«Ақпараттық-талдау орталығы» акционерлік қоғамын құру туралы (2022.19.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Ақпараттық-талдау орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) құрылсын. 2. Қоғам қызметінің негізгі мәні білім беруді дамыту мәселелері бойынша зерттеулерді орындау және өзекті жобаларды іске асыру, білім беру саясатын жетілдіру бойынша ұсынымдар дайындау болып анықталсын. 3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен 2011 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен 75600000 (жетпіс бес миллион алты жүз мың) теңге мөлшерінде Қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруды қамтамасыз етсін. 4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, Қоғамның жарғысын бекітуді және оның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын берсін; 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|