, оның ішінде берілген микрокредитке Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және жағдайларда мүлікті кепілге қабылдауға; 2) микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажет мәліметтерді қарыз алушыдан сұратуға; 3) Қазақстан Республикасының заңдарына және микрокредит беру туралы шартқа сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы. 1) орналасқан жері өзгерген не атауы өзгерген жағдайда қарыз алушыларды микрокредиттік ұйымның және оның қарыз алушыларының орналасқан жері бойынша екі баспа басылымында, мемлекеттік тілде және орыс тілінде бұл туралы тиісті ақпарат жариялау жолымен, не мұндай өзгерістер болған күннен бастап отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей, әр қарыз алушыны жазбаша хабарландыру жолымен хабардар етуге; 2) микрокредиттерді беру ережесінің көшірмесін оны көруге және онымен танысуға қолжетімді жерде орналастыруға; 3) қарыз алушы микрокредитті алғанға дейін микрокредитті алуға және оған қызмет көрсетуге байланысты шығындар туралы оны хабардар етуге; 4) қарыз алушыны микрокредитті алуға байланысты оның құқықтары мен міндеттері туралы хабардар етуге; 5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де талаптарды сақтауға міндетті. 7-бап. Қарыз алушының құқықтары мен міндеттері 1. Қарыз алушы: 1) микрокредиттік ұйымның микрокредиттерді беру ережелерімен танысуға; 2) егер микрокредитті беру туралы шартта өзгеше көзделмесе, алған микрокредитті өз қалауы бойынша пайдалануға; 3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы. 1) алған микрокредитті қайтаруға және ол бойынша есептелген сыйақыны микрокредитті беру туралы шартта белгіленген мерзімде және тәртіппен төлеуге; 2) микрокредиттік ұйым осы Заңға сәйкес сұрататын құжаттар мен мәліметтерді беруге; 3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де талаптарды орындауға міндетті. 8-бап. Микрокредитті беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді тоқтату Микрокредитті беру туралы шарт бойынша міндеттемелер Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында көзделген негіздемелер бойынша тоқтатылады. 3-тарау. Микрокредиттік ұйымдарды құру және олардың қызметі 9-бап. Микрокредиттік ұйымның құқықтық жағдайы 1. Коммерциялық микрокредиттік ұйым шаруашылық серіктестік нысанында құрылуы мүмкін. 2006 ж. 8 желтоқсандағы №198-III ҚР Заңымен 2 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 2. Коммерциялық емес микрокредиттік ұйым қоғамдық қор нысанында құрылуы мүмкін. Коммерциялық емес микрокредиттік ұйым тек қана жеке және заңды тұлғалардың қызметін ынталандыруға бағытталған міндеттерді қамтамасыз ету және оларға осы Заңға сәйкес қаржылық қолдау көрсету мақсатыңда құрылады. Көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін коммерциялық емес микрокредиттік ұйым микрокредиттер беру жөніндегі кәсіпкерлік қызметті, сондай-ақ осы Заңда көзделген қызметтің қосымша түрлерін жүзеге асыруға құқылы. Коммерциялық емес микрокредиттік ұйымдардың кірістері оның мүшелерінің (қатысушыларының) арасында бөлінбейді және осы Заңда көзделген қызмет мақсаттарына бағытталады. 3. Микрокредиттік ұйымға бағалы қағаздар шығаруға тыйым салынады. 10-бап. Микрокредиттік ұйымның жарғылық капиталын қалыптастыру 1. Микрокредиттік ұйымның құрылтайшылары (қатысушылары) құрылатын микрокредиттік ұйымның жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерін оны мемелекеттік тіркеу кезіне қарай тек қана Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен ақшалай толық төлеуге міндетті. 2. Құрылатын микрокредиттік ұйымның жарғышық капиталының және барлық қатысушылар салымдарының ең төменгі мөлшері Казақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңында тиісті қаржы жылына арнап белгіленген айлық есептік көрсеткіштің мың еселенген мөлшерінен кем болмауға тиіс. 3. Осы баптың ережесі коммерциялық емес микрокредиттік ұйымдарға қолданылмайды. 