Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүзеге асыратын тексерулерді мемлекеттік тіркеуді, есепке алуды және бақылауды жүргізу туралы Ережені бекіту туралы
ҚР Бас Прокуратурасының 2013 жылғы 19 маусымдағы № 63 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүзеге асыратын тексерулерді тағайындау туралы актілерді тіркеу туралы есептілікті одан әрі жетілдіру және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының нормасына сәйкес келтіру мақсатында, «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүзеге асыратын тексерулерді есепке алуды және бақылауды, мемлекеттік тіркеу жүргізу туралы Ережесі бекітілсін. 2. Күші жойды деп танылсын: 1) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2009 жылғы 24 желтоқсандағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5995-санымен тіркелген) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүзеге асыратын тексерулерді бірыңғай мемлекеттік тіркеуді, есепке алуды және бақылауды жүргізу туралы Нұсқаулықты бекіту туралы» № 71-бұйрығы; 2) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2010 жылғы 14 желтоқсандағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6710-санымен тіркелген) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен жүзеге асырылатын тексерулерді есепке алу және бақылау, бірыңғай мемлекеттік тіркеу жүргізу туралы Нұсқаулықты бекіту жөнінде» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 71 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» № 85-бұйрығы. 3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) осы бұйрықты: 1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|