Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысымен бекітілген Осы редакция 2011 жылғы 28 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару»
1. Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) - Қазақстан Республикасында халықтың ішкі көші-қонын есепке алу және Қазақстан Республикасының азаматтары өздерінің конституциялық және азаматтық құқықтарын жүзеге асыру мақсатында азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару рәсімі. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылған. Қызметті Халыққа қызмет көрсету орталығындағы «Халықты құжаттандыру және тіркеу» Тіркеу пункті» ақпараттық жүйесін пайдаланып аумақтық (қалалық, аудандық) әділет органының қызметкері көрсетеді. 3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулысының 27-тармағының негізінде жүзеге асырылады. 4. Мемлекеттік қызметті аумақтық (қалалық, аудандық) әділет органдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) осы стандарттың 1-қосымшасында мекенжайлары мен телефондары көрсетілген Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы көрсетеді. 5. Мемлекеттік қызмет көрсетуді аяқтау нысаны азаматтарды тіркеу кітабында азаматты тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығарылғаны туралы белгі қою болып табылады. 6. Тіркеуден шығаруға басқа тұрғылықты жерге кеткен, сот үкімі негізінде бас бостандығынан айыруға сотталған, сотпен тұрғын үйді пайдалану құқығы жойылды деп танылған адамдар, қайтыс болғандар жатады. 7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері: 1) азаматтарды тіркеуден шығару екі жұмыс күніне дейінгі мерзімде жасалады. 2) құжаттарды тапсырған кезде ең ұзақ кезек күту уақыты - 30 минуттан аспайды; 3) құжаттарды алған кезде ең ұзақ кезек күту уақыты - 30 минуттан аспайды. 8. Мемлекеттік қызмет көрсету тегін жүргізіледі. 9 Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында (www.minjust.kz) сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және 1-қосымшаға сәйкес Орталықтардың үй-жайларындағы стендтерде орналастырылады. 10. Мемлекеттік қызметті көрсету сенбі, жексенбі, мереке, демалыс күндерін қоспағанда, түскі асқа сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейін үзіліспен, сағат 9.00-дан сағат 18.30-га дейін ұсынылады. Қабылдау «электронды» кезек тәртібімен алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. 11. Мемлекеттік қызмет мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін жағдай жасалған Орталық ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күту үшін креслолар, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стендтер орналастырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Тіркеуден шығару үшін тұтынушылар келесі құжаттарды ұсынады: 1) тіркеу есебінен шығару туралы арызы; 2) азаматтарды тіркеу кітабы; 3) жеке куәлігі (он алты жасқа дейінгі балалар - туу туралы куәлігі) (көшірмесі); 4) әскери міндеттілер, бұдан басқа жергілікті әскери басқарманың әскери есептен шығару туралы белгісі бар әскери билеті (әскери міндеттілер-тіркеу куәлігін) (көшірмесі). Тұтынушылар құжаттардың көшірмелерімен бірге құжаттардың түпнұсқаларын да ұсынады, түпнұсқалар көшірмелерімен салыстырылып тексерілген соң иесіне қайтарылады. 13. Бланкілер күту залының арнайы тіреуіштерінде орналастырылады. 14. Құжаттарды қабылдау «терезенің» атқаратын қызметтері мен оның міндеттері туралы ақпарат ілінген, сондай-ақ уәкілетті орган қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген «терезе» арқылы жүзеге асырылады. Уәкілетті органның қызметкері құжаттарды осы стандарттың 12-тармағының талаптарына сәйкестігін тексерген соң, азаматтарды тіркеу кітабына тіркеуден шығарылғаны туралы мәлімет енгізеді және белгі қояды. 15. Тұтынушыға осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген: 1) сұратылып отырған мемлекеттік қызметтің түрі; 2) құжаттарды берген күні мен орны; 3) уәкілетті органның құжаттарды қабылдаған қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты бар құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі. 16. Дайын құжаттарды беруді уәкілетті органның қызметкері сенбі, жексенбіні қоспағанда, «терезе» арқылы сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін қолхат негізінде көрсетілген мерзімде жүзеге асырады. 17. Тұтынушы осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген құжаттардың бірін ұсынбаған жағдайда, оған мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.
18. Уәкілетті органның және Орталықтың қызметі адамның конституциялық құқықтарын сақтауға, қызметтік борышты орындау кезіндегі заңдылықты сақтауға негізделген және сыпайылық, толық ақпарат беру, оны сақтау, қорғау және құпиялылық қағидаттарында жүзеге асырылады.
19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді. 20. Мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмыстары бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын арнайы құрылған жұмыс тобымен бекітіледі.
21. Уәкілетті орган қызметкерінің және Орталық инспекторларының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Орталықтың ақпараттық-анықтамалық қызметінен 58-00-58 телефоны арқылы алуға болады. 22. Шағымдар ауызша немесе жазбаша нысанда пошта бойынша немесе уәкілетті органның және Орталықтың кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады. Уәкілетті органдардың және Орталықтар басшыларының мекен-жайлары мен телефондары осы стандарттың 1 және 1-1 қосымшасында көрсетілген. 23. Қабылданған шағым уәкілетті органның және Орталықтың ақпараттарды есепке алу журналында тіркеледі және түскен уақытынан бастап күнтізбелік он бес күн ішінде қаралады, қосымша зерделеу мен тексеру жүргізу қажет болған жағдайда күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін. Шағымдарды қарау нәтижелері туралы өтініш берушіге жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.
24. Уәкілетті органдар мен Орталық басшыларының жұмыс және қабылдау кестесі осы стандарттың 10-тармағында көзделген уәкілетті орган мен Орталықтың жұмыс кестесіне сәйкес анықталады. Уәкілетті органдар мен Орталықтардың байланыс телефондары мен мекенжайлары осы стандарттың 1 және 1-1 қосымшасында көрсетілген, сондай-ақ ресми ақпараттар көздерінде және уәкілетті органдар мен Орталықтардың үй-жайларындағы стендтерде орналастырылады. Уәкілетті органдар мен Орталық басшыларының байланыс телефондары мен мекен-жайлары осы стандарттың 1 және 1-1-қосымшаларында көрсетілген. 25. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8-үй, интернет-ресурс: www.minjust.kz. «Қазақстан Республикасы азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару» мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымша
«Қазақстан Республикасы азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару» мемлекеттік қызмет стандартына 1-1-қосымша
«Қазақстан Республикасы азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару» мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымша
Кесте. Сапа мен қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні
|