Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысымен бекітілген
Осы редакция 2011 жылғы 28 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүліктің кепілі жөнінде ақпарат беру» (2010.07.05. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүліктің кепілі жөнінде ақпарат беру (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) - кепіл туралы мәліметтер үзінді берілген күннің алдындағы жұмыс күнінің аяғында берілген сілтемені қамтып және тіркеуші органның лауазымды тұлғасының қолы қойылып, тіркеуші органның мөрімен куәландырылуға тиіс міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу тізілімінен үзінді түрінде ақпарат беру рәсімі. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған. 3. Мемлекеттік қызмет «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы негізінде жүзеге асырылады. 4. Мемлекеттік қызметті «Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жылжымайтын мүлік орталығы» республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорындары және оның филиалдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы көрсетеді, олардың мекен-жайлары осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес көрсетілген. 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны жылжымалы мүлік кепілін тіркеу тізілімінен үзінді алу болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері тұтынушылар қажетті құжаттарды тапсырған (тіркелген, талон алған сәттен бастап), мемлекеттік қызмет алуға өтініш берген сәттен бастап: 1) міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілі бойынша ақпараттық қызмет жазбаша өтініш келіп түскен сәттен бастап екі жұмыс күнінің ішінде ұсынылады (құжаттарды қабылдаған және берген күндер мемлекеттік қызмет ұсыну мерзіміне кірмейді); 2) құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды; 3) құжаттарды алу кезіндегі кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды. 8. Жылжымалы мүлік кепілі бойынша ақпараттық қызмет үшін ақы - қолданыстағы алым төлеу күніне бір айлық есептік көрсеткіштің 50 пайызын құрайды. Олардың іс жүргізуіндегі істер бойынша прокуратура, сот, анықтау және тергеу органдарының, сондай-ақ жылжымалы мүлік кепілін тіркеуді бақылауды жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік органдардың және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде кепілдің тізіліміне көшірмені тегін алу құқығы берілген басқа да тұлғалардың сұрау салуы бойынша кепілдің тізілімінен үзінді ақы алынбастан беріледі. 9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында: www.minjust.kz, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес Орталықтардың үй-жайларында стендтерде орнатылады. ҚР Үкіметінің 2010.07.05. № 393 Қаулысымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 10. Уәкілетті органда демалыс және мейрам күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейінгі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін оның жұмысын қамтамасыз ететін кесте белгіленеді. Орталықтарда құжаттарды қабылдау демалыс және мейрам күндерін қоспағанда, сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейін үзіліссіз жүзеге асырылады, Орталықтардың филиалдары мен өкілдіктері үшін бір сағаттық түскі үзіліспен сағат 9.00-ден сағат 19.00-ге дейінгі жұмыс кестесі белгіленеді. Қабылдау «электронды» кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. ҚР Үкіметінің 2010.07.05. № 393 Қаулысымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 11. Мемлекеттік қызмет Орталықтың ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күту үшін креслолар, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стенділер орналастырылады. Мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
ҚР Үкіметінің 2010.07.05. № 393 Қаулысымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 12. Мемлекеттік қызмет алу үшін тұтынушы жеке басын куәландыратын құжатты және төмендегі құжаттарды ұсынады: 1) жеке және заңды тұлғаның жазбаша өтінішін; 2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 3) заңнамада белгіленген жағдайларда өкілдің өкілеттіктерін куәландыратын құжатты; 4) ақпараттық қызмет үшін төлем төлегендігі туралы құжатты. 13. Бланкілер күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады, не Орталықтың консультанттарында болады. 