11-бап. Микрокредиттік ұйымның атауы 1. Микрокредиттік ұйымнын толық атауында міндетті түрде "микрокредиттік ұйым" деген сөздер немесе олардың туынды сөздері болуға тиіс. 2. Микрокредиттік ұйымның қыскартылған атауында міндетті түрде "МКҰ" аббревиатурасы болуға тиіс. 3. Микрокредиттік ұйым ретінде тіркелмеген заңды тұлғаның өз атауында "микрокредиттік ұйым" деген сөздерді, ол микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асырады деп болжайтын олардың туынды сөздерін немесе "МКҰ" аббревиатурасын пайдалануға құқығы жоқ. 12-бап. Микрокредиттерді беру ережесі Микрокредиттерді беру ережесінде мынадай мәліметтер қамтылуға тиіс: 1) микрокредиттерді беру мерзімдері; 2) берілетін микрокредиттер бойынша сыйақы ставкаларының шекті шамасы; 3) берілген микрокредиттер жөніндегі сыйақыны төлеу тәртібі; 4) микрокредиттік ұйым беретін қамтамасыз етуге ұсынылатын талаптар (ол болған жағдайда). Микрокредиттерді беру ережесінде микрокредиттерді берудің өзге де талаптары және Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін мәліметтер де болуы мүмкін. 1. Микрокредиттік ұйым өзінің қаржышаруашылық қызметін бақылауды жүзеге асыру үшін ішкі бақылау қызметін құрады. 2. Ішкі бақылау қызметінің жұмыс тәртібі жарғымен, сондай-ақ ережелермен және микрокредиттік ұйымның ішкі қызметін реттейтін өзге де құжаттармен белгіленеді. 14-бап. Микрокредиттік ұйымдар қызметінің қосымша түрлері Микрокредиттік ұйымдар микрокредиттерді беру жөніндегі қызметінде қосымша мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы: 1) Қазақстан Республикасының резиденттерінен және резидент еместерінен қарыз (азаматтардан кәсіпкерлік қызмет ретінде қарыз түрінде ақша тартуды қоспағанда) және гранттар тарту; 2) уақытша еркін активтерді мемлекеттік бағалы қағаздарға, корпоративтік бағалы қағаздарға, екінші деңгейдегі банктердің депозиттеріне және Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін басқа да тәсілдермен орналастыру; 3) микрокредитті қамтамасыз ету ретінде алынған кепілге салынған мүлікпен Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен мәмілелер жасасу; 4) басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу; 5) өзінің меншік мүлкін сату; 6) микрокредиттер беру жөніндегі қызметке байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызмет көрсету; 7) өзінің меншік мүлкін жалға беру; 8) лизинг қызметін жүзеге асыру; 9) өтеусіз негізде оқыту. 15-бап. Берілген микрокредит бойынша кұжаттаманы жүргізу тәртібі 1. Микрокредиттік ұйым әрбір берілген микрокредитті қарыз алушылардың тіркеу журналында тіркейді. 2. Микрокредит алу үшін қарыз алушы осы баптың 3-тармағында көзделген құжаттарды ұсынады. 3. Микрокредиттік ұйым әрбір берілген микрокредит бойынша микрокредитті беру туралы шартқа қол қойылған күннен бастап жасалатын кредиттік досьені жүргізуге тиіс. Кредиттік досье мыналарды қамтуға тиіс: 1) қарыз алушы қол қойған, микрокредитті пайдалану мақсаты туралы (мақсатты микрокредит берілген жағдайда), микрокредитті өтеу және сыйақы төлеу жөніндегі міндеттемелерді қарыз алушының орындауын қамтамасыз етуге берілетін, құны көрсетілген мүлік туралы не қамтамасыз етудің болмауы туралы мәліметтер қамтылған өтініш; 2) қарыз алушының белгіленген тәртіппен куәландырылған құрылтай құжаттарының көшірмелері (заңды тұлғалар үшін); 3) қарыз алушының жеке куәлігінің көшірмесі (жеке тұлғалар үшін); 4) қарыз алушы өкілінің микрокредит беру туралы шартқа қол қоюға өкілеттігін растайтын құжаттар; 5) микрокредит беру туралы шарт; 6) 2006 ж. 8 желтоқсандағы №198-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 7) берілген микрокредит мүлік кепілімен қамтамасыз етілген жағдайда кепіл туралы шарт. 4. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, мемлекеттік тіркеуге жататын мүлік кепілі осы мүлікті мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған органда тіркелуге тиіс. 5. Міндеттемесін орындау кепілдікпен немесе кепілгерлікпен қамтамасыз етілген микрокредит бойынша кредиттік досьеге мынадай қосымша құжаттар қоса беріледі: 1) кепілдік немесе кепілгерлік шарты: 2) кепілдік беруші атынан кепілдік шартына немесе кепілгер атынан кепілгерлік шартына қол қоятын өкілдің өкілеттігін растайтын құжаттар. 