Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (2016.26.12. берілген өзгерістермен)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 308 Қаулысымен күші жойылды
Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін. 2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi. 4. Екінші деңгейдегі банктерге 2011 жылғы 1 шілдеге дейін өзінің ішкі құжаттарын осы қаулының қосымшасының 2-тармағының отызыншы, отыз бірінші, отыз екінші абзацтарында белгіленген талаптарға сәйкес келтірсін. 5. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов): 1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесе отырып, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын; 2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» және «Атамекен» Одағы» Қазақстанның Ұлттық экономикалық палатасы» заңды тұлғалар бірлестіктеріне мәлімет үшін жіберсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|