|
|
|
2009-2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасын бекіту туралы (2010.28.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011 жылғы 25 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған 2009-2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін. 2. Бағдарламаның орындалуына жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ мүдделі ұйымдар: 1) Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын; 2) Бағдарламаны іске асырудың барысы туралы ақпаратты жылына екі рет, жарты жылдықтың қорытындылары бойынша 15 қаңтарға және 15 шілдеге Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ұсынсын. 3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бағдарламаны іске асырудың барысы туралы жиынтық ақпаратты жыл сайын жылдың қортындылары бойынша 30 қаңтарға Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынсын. ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 703 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Т. Орынбаевқа жүктелсін. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 желтоқсандағы № 1126 қаулысымен бекітілген
2009-2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» Бағдарламасы
Мазмұны
ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 561 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.29.12. № 2218 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.28.11. № 1252 қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-бөлім өзгертілді
Қазақстан Республикасы да тәуелсіздік жылдары әлемдік көші-қон процестерінің белсенді қатысушысына айналды. 1991 жылдан бері Қазақстан Республикасы 706 мыңнан астам этникалық қазақты қабылдады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап көші-қон процестерін реттеу мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне жатады. 2007 жылы Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2007-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды (Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 тамыздағы № 399 Жарлығы). Бағдарламаның құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2007-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» 2007 жылғы 28 тамыздағы № 399, «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясы туралы» 2006 жылғы 28 тамыздағы № 167 (бұдан әрі - Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясы) және «Қазақстан Республикасының Ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2003 жылғы 10 шілдедегі № 1149 Жарлықтары құрайды.
3. Қазақстан Республикасындағы көші-қон процестерінің қазіргі жай-күйін талдау
ҚР Үкіметінің 2010.28.04. № 359 Қаулысымен 3-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара) Қазіргі таңдағы көші-қон жағдайында мынадай үрдістер байқалады. ТМД елдері шеңберіндегі негізгі көші-қон ағыны Ресей, Украина және Орта Азия елдерімен; алыс шет елдердің арасында - Германиямен байланысты болып отыр. ТМД елдерімен (Ресей Федерациясын, Беларусь Республикасы мен Украинаны қоспағанда) оң көші-қон сальдосы сақталуда. Көші-қон шығыны да қысқарып келеді: ол Ресей Федерациясымен 1999-2007 жылдар арасында - 3 есеге; Белоруссиямен - 6 есеге, Украинамен 7 есеге төмендеді. Алайда 2007 жылы: алдыңғы жылмен салыстырғанда, көші-қонның оң сальдосы үш еседен астам (11 мың адам) қысқарған; көшіп кету көбейген - 42,4 мың адам Қазақстаннан шетелге кеткен, бұл 2006 жылғыдан 20 % -ға артық. Бұл ретте көшіп кетушілердің негізгі бөлігі (71 %) - еңбек жасындағы адамдар; көшіп келу азайған - Қазақстанға 53,4 мың адам келген, бұл алдыңғы жылғы деңгейден 20,0 %-ға төмен. Негізгі шығу елдері: Өзбекстан (көшіп-қонушылардың 47 %), Ресей (20 % астам) және Қытай (11 %). 