6. Микрокредит бойынша берешектің толық немесе ішінара өтелгенін растайтын құжаттар кредиіттік досьеге қоса берілуге және микрокредитті өтеу көзін (қарыз алушы аударған не кепілге салынған мүлікті сатудан түскен ақша) көрсетуге тиіс. 16-бап. Микрокредитті беру құпиясы 1. Микрокредитті беру құпиясы қарыз алушылар, микрокредиттердің мөлшері, қарыз алушыға қатысты микрокредитті беру туралы шарттың өзге де талаптары туралы және микрокредиттік ұйымның операциялары туралы (микрокредиттерді беру ережелерін қоспағанда) мәліметтерді қамтиды. Тарату процесіндегі микрокредиттік ұйымның микрокредитті беру туралы жасалған шарттары жөніндегі мәліметтер микрокредиттерді беру құпиясына жатпайды. 2. Микрокредиттік ұйымдар микрокредитті беру құпиясына кепілдік береді. 3. Микрокредитті беру құпиясы тек қана қарыз алушыға, қарыз алушының жазбаша келісімі негізінде үшінші тұлғаға, сондай-ақ осы баптың 4 және 5-тармақтарында көрсетілген тұлғаларға ашылуы мүмкін. 4. Қарыз алушылар туралы, микрокредиттің мөлшері туралы, микрокредитті беру туралы шарттың қарыз алушыға қатысты өзге де талаптары туралы, микрокредиттік ұйым жүргізетін операциялар туралы мәліметтер: 1) анықтау және алдын ала тергеу органдарына: мөрмен расталған және прокурор санкция берген жазбаша сауал салу негізінде олар жүргізіп жатқан қылмыстық істер бойынша; 2) соттарға: соттың ұйғарымы, қаулысы, шешімі және үкімі негізінде олар жүргізіп жатқан істер бойынша; 2006.22.06 № 147-III ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды 2-1) атқарушылық іс жүргізу органдарына: сот орындаушысының атқарушылық іс жүргізу органының мөрімен расталған және прокурор санкция берген қаулысы негізінде олардың іс жүргізуінде жатқан атқарушылық іс жүргізу істері бойынша; 3) прокурорға: оның құзыреті шегінде, оның қарауында жатқан материал бойынша тексеру жүргізу туралы қаулысы негізінде; 4) салық органдарына: нұсқама негізінде тексерілетін тұлғаға салық салута байланысты мәселелер бойынша; 5) қарыз алушының өкілдеріне: нотариат куәландырған сенімхат негізінде беріледі. 5. Қарыз алушы, микрокредит мөлшері, микрокредит беру туралы шарттың қарыз алушыға қатысты өзге де талаптары жөніндегі мәліметтер, қарыз алушы қайтыс болған жағдайда, осы баптың 4-тармағында көзделген тұлғаларды қоспағанда, жазбаша сауал салу негізінде, сондай-ақ: 1) қарыз алушы өсиетте көрсеткен тұлғаларға; 2) нотариустерге: нотариустің мөрімен расталған, оның жазбаша сауал салуы негізінде олар жүргізіп жатқан мүрагерлік істер бойынша. Нотариустің жазбаша сауал салуына қайтыс болғандығы туралы куәліктің көшірмесі қоса берілуге тиіс; 3) шетелдік консулдық мекемелерге: олар жүргізіп жатқан мұрагерлік істер бойынша беріледі. 17-бап. Бухгалтерік есепке алуды жүргізу жөне қаржы есептілігін жасау Микрокредиттік ұйымның бухгалтерлік есепке алуды жүргізуі және қаржы есептілігін жасауы осы Заңның және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және қаржы есептілігі туралы заңдарының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады. Микрокредиттік ұйымның қызметіне байланысты құжаттарды сақтау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. 19-бап. Микрокредиттер беру жөніндегі қызметке және шындыққа сәйкес келмейтін жарнамаға тыйым салу 1. Банктерді және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда, микрокредиттік ұйымдар ретінде тіркелмеген заңды тұлғалардың микрокредиттер беру жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқығы жоқ. 2. Микрокредиттік ұйымдарға өздерінің қызметі туралы, ол жарияланған күні шындыққа сәйкес келмейтін, жарнама беруге тыйым салынады. 20-бап. Микрокредиттік ұйымдарды қайта ұйымдастыру және тарату Микрокредиттік ұйымдарды қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады. 21-бап. Микрокредиттік ұйымдардың қызметін мемлекеттік бақылау Микрокредиттік ұйымдардың қызметін мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіпен жүзеге асырылады. 22-бап. Қазақстан Республикасының микрокредиттік ұйымдар туралы заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық Қазақстан Республикасының микрокредиттік ұйымдар туралы заңдарының бұзылуына кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. Қазақстан Республикасының
|