«Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы туралы (2011.10.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 23 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Арна Медиа» ұлттық ақпараттық холдингі», «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі», «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамдарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 шілдедегі № 668 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Үкіметінің 2010.20.07. № 743 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі: 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен қосымшаға сәйкес құрамда «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамы директорлар кеңесін сайлауды қамтамасыз етсін; 2) екі ай мерзімде үш тәуелсіз директорлар кандидатуралары бойынша ұсыныс енгізсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2009.14.07. № 1068 Қаулысымен қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2010.20.07. № 743 қаулысымен қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.10.02. № 113 Қаулысымен қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 қазандағы № 980 қаулысына Қосымша
«Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы
|