Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 сәуірдегі № 237 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 224 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 сәуірдегі № 237 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 12, 111-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2006 жылғы 4 сәуірдегі № 237 қаулысымен бекітілген
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге суармалы суды беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге суармалы суды беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасы Су кодексінің 135-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес әзірленген және тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы облыс мәслихатының шешімімен бекітілген қаражат есебінен және шегінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге (бұдан әрі - су пайдаланушы) суармалы суды беру жөніндегі қызметтердің құнын жергілікті бюджеттен субсидиялау тәртібін анықтайды. 2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) су беруші - ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беруді жүзеге асыратын және су шаруашылығы жүйелерінің қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектісі болып табылатын жеке немесе заңды тұлға; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|