1993 жылдан бастап этникалық көшіп-қонушылардың қоныс аударуы көшіп келу квотасын белгілеумен реттеледі. Соңғы жылдары (2005-2008 жылдар) оралмандардың көшіп келу квотасы жыл сайын 15 мың отбасын құрады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2009 жылдан бастап оралмандардың көшіп келу квотасы жылына 20 мың отбасына дейін көбейетін болады. Келген оралмандардың жартысынан астамы - еңбек жасындағы адамдар (54 %), 18 жасқа дейінгі балалардың үлесі - 41 % және шамамен 5 % - зейнеткерлер. Білім деңгейі бойынша: 33,1 мың адамның (9,2%) жоғары білімі, 5,2 мыңнан астам адамның (1,4 %) аяқталмаған жоғары білімі бар. Әрбір бесінші адамның - орта арнаулы, 233,7 мың адамның (65 %) - жалпы орта білімі және шамамен 14 мың адамның (3,9 %) білімі жоқ. Мемлекет оралмандарға қажетті әлеуметтік көмек пен қолдау көрсетіп келеді. Қазіргі уақытта біржолғы жәрдемақыны, тұрғын үй алуға берілетін қаражатты, жол ақысы және жүк тасымалдау шығыстарының өтеміне берілетін қаржыны ескергенде, орта есеппен 5 адамнан тұратын әрбір отбасына 833 мың теңге қаражат бөлінеді. Елімізде 14 оралмандарды уақытша орналастыру орталықтары (бұдан әрі - орталықтар) жұмыс істейді. 2008 жылдан бастап Қарағанды, Шымкент қалаларында және Оңтүстік Қазақстан облысының Ақсукент ауылында оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталықтары жұмыс істей бастады. Ақтау қаласында үлгі бейімдеу орталығының құрылысы басталды. Орталықтарда іске асырылатын бейімдеу бағдарламалары құқықтық мәселелер бойынша консультация беруді, мемлекеттік тілді, оралманның қалауы бойынша - орыс тілін оқытуды, кәсіби даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды көздейді. Оралмандардың барлығының медициналық қызметке, білім алуына және әлеуметтік қамсыздандырылуына қолжетімділігі қамтамасыз етілген; олар жұмыспен қамтуда жәрдемдесу шаралары қолданылатын нысаналы топтардың біріне жатады. Еңбек жасындағы оралмандардың 66 % астамы өндірістің түрлі салаларында жұмыспен қамтылған; әрбір төртіншісі ауыл шаруашылығымен айналысады. Оралмандарға көмек көрсету үшін облыстық әкімдіктердің жанынан Оралмандар кеңесі құрылған, олар оралмандардың жаңа өмір жағдайындағы проблемаларын зерттеумен және шешумен айналысады. «Оралман» дерекқоры құрылып жетілдірілуде, ол кейіннен әлеуметтік саланың бірыңғай ақпараттық жүйесіне кіріктірілетін болады, бұл этникалық көшіп келушілерге әлеуметтік қызметтердің толық тізбесін жедел көрсетуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта республикада этникалық көшіп келушілердің тұрғын үй мәселесін шешу жөніндегі жобалар жүзеге асырылуда. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласында Өзбекстан Республикасынан шамамен 2 мың этникалық көшіп келушілер отбасын көшіру жөніндегі жоба іске асырылуда. Қоныс аударушылардың өздерін құрылысқа тарту және жергілікті құрылыс материалдарын пайдаланудың негізінде, олардың бірыңғайласып тұруын ұйымдастыру үшін 2 мың коттедждің құрылысы жүріп жатыр. Алматы қаласында 185 үйді түрғызу жөніндегі «Байбесік» жобасы іске асырылуда. Жергілікті еңбек нарықтарындағы білікті кадрлардың тапшылығы жағдайында шетелдік жұмыс күшін тарту Қазақстан экономикасы қажеттіліктерін қамтамасыз етудің қажетті шартына айналды. 2007 жылы қазақстандық кәсіпорындар мен ұйымдарда 104 елден 58,8 мың шетелдік маманның еңбегі пайдаланылды. Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі республика аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін әкелуге арналған квотаны белгілейді және оның сақталуын бақылайды, шетелдік мамандарды кейіннен жергілікті кадрлармен ауыстыру саясатын жүргізеді. 2008 жылы республика аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға республиканың экономикалық белсенді халқына шаққанда 1,6 пайыз мөлшерінде квота белгіленген болатын. Жоғары білікті мамандарды басым тарту мақсатында жаңа Квота белгілеу ережесі, жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру шарттары мен тәртібі әзірленіп, 2008 жылдың маусымынан бастап қолданысқа енгізілді, онда шетелдік қызметкерлердің біліктілік сипаттамаларын балдық бағалау енгізілді, негізгі құрамдас бөліктер бойынша (білімі, жұмыс стажы, еңбек нарығында кәсіпке (мамандыққа) деген сұраныс) өлшемдер белгіленді. Соңғы уақытта ішкі көші-қон процесі жанданды. 