Мемлекет қатысатын мұнай және газ саласындағы ұйымдардың қызметін оңтайландыру жөніндегі кейбір шаралар туралы (2014.19.09. берілген өзгерістермен)
Мұнай және газ саласындағы қызметтің тиімділігін арттыру және мемлекеттік меншікті басқаруды оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Мұнай және газ өнеркәсібінің бас диспетчерлік басқармасы» акционерлік қоғамы «Мұнай және газ ақпараттық талдау орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) болып қайта аталсын. 2-тармақ 2011 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді 2. «Мұнай-газ өнеркәсібінің оқу орталығы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) таратылсын. 3. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) Қоғам қызметін мынадай негізгі: техникалық реттеу саласындағы заңнамаға сәйкес, мұнай және газ өнеркәсібі саласындағы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлеуге және сараптауға қатысу, мұнай және газ кен орындарын іздеу, бағалау және игеру жөніндегі жобалық құжаттар сараптамасы, мұнай-газ жобаларында жергілікті қамтуды дамыту саласындағы ақпараттық талдау және консультациялық қызметтер көрсету, мұнай-газ жобаларында жергілікті қамтуды дамыту бөлігінде талдамалық зерттеулер жүргізу, сондай-ақ мұнай-газ саласындағы кадрларды оқытуды, даярлауды, қайта даярлауды ұйымдастыру бағыттарымен толықтырып, Қоғамның жарғысына тиісті өзгерістер енгізуді; 2) Қоғамды әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркеуді; 3) тармақша 2011 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді 3) мекемені тарату жөніндегі тарату комиссиясын құруды; 4) тармақша 2011 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді 4) таратылатын мекеме кредиторларының талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мекеме мүлкін осы мекеменің құрылтай құжаттарында көзделген мақсаттарда беруді; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|