Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы (2009.19.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011 жылғы 1 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 наурыздағы № 272 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер 1. «Тілдер туралы заңдардың сақталуына бақылау жасаудың тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 8 қаңтардағы № 16 қаулысына: көрсетілген қаулымен бекітілген Тілдер туралы заңдардың сақталуына бақылау жасаудың тәртібі туралы ережеде: 3-тармақтағы «Ақпарат және қоғамдық келісім» деген сөздер «Мәдениет» деген сөзбен ауыстырылсын. 2. ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1260 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 3. ҚР Үкіметінің 2009.19.09. № 1411 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 4. ҚР Үкіметінің 2009.19.09. № 1411 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 5. "Шетелдiк ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудiң күшiн жоятын конвенция (Гаага 1961 жылғы 5 қазан) ережелерiн iске асыру жөнiндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 24 сәуірдегi № 545 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 15, 191-құжат): 2-тармақта: бесiншi абзацтағы «Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім» деген сөздер «Мәдениет» деген сөзбен ауыстырылсын; жетiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң құрылымдық бөлiмшелерiнен және (немесе) олардың аумақтық бөлiмшелерiнен шығатын ресми құжаттарға;«. 6. «Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия туралы үлгi ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 11 маусымдағы № 789 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 21, 267-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөнiндегі комиссия туралы үлгi ережеде: 4-тармақтағы «ақпарат және қоғамдық келісім,» деген сөздер алынып тасталсын. 7. «Қазақстан Республикасында мұрағат iсiн дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 11 маусымдағы № 797 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 21, 268-құжат): 2-тармақтағы «Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім« деген сөздер «Мәдениет» деген сөзбен ауыстырылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында мұрағат iсiн дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасында: «Қазақстан Республикасында мұрағат iсiн дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасының паспорты» деген 1-бөлімде «Негізгі iс-шараларды орындаушылар» деген жолдағы «Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім» деген сөздер «Мәдениет» деген сөзбен ауыстырылсын; «Қазақстан Республикасында мұрағат iсiн дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары» деген 8-бөлімде: «Орындалуына жауаптылар« деген 4-бағанда: реттік нөмiрлерi 9, 10, 11, 15, 16, 19-жолдардағы «Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім» деген сөздер «Мәдениет» деген сөзбен ауыстырылсын. 8. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң және әскери кәсiптiң оң беделiн нығайту жөніндегi 2001-2005 жылдарға арналған кешендi ақпараттық бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2001 жылғы 29 желтоқсандағы № 1766 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 49-50, 594-құжат): 3-тармақтағы «Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім» деген сөздер «Ақпарат» деген сөзбен ауыстырылсын; 4-тармақтағы «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары И.Н.Тасмағамбетовке» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бiрiншi орынбасары Г.А.Марченкоға» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң және әскери кәсiптiң оң беделiн нығайту жөніндегі 2001-2005 жылдарға арналған кешендi ақпараттық бағдарламада: «Бағдарламаны iске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары» деген 9-бөлiмде: «Iске асыруға жауаптылар» деген бағанда: реттiк нөмiрi 15-жолдағы «МАҚКМ» деген аббревиатура «Мәдениетминi» деген сөзбен ауыстырылсын; реттiк нөмiрлерi 17, 19, 22, 27-жолдардағы «МАҚКМ» деген аббревиатура «Ақпаратминi» деген сөзбен ауыстырылсын; реттiк нөмiрi 25-жолдағы «МАҚКМ» деген аббревиатура «Ақпаратминi, Мәдениетминi» деген сөздермен ауыстырылсын. 