1991-2007 жылдары облысаралық және облыс ішіндегі көші-қон процестеріне 4,7 млн.-нан астам адам қатысты. 2006-2007 жылдардың қорытындысы бойынша көші-қонның кері сальдосы, Қарағанды және Маңғыстау облыстары мен Астана және Алматы қалаларынан басқа, республика облыстарының барлығында орын алған. Қазіргі уақытта ішкі көшіп-қонушылардың саны жылына 300,0 мың адам деңгейінде тұрақтады. Көшіп-қонушылардың басым бөлігі - ауыл тұрғындары. Қабылданған шаралар мен белгілі бір оң қадамдарға қарамастан, көші-қон процестерін реттеуде бірқатар елеулі проблемалар сақталуда. Көші-қонның оң сальдосы төмендеуде. Бұл орайда, көші-қон шығыны, әсіресе білікті мамандардың арасындағы шығын ерекше алаңдаушылық туғызады. Мысалы, соңғы 3 жылда жоғары білімді адамдар бойынша кері көші-қон сальдосы 4,7 мың адамды құрады. Шетелдік инвесторлар жергілікті персоналды кәсіби даярлау және шетелдік мамандарды солармен алмастыру жөніндегі ерекше шарттарды жеткілікті дәрежеде орындамай отыр. Ішкі көшіп-қонушылардың бытыраңқы түрде көшіпқонуы әлеуметтік шиеленіс туғызып, ішкі еңбек нарығы үйлесімін қиындатуда. Этникалық көшіп келушілерді өңірлер бойынша қоныстандыру, өндірістік күштердің аумақтық орналасуы ескерілмей, әркелкі жүргізілуде, қайталама көші-қон да орын алуда. Оралмандардың басым бөлігі еңбек күші артық өңірлерде - Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Алматы және Жамбыл облыстарында тұрады, ал солтүстік өңірлер керісінше, еңбек ресурстарына тапшылықты сезінуде. Оралмандарды әлеуметтік қолдау жүйесі қосымша жетілдіруді талап етеді. Әлеуметтік төлемдердің негізгі бөлігі тұрғын үймен қолдауға және көші-қон квотасына енгізілген отбасылардың көшуіне бағытталады. Тұрғын үймен қамтамасыз ету тетігі де бүгінгі күннің талабына сәйкес келмейді, осының салдарынан оралман отбасылардың шамамен жартысының тұрғын үйі жоқ. Көші-қон мәселелерін шешумен айналысатын мемлекеттік басқару органдарының іс-қимылдарын үйлестіру және оны ұйымдастырудың кешенді тәсілі жоқ. Жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша еңбек жасындағы этникалық көшіп келушілердің үштен бірі еңбек қызметімен қамтылмаған. Шет елдердегі қазақ диаспорасы өкілдерінің арасында имидждік және ақпараттық-насихат жұмысының тиімділігі төмен. Оралмандар кәсіптік білім алу, балаларды мектепке дейінгі мекемелерге орналастыруда да қиындықтарға тап болып отыр. Міне, мүның бәрі осы көші-қон Бағдарламасын әзірлеуге себеп болды. Бағдарламаның негізгі бағыттарын айқындауда, көшіп-қонушыларды қабылдауды, қоныстандыруды және бейімдеуді ұйымдастыру; көші-қон процестерін өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму мүддесінде пайдалану бөлігінде этникалық көші-қонды реттеудің халықаралық тәжірибесі (Израиль, Германия) пайдаланылды.
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Бағдарламаның мақсаты өңірлерді демографиялық және әлеуметтік-экономикалық дамыту және Бағдарламаға катысушылардың әлеуетін іске асыру мүддесімен этникалық көшіп келушілерді, Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін келген Қазақстанның бұрынғы азаматтарын және еліміздің қолайсыз аудандарында тұратын Қазақстан азаматтарын ұтымды қоныстандыру және олардың жайғасуы мен кірігуіне жәрдемдесу болып табылады. Бағдарламаның негізгі міндеттері: Бағдарламаға қатысушыларды экономиканың еңбек ресурстарына және серпінді жобаларды іске асыруға деген қажеттіліктерге сәйкес қоныстануын ынталандыру; Бағдарламаға қатысушыларды әлеуметтік қолдау мәселелерін кешенді шешуді көздейтін жаңа тетіктерді әзірлеу және іске асыру; тұрғын үй құрылысына және тұрғын үй сатып алуға кредит беру жолымен Бағдарламаға қатысушыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету; Бағдарламаға қатысушылардың тұрақты жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету; көші-қон процестерін басқарудың нормативтік құқықтық базасын жетілдіру болып табылады.
