«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы (2011.09.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011 жылғы 27 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 17.03.04 ж. № 322 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 1. Қоса беріліп отырған: 1) Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшін тартуға квота белгiлеу ережесi, жұмыс берушiлерге рұқсат беру шарттары мен тәртібi; ҚР Үкіметінің 2009.19.02 № 189 Қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2009.03.07 № 1026 Қаулысымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2) Кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру ережесі 3) Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бір ай мерзімде Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган туралы үлгі ережені әзірлесін және бекітсін. 3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері бір ай мерзімде: 1) қалалар мен аудандардағы жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Интернет желісіндегі WEB-сайтына қосуды көздей отырып, Қазақстан Республикасы еңбек рыногының бірыңғай ақпараттық дерекқорын қалыптастыруды қамтамасыз етсін; 2) ұйымдардың тізбелерін, қоғамдық жұмыстардың түрлерін, көлемі мен нақты шарттарын, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері мен оларды қаржыландырудың көздерін бекітсін. 4. «Шетелдік жұмыс күшін тартуға және жұмыс күшін Қазақстан Республикасынан шетелге шығаруға лицензия беру мәселелері жөніндегі тәртіптерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 шілдедегі № 862 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 29, 280-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: 1-тармақтың үшінші абзацы алынып тасталсын. 5. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 желтоқсандағы № 1242 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 45, 409-құжат; № 17, 171-құжат; № 28, 269-құжат). 2. «Жұмыссыздарды кәсіби даярлауды ұйымдастыру туралы ережені бекіту туралы және Қазақ ССР-і Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 19 маусымдағы № 383 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 маусымдағы № 836 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 28, 271-құжат; № 19, 203-құжат). 3. «Әлеуметтік қорғауға мұқтаж адамдарды жұмысқа қабылдау үшін ұйымдарға аз жұмыс орындарын (квота) белгілеу мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 маусымдағы № 855 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 28, 279-құжат; № 55, 610-құжат). 4. «Жұмыссыздарды тіркеу және есепке алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 наурыздағы № 444 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 17, 172-құжат).
|