14. Құжаттарды қабылдау «терезенің» арналуы және атқаратын функциясы туралы ақпарат ілінген, сондай-ақ Орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы көрсетілген «терезе» арқылы жүзеге асырылады. Орталықтың инспекторы осы стандарттың 12-тармағына сәйкес құжаттардың толықтығын тексеруді, құжаттардың есеп журналында тіркелуін және құжаттарды жинақтаушы бөлімнің инспекторына табыс етілуін жүзеге асырады. Орталықтың жинақтаушы бөлімінің инспекторы құжаттарды жинауды, тізілімді жасауды және уәкілетті органға жіберуді жүзеге асырады. Орталық қоса берілген құжаттармен бірге өтініштердің уәкілетті органға жеткізілуін және кері алынуын осы өтініштерді қабылдаған күні кемінде 2 рет жүзеге асырады. Уәкілетті орган Орталықтан құжаттар пакетін алғаннан кейін: - міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу тізілімінен көшірмелер әзірлеуді; - орындалған құжаттар тізілімін қалыптастыруды және тұтынушыға беру үшін Орталыққа жіберуді жүзеге асырады. Орындалған құжаттар уәкілетті органнан қолхатта көрсетілген беру мерзімі өткенге дейін бір күн бұрын Орталыққа түсуі тиіс. сұрау салудың нөмірін және қабылдау күнін; сұралып отырған мемлекеттік қызметтің түрін; қоса берілген құжаттардың саны мен атауын; құжаттарды беру күнін, уақытын және орнын; құжаттарды ресімдеуге арналған өтінішті қабылдаған Орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты көрсетілуімен, тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі. ҚР Үкіметінің 2010.07.05. № 393 Қаулысымен 16-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 16. Дайын құжаттарды тұтынушыға беруді Орталық инспекторы «терезе» арқылы күн сайын мерзімі көрсетілген қолхат негізінде жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 2010.07.05. № 393 Қаулысымен 17-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 17. Құжаттарды ресімдеуде қателіктер анықталған, осы стандарттың 12-тармағында көзделген құжаттар пакеті толық берілмеген және құжаттар тиісінше ресімделмеген кезде уәкілетті орган қызмет көрсетудің белгіленген мерзімі ішінде Орталыққа кейіннен тұтынушыға беру үшін бас тартудың себептерін көрсетіп, хабарлама жолдайды.
18. Уәкілетті орган мен Орталықтың қызметі адамның конституциялық құқықтарын, қызметтік борышын атқару кезіндегі заңдылықты сақтауға негізделеді және әдептілік, толық ақпарат беру, оның қорғалуын, сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарымен жүзеге асырылады.
19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді. 20. Мемлекеттік қызметтер көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.
21. Мемлекеттік қызметті ұсыну сапасы бойынша наразылықтар болған жағдайда уәкілетті органның және Орталық қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Орталықтың ақпараттық-анықтамалық қызметінің 58-00-58 телефоны бойынша алуға болады. ҚР Үкіметінің 2010.07.05. № 393 Қаулысымен 22-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 22. Шағымдар ауызша немесе жазбаша нысанда почта арқылы немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электронды түрде, уәкілетті органның немесе Орталықтың кеңсесі арқылы жұмыс күндерінде қолма-қол қабылданады. Шағым уәкілетті орган мен Орталық басшысының атына беріледі. Уәкілетті орган мен Орталықтың мекен-жайлары және басшыларының телефондары осы стандартқа 1 және 1-1-қосымшаларда көрсетілген. 23. Қабылданған шағым уәкілетті орган мен Орталықтың ақпаратты есепке алу журналында тіркеледі және он бес күнтізбелік күн ішінде қаралады, қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайларда, қарау мерзімі 30 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін. Өтініш берушіге шағымды қарау нәтижелері туралы жазбаша түрде почта арқылы хабарланады.
24. Уәкілетті орган мен Орталық басшыларының жұмыс және қабылдау кестелері осы стандарттың 10-тармағында көзделген уәкілетті орган мен Орталықтың жұмыс кестелеріне сәйкес айқындалады. Уәкілетті орган мен Орталықтардың байланыс телефондары, мекен-жайлары осы стандартқа 1 және 1-1-қосымшаларда, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және уәкілетті орган мен Орталықтардың үй-жайларында орналасқан стендтерде көрсетілген. Орталықтар мен уәкілетті органдар басшыларының байланыс телефондары осы стандартқа 1 және 1-1-қосымшаларда көрсетілген. 25. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, интернет-ресурсы: www.minjust.kz.
«Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүліктің кепілі жөнінде ақпарат беру» мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымша
«Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүліктің кепілі жөнінде ақпарат беру» мемлекеттік қызмет стандартына 1-1-қосымша
«Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүліктің кепілі жөнінде ақпарат беру» мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымша
Кесте. Сапа мен қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні
|