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары мен іске асыру тетігі
Бағдарламаға қатысушылар: 1) этникалық көшіп келушілер; 2) Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін келген Қазақстанның бұрынғы азаматтары; 3) елдің қолайсыз аудандарында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылады.
5.2. Бағдарламаға қатысушыларды қоныстандыру аймақтары
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясына сәйкес Солтүстік, Оңтүстік және Орталық аумақтық даму осьтері Бағдарламаға қатысушылардың негізгі орналастыру макроаймақтары болып табылатын болады. Бағдарламаға қатысушыларды макроаймақтардың ішінде қоныстандыру: а) ұлттық және өңірлік деңгейдегі көшбасшы және тірек қалалардың айналасында. Өзіне тән экономикалық мамандануы мен дамыған жергілікті еңбек нарығы бар шағын серіктес қалалар желісін қалыптастыру қарастырылады. Есеп бойынша көшбасшы және тірек қалаларда 45 серпінді жобаны іске асыру үшін кемінде 390 мың қызметкер қажет болады; ә) шекараға іргелес елді мекендерде: халықтың санын тұрақтандыру үшін; шекараға іргелес ірі өңірлердің әкімшілік маңызын арттыру үшін және көршілес мемлекеттердің еңбек күші артық өңірлерінің тарапынан демографиялық қысымның (бытыраңқы сыртқы көші-қон) алдын алу үшін жүзеге асырылатын болады; б) даму әлеуеті жоғары және орташа ауылдық елді мекендерде. Бұл елді мекендердің әлеуеттік сыйымдылығы Солтүстік аумақтық даму ось бойынша - 342,2 мың адамды, Оңтүстік ось бойынша - 898,6 мың адамды, Орталық ось бойынша - 77,7 мың адамды құрайды.
5.3. Бағдарламаға қатысушыларды қоныстандыруды ынталандыру
Қатысу туралы шешім, тұратын жерін және қоныстандыру аймақтарында жұмыс таңдау ерікті негізде қабылданатын болады. Бұл ретте Бағдарламаға қатысушылардың санын айқындау және оларды даму аймақтары бойынша қоныстандыру, өндірістік күштердің аумақтық орналасуы және экономиканың еңбек ресурстарына қажеттілігі ескеріліп, елдің әлеуметтік-экономикалық даму стратегиялық жоспарына сәйкес жүзеге асырылатын болады. Бағдарламаға қатысу: этникалық көшіп келушілер үшін - оралмандардың жыл сайынғы көшіп келу квотасы шеңберінде; Қазақстан Республикасы аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін келген Қазақстанның бұрынғы азаматтары үшін - Қазақстан Республикасы аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған жыл сайынғы квота шеңберінде; еліміздің қолайсыз аумақтарында тұратын Қазақстан азаматтары үшін - ішкі көшіп-қонушылардың қоныс аударуына арналған квота негізінде айқындалатын болады.