9. «Ауыл мектебi» 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 4 ақпандағы № 128 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 5, 59-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген «Ауыл мектебi» 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасында: «Ауыл мектебi» 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары» деген бөлiмде: «Орындауға (iске асыруға) жауаптылар» деген 4-бағанда: реттiк нөмiрлерi 20, 22-жолдардағы «МҚКМ» деген аббревиатура «Ақпаратминi» деген сөзбен ауыстырылсын; реттік нөмiрi 21-жолдағы «МҚКМ» деген аббревиатура «Мәдениетминi, Ақпаратмині» деген сөздермен ауыстырылсын. 10. «Жастар саясатының 2003-2004 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 13 ақпандағы № 155 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 7, 78-құжат): 2, 3, 4-тармақтардағы "Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім" деген сөздер "Мәдениет" деген сөзбен ауыстырылсын; көрсетiлген қаулымен бекітілген Жастар саясатының 2003-2004 жылдарға арналған бағдарламасында: «Жастар саясатының 2003-2004 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары» деген бөлiмде: «Орындалуына жауаптылар» деген 4-бағанда: реттiк нөмiрлерi 1.1, 1.2, 1.3, 1.4, 1.5, 1.6, 1.7, 2.3, 2.4, 2.5, 2.6, 3.1, 3.2, 3 4, 3.5, 4.1, 4.2, 4.4, 4.5, 4.6, 5.4, 6.1, 6.2, 8.1, 9.3, 9.4, 10.1, 10.4, 11.1, 11.4, 11.5-жолдардағы «МАКМ» деген аббревиатура «Мәдениетминi» деген сөзбен ауыстырылсын; реттiк нөмiрi 5.2-жолдағы «МАКМ» деген аббревиатура «Ақпаратминi» деген сөзбен ауыстырылсын; реттiк нөмiрлерi 7.2, 9.1, 10.3-жолдардағы «МАКМ» деген аббревиатура "Мәдениетмині, Ақпаратмині" деген сөздермен ауыстырылсын. 11. «Қазақстан Республикасында кедейлiктi азайту жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 26 наурыздағы № 296 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 14, 143-құжат: 4-тармақтағы «А.С.Павловқа» деген сөздер «Г.А.Марченкоға» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында кедейлiктi азайту жөнiндегі 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламада: «Қазақстан Республикасында Кедейлiктi азайту жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары» деген 7-бөлімде: «Орындауға жауаптылар» деген бағанда: реттiк нөмiрi 2.1.5-жолдағы «МАҚМ» деген аббревиатура "Ақпаратминi, Мәдениетминi" деген сөздермен ауыстырылсын; реттiк нөмiрлерi 2.6.3., 5.4.3., 6.1.7., 6.2.7-жолдардағы "МАҚКМ" деген аббревиатура "Ақпаратминi" деген сөзбен ауыстырылсын; реттiк нөмiрi 3.2.3-жолдағы "МАҚКМ" деген аббревиатура "Мәдениетминi" деген сөзбен ауыстырылсын. 12. «Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралардың 2003-2004 жылдарға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 9 сәуірдегі № 344 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 16, 164-құжат): 3 және 4-тармақтардағы «Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім» деген сөздер «Мәдениет» деген сөзбен ауыстырылсын; көрсетiлген қаулымен бекітілген Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөнiндегі iс-шаралардың 2003-2004 жылдарға арналған жоспарында: «Орындауға жауаптылар» деген бағанда: реттiк нөмiрлерi 2, 12, 14, 15, 18, 21, 22, 23, 24, 25, 28, 29, 30, 31, 32, 35, 36-жолдардағы "МАКМ" деген аббревиатура "Мәдениетминi" деген сөзбен ауыстырылсын; реттік нөмiрлерi 34, 39, 41-жолдардағы "МАКМ" деген аббревиатура "Мәдениетминi, Ақпаратминi" деген сөздермен ауыстырылсын; реттік нөмiрлерi 37, 38-жолдардағы «МАКМ» деген аббревиатура «Ақпаратминi» деген сөзбен ауыстырылсын. 13. «Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі 2004-2006 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары туралы« Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 тамыздағы № 838 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 34, 343-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі 2004-2006 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарында: «Орындалуына жауаптылар» деген бағанда: реттiк нөмiрлерi 3.3.6, 3.3.7-жолдардағы «МАҚКМ» деген аббревиатура «Ақпаратминi» деген сөзбен ауыстырылсын; реттiк нөмiрi 9.1-жолдағы "МАҚКМ" деген аббревиатура "Мәдениетминi, Ақпаратминi" деген сөздермен ауыстырылсын.
|