Ұлттық компаниялардың күзет ұйымдарын құру қағидаларын бекіту туралы (2018.21.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2018.21.02. № 70 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы Заңының 17-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Ұлттық компаниялардың күзет ұйымдарын құруы қағидасы бекітілсін. 2. ҚР Үкіметінің 2012.09.11. № 1421 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 3. Осы қаулы 2012 жылғы 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2011 жылғы 4 тамыздағы № 909 қаулысымен бекітілген
Ұлттық компаниялардың күзет ұйымдарын құруы қағидасы
1. Осы Ұлттық компаниялардың күзет ұйымдарын құруы қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 17-1-бабына сәйкес әзірленді. 2. Ұлттық компания Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін ұлттық компаниялар тізбесіне енген жағдайда ғана ол күзет ұйымын құруға құқылы. 3. Ұлттық компаниялардың күзет ұйымын құруына мынадай шарттарды сақтаған жағдайда: 1) күзет ұйымы күзет қызметінен өзге қызметті жүзеге асыратын ұлттық компанияның еншілес ұйымы болып табылса; 2) күзет ұйымының құрылтайшылары (қатысушылары) құрылатын ұйымның күзет қызметтері көрсетілетін ұлттық компанияның құрылтайшылары не ұлттық компанияның лауазымды тұлғалары болып табылса; 3) күзет ұйымының құрылтайшысы (қатысушысы) құрылатын ұйымның күзет қызметтері көрсетілетін ұлттық компания және олармен аффилирленген заңды тұлғалар болса жол беріледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|