Осы редакция 2011 жылғы 31 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 2003 жылғы 28 cәуipдегі № 407 қаулысымен бекітілген
Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн (2009.31.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер 1. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды алып қою және жою кезiнде жеке және заңды тұлғаларға келтiрiлген залалдарды өтеудiң осы Ережесi мен шарттары (бұдан әрi - Ереже) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңы 30-бабының 4-тармағына сәйкес әзiрлендi және жануарлар мен адам денсаулығына ерекше қауiп төндiретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикізаттарды алып қою және жою кезіндегі залалдарды өтеудiң бiрыңғай тәртібі мен шарттарын белгілейді. 2. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикізаттарды алып қою және жою кезiнде жеке және заңды тұлғаларға келтiрiлген залал осы Ереженiң 2 тарауының 4-тармағында белгiленген мөлшерде мiндеттi өтеуге жатады. 3. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауіп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды алып қоюға және жоюға байланысты шығыстарды жабу жануарлардың ерекше қауiптi жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі функцияларды орындайтын мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар (бұдан әрi - мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар) арқылы республикалық бюджеттiң есебiнен жүргiзiледi. 2. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды алып қою және жою кезiнде өтеуге жататын залалдарды анықтау 4. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды алып қою және жою кезiнде жеке және заңды тұлғаларға келтiрiлген залалдарды өтеу үшiн жануарлардың түрi мен жыныстық-жастық топтарына қарай олардың құны мынадай айлық есептiк көрсеткiш (бұдан әрi - АЕК) мөлшерiнде белгiленедi: 1) түйелер, оның ішiнде: 6 айға дейiнгi боталар - 15 АЕК-ке дейiн; 6 айдан бiр жасқа дейiнгi тайлақ - 24 АЕК-ке дейiн; бiр жастан екi жасқа дейiнгi тайлақ - 36 АЕК-ке дейiн; үлкен аналық түйелер - 60 АЕК-ке дейiн; үлкен буралар - 73 АЕК-ке дейiн. 2) iрi қара мал, оның iшiнде: 6 айға дейiнгi бұзау - 5 АЕК-ке дейiн; 6 айдан бiр жасқа дейiнгi бұзау - 9 АЕК-ке дейiн; бiр жастан екі жасқа дейiнгi баспақ - 18 АЕК-ке дейiн; сиырлар - 26 AEK-кe дейiн; бұқалар - 35 АЕК-ке дейiн. 3) жылқылар, оның ішiнде: 6 айға дейiнгi құлындар - 8 АЕК-ке дейiн; 6 айдан бiр жасқа дейiнгi тайлар - 15 АЕК-ке дейiн; бiр жастан екі жасқа дейiнгi құнандар - 24 АЕК-ке дейiн; үлкен жылқылар - 39 АЕК-ке дейiн. 4) қойлар мен ешкiлер, оның iшiнде: 6 айға дейiнгi қозылар мен лақтар - 2 AЕК-ке дейiн; 6 айдан бiр жасқа дейiнгi марқа қозы-лақтар - 3 АЕК-ке дейiн; бiр жастан екi жасқа дейiнгi тоқтылар-ешкiлер - 4 АЕК-ке дейiн; аналық қой-ешкiлер - 6 АЕК-ке дейiн; үлкен қошқар-текелер - 9 АЕК-ке дейiн. 5) шошқалар, оның ішiнде: 2 айға дейiнгi торайлар - 2 АЕК-ке дейiн; екi айдан төрт айға дейiнгi торайлар - 3 АЕК-ке дейiн; төрт айдан тоғыз айға дейінгi торайлар - 6 АЕК-ке дейiн; 9 айдан үлкен шошқалар - 12 АЕК-ке дейiн. ҚР Үкіметінің 2005.31.10. № 1088 қаулысымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 6) құстар (тауықтар, үйректер, қаздар, түйе тауықтар), оның iшiнде: 30-дан 60 күнге дейiнгі балапандар - 0,12 АЕК-ке дейiн; 60-тан 90 күнге дейiнгi шөжелер - 0,20 АЕК-ке дейiн; тауықтар, үйректер - 0,50 АЕК-ке дейiн; қаздар, түйетауықтар - 1,0 АЕК-ке дейiн. 7) үй қояндары, оның iшiнде: 2 айдан 4 айға дейiнгi көжектер - 0,20 АЕК-ке дейiн; үлкен үй қояндары - 0,50 АЕК-ке дейін. 8) жануарлардан алынатын өнiмдер, оның iшiнде: сиыр еті - 0,18 АЕК-ке дейiн; қой етi - 0,21 АЕК-ке дейiн; шошқа етi - 0,13 АЕК-ке дейiн; жылқы етi - 0,22 АЕК-ке дейiн; түйе етi - 0,18 АЕК-ке дейiн; iшек-қарны алынған тауық еті - 0,17 АЕК-ке дейiн. сүт және сүт өнiмдерi - 0,02 АЕК-ке дейiн; жұмыртқа және жұмыртқа өнiмдерi - 0,05 АЕК-ке дейiн. 9) жануарлардан алынатын шикiзаттар, оның iшiнде: терi - 0,29 АЕК-ке дейiн; жүн - 0,06 АЕК-ке дейiн. 5. Құнды өтеу осы Ереженiң 2 тарауының 4-тармағында көрсетiлген алып қойылған бip бас жануар үшiн және жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттардың бiр килограмы үшiн AEK шегіндегі, бiрақ тиiстi аумақтың нарықтық бағасының 50 пайызынан аспайтын есеппен жүзеге асырылады. 3. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды алып қою және жою кезіндегі залалдарды өтеудiң шарттары 6. Алып қойылатын және жойылатын жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттардың иелерiне келтiрiлген залалдарды өтеу ерекше қауiпті жануарлар ауруларының тiзбесiне енгiзiлген ауруларды анықтаған жағдайда ғана жүргiзiледi, бұл ретте Қазақстан Республикасы Үкіметі бекiткен жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды мiндетті алып қою және жою жүргiзiледі. ҚР Үкіметінің 2009.31.12. № 2332 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 7. Жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды алып қою және жою кезіндегі залалдарды өтеу туралы шешiмдi ветеринария саласындағы және жергiлiктi атқарушы органдар, санитария-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттік органдары, тиiстi аумақтың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы өкілдерiнен тұратын тиiстi ауданның (қаланың) аумақтық ведомство бөлімшесі уәкiлетті мемлекеттік органының бұйрығымен ауданның (қаланың) Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынысы бойынша құрылған комиссия шығарады. ҚР Үкіметінің 2009.31.12. № 2332 қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 8. Жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды алып қою және жою кезіндегі залалды өтеу туралы комиссияның шешiм шығаруы үшiн: 1) жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарлардың аурулары бойынша шектелген iс-шаралар немесе карантин енгізу туралы жергiлiктi атқарушы органның шешiмi; 2) комиссия мүшелерiнiң қолы қойылған ауру жануарларды, ауру жұқтырған жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды алып қоюға және жоюға жасалған акт; 3) диагностика немесе мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектiлерiнiң ветеринариялық-санитариялық сараптама нәтижелерi бойынша ветеринариялық зертханалар берген сараптама актiсi; 4) ауданның (қаланың) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды алып қою туралы қаулысы; 5) ветеринариялық паспорт негiз болып табылады. 9. Жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттардың залалдарын өтеу жеке және заңды тұлғалардың «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабына сәйкес белгіленген мiндеттерiн орындамаған жағдайда жүргізiлмейдi. 4. Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикiзаттарды алып қою және жою нәтижесiнде жеке және заңды тұлғаларға келтiрiлген залалдарды өтеу кезіндегі сомаларды төлеу тәртібі ҚР Үкіметінің 2009.31.12. № 2332 қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 10. Жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды алып қою және жою кезінде залалды өтеу үшiн негiз болып табылатын құжаттарды жинауды мемлекеттік ветеринариялық ұйым жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 2009.31.12. № 2332 қаулысымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 11. Мемлекеттік ветеринариялық ұйым осы Ереженің 8-тармағында көрсетілген растаушы құжаттардың негізінде он жұмыс күні ішінде жеке және заңды тұлғаларға алып қойылған және жойылған жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттардың құнын республикалық бюджет есебінен өтейді.» 12. ҚР Үкіметінің 2009.31.12. № 2332 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 13. Алып қойылған және жойылған жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттардың құнын жеке және заңды тұлғаларға осы Ереженiң 7-тармағында көрсетiлген комиссия шешiмiн ұсыну бойынша жануарлардың ерекше қауiптi жұқпалы ауруларының ошағын жоюды жүзеге асыратын мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар өтейдi.
|