Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 қазандағы № 1036 қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 2012.31.08. № 1128 Қаулысымен күші жойылды
«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар және
1. «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптамалық жұмыстар және инжинирингтік қызметтер көрсету түрлерінде лицензиялар беру» беру мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет көрсету) мекенжайлары мен жұмыс істеу кестесі осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларында көрсетілген Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) және «Облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармалары) мемлекеттік мекемелері (бұдан әрі — уәкілетті орган) арқылы көрсетіледі. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 33-бабы және «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 32-бабы негізінде көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында, осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес Орталықтың және уәкілетті органның үй-жайларында орналасқан стендтерде сондай-ақ тегін телефон анықтамалық қызметімен ұсынылады. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар және инжинирингтік қызметтер көрсету түрлеріне лицензия беру немесе оны қағаз жеткізгіштерде беруден бас тарту болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|