Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қоры акционерлік қоғамының мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы № 1638 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 21 қарашадағы № 1470 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы № 1638 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 43, 418-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілісін: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Мыналар: 1) лауазымдық жалақыларының мынадай: «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «Самұрық-Қазына» АҚ) басқармасының төрағасына 1 986 543 (бір миллион тоғыз жүз сексен алты мың бес жүз қырық үш) теңге; «Самұрық-Қазына» АҚ басқармасының мүшелері - басқарма төрағасының орынбасаларына 1 706 560 (бір миллион жеті жүз алты мың бес жүз алпыс) теңге; «Самұрық-Қазына» АҚ басқармасының мүшелеріне 1 468 575 (бір миллион төрт жүз алпыс сегіз мың бес жүз жетпіс бес) теңге мөлшері айқындалсын; 2) осы қаулыға қосымшаға сәйкес «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы мен мүшелеріне еңбекақы төлеу және сыйлықақы беру шарттары белгіленсін.»; осы қаулыға қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2011 жылғы 9 қарашадағы № 1315 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы № 1638 қаулысына қосымша
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|