ҚР Үкіметінің 2009.29.12. № 2218 Қаулысымен 5.3.2. бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара) Бағдарламаға қатысушылар мен олардың отбасы мүшелері Бағдарламаға қатысушылардың санаты мен қоныстандыру аймақтары бойынша сараланған әлеуметтік қолдау құқығына ие болады. Әлеуметтік қолдау: 1) этникалық көшіп келушілер үшін: экономиканың белгілі бір секторында тиісті білімі, біліктілігі және жұмыс тәжірибесі бар оралмандарды көшіп келу квотасына басымдықпен енгізуді; бейімдеу қызметтерін тегін көрсетуді (республикалық бюджет қаражаты есебінен); қоныстандыру осьтері бойынша сараланған біржолғы жәрдемақы төлемін, жол ақысы мен жүк тасымалдау шығыстарын өтеуді (республикалық бюджет қаражаты есебінен) қамтитын болады. Біржолғы жәрдемақы мөлшерін айқындау үшін түзету коэффициенттері белгіленетін болады (Солтүстік осі макроаймақтары үшін - 2,0; Орталық - 1,7; Оңтүстік - 1,0); 2) еліміздің қолайсыз аудандарында тұратын Қазақстан азаматтары үшін: кәсіптік даярлау және қайта даярлауды (жергілікті бюджет қаражаты есебінен); 3) Қазақстанның бұрынғы азаматтары үшін: тұрақты тұруға рұқсат беруді және олардың Қазақстан Республикасының азаматтығын алуын қамтитын болады. Бағдарламаға қатысушылардың бәріне тұрғын үймен қамтамасыз етудің тең шарттары көзделеді.
ҚР Үкіметінің 2009.21.04. № 561 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.29.12. № 2218 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.28.04. № 359 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.03.07. № 703 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.28.11. № 1252 қаулысымен (бұр.ред.қара) 5.3.3. бөлім өзгертілді 5.3.3. Тұрғын үймен қамтамасыз ету
Бағдарламаға қатысушылардың барлығын тұрғын үймен қамтамасыз ету көзделеді. Бұл ретте тұрғын үй қоры тұрғын үйді қалпына келтіру, салу және сатып алу есебінен, ал Астана және Алматы қалаларында тұрғын үйді жалдау есебінен қалыптасатын болады. Тұрғын үй салу және сатып алу, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың коммуналдық меншігіндегі ескірген тұрғын үйді қалпына келтіру республикалық бюджеттен жергілікті атқарушы органдарға берілетін бюджеттік кредит қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады. 2009-2011 жылдар кезеңінде Бағдарламаға қатысушы 4007 мың отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету көзделеді. Қоныс аударушылардың бірыңғай тұруына арналған құрылыстарға ерекше мән беріледі. Бұл ретте оралмандардың тікелей қатысуымен үлгі қоныстар салу тәжірибесі қолданылатын болады (Шымкент қ. «Асар», Алматы қ. «Байбесік» шағын аудандары). Құрылыстың бұл түрінің артықшылығы құрылыс-монтаж жұмыстарының өзіндік қүнының төмен болуын және оралмандардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуде. Бағдарламаға қатысуға берілген өтінімдердің және Бағдарламаға қатысушылардың қүрамын айқындау негізінде жергілікті атқарушы органдарға тұрғын үй және/немесе жылыжай салуды және/немесе сатып алуды ұйымдастыру үшін республикалық бюджеттен Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын сыйақы ставкасы бойынша бюджеттік кредит беріледі. Бір шаршы метр тұрғын үй құрылысының құны Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес айқындалады. Бағдарламаның пилоттық жобаларына қатысушыларға тұрғын үй сату тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. Жергілікті атқарушы органдар Бағдарламаға қатысушыларға қарыз беру жөніндегі агенттік қызметтерді орындауға «ҚТҚЖБ» АҚ-мен тапсырма шарт жасасады және бюджеттік кредит сомасын банкке аударады. Сонымен бір мезгілде жергілікті атқарушы органдар тұрғын үй құрылысына тапсырыс беруші өкілеттігін әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға (бұдан әрі - ӘКК) жүктей алады. «ҚТҚЖБ» АҚ, Бағдарламаға қатысушылар және жергілікті атқарушы органдар (ӘКК) шарт жасасады, оған сәйкес: 1) Бағдарламаға қатысушы: «ҚТҚЖБ» АҚ-мен тұрғын үй құрылыс жинағы туралы шарт жасасады, тұрғын үй сатып алуға тұрғын үй қарызын алу мақсатында тұрғын үй құрылысы аяқталғаннан және пайдалануға берілгеннен кейін 5,5 жылдан асырмай «ҚТҚЖБ» АҚ-дағы есеп шотындағы тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы шарт бойынша ең төменгі қажетті соманы жинақтауды жүзеге асырады;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |