Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы редакция 2011 жылғы 16 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2010 жылғы 25 маусымдағы № 641 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын ресімдеу жөніндегі нұсқаулықты (заңдық техникасы) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 22 шілдедегі № 678 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 23, 199-құжат): Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының және Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын ресімдеу жөніндегі нұсқаулықта (заңдық техникасы): 11-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: «Тақырыбы парақтың жоғарғы жақ бөлігінің ортасында орналастырылуы тиіс»; 13-тармақтың бірінші бөлігі «кіші бөлімдерінде» деген сөздерден кейін «соңынан нүкте қойылмай жолдың ортасында орналастырылатын» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 32-1 және 32-2-тармақтармен толықтырылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|