|
|
|
Қазақстан Республикасында бiрыңғай ақпараттық кеңістікті дамыту және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» жабық акционерлік қоғамын құру туралы (2016.11.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Қазақстан Республикасының бiрыңғай ақпараттық кеңiстiгiн қалыптастыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 9 желтоқсандағы № 3787 Жарлығын iске асыру және елдiң бiрыңғай ақпараттық жүйесiн құру мақсатында Қазақстан Республикасының ?кіметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі мен Энергетика, индустрия және сауда министрлiгі Бiрыңғай ақпараттық кеңiстiктi қалыптастыру жөніндегі жұмыстар мен мемлекеттік мекемелердi ақпараттандыру процестерiн үйлестiру жөнiндегі комиссияның қорытындысын ескере отырып, 10 күн мерзiмде мынадай мәселелер: 1) ақпараттық рынок пен бәсекелестiктi орта құру, монополияға қарсы мемлекеттік саясат жүргiзу жолымен меншiктiң барлық нысандарының теңдiгi жағдайында ақпараттық ресурстарды қалыптастыру және қолда барын пайдалану; 2) берiлген ақпаратқа интеллектуалдық меншiктi қорғау; 3) мемлекеттің, қоғамның, азаматтың ақпараттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету; 4) азаматтардың ақпараттарды алуға арналған конституциялық құқықтарын iске асыру; 5) ақпараттандыру жағдайларында азаматтардың құқықтарын қорғау, ақпарат және ақпараттандыру саласындағы құқық бұзушылықтар үшiн жауаптылық жөніндегі қажеттi заңдар базасы бойынша қосымша ұсыныстармен бiрге Қазақстан Республикасында бiрыңғай ақпараттық кеңiстiктi қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасының жобасын пысықтасын. 2. Жарғылық капиталында мемлекеттiң 100% қатысу үлесiмен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) құрылсын. ҚР Үкіметінің 2000.05.10. № 1501 қаулысымен; 2016.11.11. № 696 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді 3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі заңдарда белгiленген тәртiппен: Қоғам мемлекеттік ақпараттық жүйелердi құру және олардың өзара iс-қимылын ұйымдастыру жөніндегі уәкілетті ұйым болып табылатыны белгiленсiн; Қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруды жөне оны мемлекеттік тiркеудi қамтамасыз етсiн; оның құрамына Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң (төраға), Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігiнiң және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң (келісім бойынша) өкiлдерiн енгiзе отырып, Қоғамның Директорлар кеңесiн құруды қамтамасыз етсiн; осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын; Мемлекеттік органдарды ақпараттандыру жөніндегі ақпараттық жүйелердi аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етудi сатып алу ережесін әзiрлесiн және бекiтсiн. ҚР Үкіметінің 2000.05.10. № 1501 қаулысымен 3-1-тармақпен толықтырылды 3-1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен: 1) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген резервiнен Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігіне «Ұлттық ақпараттық технологиялар» ЖАҚ-ның жарғылық қорын қалыптастыру үшiн 72 500 (жетпiс екi мың бес жүз) теңге бөлсiн; 2) 2001 жылға арналған республикалық бюджетті iске асыру туралы қаулының жобасын әзiрлеу кезiнде мемлекеттік органдарды ақпараттандыру жөніндегі бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі болып табылатынын көздесiн. 4. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Кдзақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында белгiленген тәртiппен құжаттар келiп түскен кезде бiр апта мерзiмде Қоғамды мемлекеттік тiркеудi жүргiзсiн. 5. «Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелік ету және пайдалану жөнiндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына мынадай толықтыру енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекітілген Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктер мен өзге де мемлекеттік органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттік үлестерiнің тiзбесiнде: «Қазақстан Республикасының Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлігіне» деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттік нөмiрi 160-1 - жолмен толықтырылсын: «160-1 «Ұлттық ақпараттық технологиялар» ЖАҚ». 6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiне жүктелсiн. 7. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |