Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысымен бекітілген
Осы редакция 2011 жылғы 28 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру»
1. Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) - Қазақстан Республикасының азаматтары өздерінің конституциялық және азаматтық құқықтарын жүзеге асыру үшін паспорттар, жеке куәліктер беру рәсімі. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны ішінара автоматтандырылған. Қызметті Халыққа қызмет көрсету орталығындағы «Халықты құжаттандыру және тіркеу» Тіркеу пункті» ақпараттық жүйесін пайдаланып та аумақтық (қалалық, аудандық) әділет органының қызметкері де, Халыққа қызмет көрсету орталығының инспекторы қағаз тасымалдағыштар арқылы көрсетеді. 3. Мемлекеттік қызмет көрсету «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулысы 10-тармағының негізінде жүзеге асырылады. 4. Мемлекеттік қызметті көрсету аумақтық (қалалық, аудандық) әділет органдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) және осы стандарттың 1-қосымшасында мекенжайлары мен телефондары көрсетілген Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы жүзеге асырылады. 5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің аяқталу нысаны Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар және (немесе) жеке куәліктер беру болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектелу мерзімдері: 1) жеке басын куәландыратын құжаттар (паспорт және жеке куәліктер) құжат алуға өтініш ресімделген күннен бастап екі ай мерзімнен кешіктірілмей беріледі. Мемлекеттік қызмет 7, 10 және 15 жұмыс күні мерзімдеріне дейін жедел түрде көрсетіле алады. 2) құжаттарды тапсырған кезде ең ұзақ кезек күту уақыты 30 минуттан аспайды; 3) құжаттарды алған кезде ең ұзақ кезек күту уақыты 30 минуттан аспайды. 8. Мемлекеттік қызмет көрсету ақылы жүргізіледі. Қазақстан Республикасы азаматының паспортын беруге 4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі үшін 0,2 айлық есептік көрсеткіш мемлекеттік баж алынады. Растайтын құжаты төлем туралы түбіртек немесе «электронды үкіметтің» төлем шлюзы арқылы берілетін төлем туралы чек болып табылады. Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәліктерін беру кезінде: Кеңес Одағының батырлары, Социалистік Еңбек ерлері; Даңқ орденінің үш дәрежесімен және Еңбек Даңқы орденінің үш дәрежесімен, «Алтын Қыран», «Отан» ордендерімен наградталған, «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарын алған адамдар; «Ардақты ана» атағын алған, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар; Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылдың 22 маусымы мен 1945 жылдың 9 мамыры кезеңінде кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы қажырлы еңбегі мен қалтқысыз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО-ның ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жастан мүгедектердің ата-аналарының бірі; қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын қарттар, балалар үйінде және (немесе) интернаттарда тұратын толық мемлекет қамқорлығындағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар мемлекеттік баж төлеуден босатылады. 9. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурстарында (www.minjust.kz), сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және 1-қосымшаға сәйкес Орталықтардың үй-жайларындағы стендтерде орналастырылады. 10. Мемлекеттік қызметті көрсету: «Халықты құжаттандыру және тіркеу» Тіркеу пункті» ақпараттық жүйесін пайдаланып, сенбі, жексенбі, мереке, демалыс күндерін қоспағанда сағат 13.00-ден сағат 14.30-га дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден сағат 18.30-ға дейін ұсынылады. Қағаз тасымалдағышты толтыру арқылы Орталыққа жүгінгенде: демалыс және мереке күндерін қоспағанда түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейін, филиалдар мен өкілдіктер үшін түскі асқа бір сағаттық үзіліспен сағат 9.00-ден сағат 19.00-ге дейін жұмыс кестесі бекітіледі. Қабылдау «электронды» кезек тәртібімен алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. 11. Мемлекеттік қызмет мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін жағдай жасалған Орталық ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күту үшін креслолар, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стендтер орналастырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушылар тұрғылықты жері бойынша тіркеуде екенін растайтын азаматтарды тіркеу кітабын, құжат үшін мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртекті (мемлекеттік баж төлеуден босатылған тұлғалар - растайтын құжаттарын), фотосуреттерін және келесі құжаттардың бірін ұсынады: 1) туу туралы куәлік (16 жасқа толуына байланысты жеке куәлік алған кезде, 16 жасқа дейін паспорт алған кезде); 2) Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (құжат ауыстырған кезде); 3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі (жеке куәлікті ауыстырған кезде, 16 жасқа толуына байланысты алғаш рет паспорт алған кезде); 4) Ішкі істер органдарымен берілетін белгіленген нысандағы Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданғаны туралы анықтама (Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдануына байланысты құжаттар алған кезде); 5) Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерімен берілетін қайтып оралу куәлігі (уақытша шетелде тұратын Қазақстан Республикасы азаматының паспорты жоғалған кезде). Жеке куәлік және/немесе паспортқа ресімдеген кезде өтініш беруші көлемі 3,5x4,5 см. 2 фотосурет ұсынуы қажет. Фотосурет өтініш берушінің құжат ресімдеу кезіндегі жасына сәйкес болуы, қатаң түрде жарық жерде, алдынан, бет-бейнесі нейтралды, аузы жабық күйде түсірілген болуы керек, сонымен қатар, адамның беті фотосуреттің жалпы аумағының 75% жуығын алуы тиіс. Фотосуреттер бір негативтен тығыз фотоқағазға фотобаспа әдісімен басылған болуы қажет. Компьютерлік сканерлеу, модельдеу немесе ксерокөшірме әдісімен дайындалған бейнелерді пайдалануға жол берілмейді. 13. «Халықты құжаттандыру және тіркеу» Тіркеу пункті» ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет алу үшін бланктер толтыру талап етілмейді. Қағаз тасымалдағышты пайдаланып мемлекеттік қызметті алу кезінде жеке басты куәландыратын құжаттарды алу үшін өтініш бланкісі оны толтыруды жүзеге асыратын Орталық инспекторында болады. 14. Құжаттарды қабылдау «терезенің» атқаратын қызметтері мен оның міндеттері туралы ақпарат ілінген, сондай-ақ уәкілетті орган қызметкерінің және/немесе Орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген «терезе» арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті «Халықты құжаттандыру және тіркеу» Тіркеу пункті» ақпараттық жүйесі арқылы алған кезде уәкілетті органның қызметкерлері азаматтардың өтініштерін жөнелтуді автоматтандырылған режимде жүзеге асырады. Мемлекеттік қызмет қағаз тасымалдағыш арқылы көрсетілген кезде Орталық инспекторы құжаттарды осы стандарттың 12-тармағының талаптарына сәйкестігін тексереді, журналға тіркеу және жинақтаушы бөлімнің инспекторына тапсыруды жүзеге асырады. Жинақтаушы бөлімнің инспекторы құжаттарды жинап, тізілім жасап, уәкілетті органдарға жіберуді жүзеге асырады. Орталық өтініштерді қоса берілген құжаттарымен уәкілетті органға және кері қарай жеткізуді осы құжаттар қабылданған күні курьерлік байланыс арқылы күніне кем дегенде 2 рет жүзеге асырады. Уәкілетті орган орталықтан құжаттар пакетін алған соң, оның осы стандарттың 12-тармағының талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады, тізілім жасайды және құжаттар пакетін Әділет департаментіне жібереді, онда құжаттар тексеріледі және азаматтардың паспорты пен жеке куәліктерін жасау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетіне жолданады. Дайындалған құжаттар тізілім бойынша оларды уәкілетті органға жіберу үшін Әділет департаментіне жіберіледі. Орындалған (дайын) құжаттар уәкілетті органнан Орталыққа қолхатта көрсетілген беру мерзімінен бір күн бұрын түсуі керек. 15. Тұтынушыға осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген: 1) сұрау салудың нөмірі және қабылдау күні; 2) сұратылып отырған мемлекеттік қызметтің түрі; 3) қоса беріліп отырған құжаттардың саны мен атауы, құжаттардың берілген жері, күні және уақыты; 4) 1-нысандағы өтінішті ресімдеген Орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты; 5) құжатты беру үшін өтініштің жыртылмалы түбіртегі бар құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі. 16. «Халықты құжаттандыру және тіркеу» Тіркеу пункті» ақпараттық жүйесі арқылы қабылданған дайын құжаттарды беру «терезе» арқылы уәкілетті органның қызметкерімен сенбі, жексенбіні қоспағанда, сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін түбіртек пен қолхат негізінде көрсетілген мерзімде жүзеге асырылады. Орталықтың инспекторы толтырған өтініш негізінде қабылданып, дайындалған құжаттарды беру Орталықтағы «терезе» арқылы Орталық инспекторымен қолхат негізінде көрсетілген мерзімде жүзеге асырылады. 17. Тұтынушы осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген құжаттардың бірін ұсынбаған жағдайда, Орталық мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады. Уәкілетті орган құжаттарды ресімдеуден қателіктерді анықтаған кезде, құжаттар пакетін алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде бас тарту себептерін жазбаша дәлелдеп, Орталыққа қайтарады. Орталық дәлелді бас тартуды алған соң бір жұмыс күні ішінде өтініш берушіні хабардар етеді және уәкілетті органның бас тарту себептері көрсетілген жазбаша негіздемесін береді.
18. Уәкілетті органның және Орталықтың қызметі адамның конституциялық құқықтарын сақтауға, қызметтік борышты орындау кезіндегі заңдылықты сақтауға негізделген және сыпайылық, түбегейлі және толық ақпарат беру, оны сақтау, қорғау және құпиялылық қағидаттарында жүзеге асырылады.
19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді. 20. Мемлекеттік орган, мекеме немесе өзге де субъектілер жұмыстары бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын арнайы құрылған жұмыс тобымен бекітіледі.
21. Уәкілетті орган қызметкерінің және Орталық инспекторларының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Орталықтың ақпараттық-анықтамалық қызметінен мына телефон: 58-00-58 арқылы алуға болады. 22. Шағымдар ауызша немесе жазбаша нысанда пошта бойынша немесе уәкілетті органның және Орталықтың кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады. Уәкілетті органдардың және Орталықтар басшыларының мекен-жайлары мен телефондары осы стандарттың 1 және 1-1 қосымшасында көрсетілген. 23. Қабылданған шағым уәкілетті органның және Орталықтың ақпараттарды есепке алу журналында тіркеледі және түскен уақытынан бастап күнтізбелік он бес күн ішінде қаралады, қосымша зерделеу мен тексеру жүргізу қажет болған жағдайда күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін. Қаралған шағымдардың нәтижесі туралы өтініш берушіге жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.
24. Уәкілетті органдар мен Орталық басшыларының жұмыс және қабылдау кестесі уәкілетті орган мен Орталықтың және осы стандарттың 10-тармағында көзделген жұмыс кестесіне сәйкес анықталады. Уәкілетті органдар мен Орталықтардың байланыс телефондары мен мекен-жайлары осы стандарттың 1 және 1-1 қосымшасында көрсетілген, сондай-ақ ресми ақпараттар көздерінде және уәкілетті органдар мен Орталықтардың үй-жайларындағы стендтерде орналастырылады. Уәкілетті органдар мен Орталық басшыларының байланыс телефондары мен мекенжайлары осы стандарттың 1 және 1-1 қосымшаларында көрсетілген. 25. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8-үй, интернет-ресурс: www.minjust.kz.
«Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру» мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымша
«Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру» мемлекеттік қызмет стандартына 1-1-қосымша
«Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру» мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымша
Кесте. Сапа мен қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні
|