Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын және қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру үшін I санаттағы объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлу өлшемдерін бекіту туралы
Осы редакция 2012 жылғы 19 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 48-бабының 3-тармағына және 71-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған мыналар: 1) Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын I санаттағы объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлу өлшемдері; 2) Қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру үшін I санаттағы объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлу өлшемдері бекітілсін. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2009 жылғы 31 наурыздағы № 449 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын I санаттағы объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлу өлшемдері
1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық сараптамасына мына объектілер жатады: 1) мыналарды: құрылыс өнеркәсібін (шахталы, айналмалы және басқа пештерде күйдірумен магнезит, доломит және шамот өндірісін, стационарлық зауыттарда асфальтбетон өндіруді); ағаш өңдеуді; тоқыма өндірісін және жеңіл өнеркәсіп өндірісін; жануарлар өнімдерін өңдеуді; тамақ және дәмін келтіретін заттарды өңдеуді; ауыл шаруашылығы объектілерін; санитарлық-техникалық, көлік инфрақұрылымының құрылыстарын, коммуналдық мақсаттағы құрылғылар мен объектілерді; жүктерді қайта тиеу және сақтау қоймаларын, айлақтары мен орындарын, жүктер мен кемелердің фумигациясының, газ дезинфекциясының, дератизациясының және дезинсекциясының өндірістерін қоспағанда, әлеуетті радиациялық қауіптіліктің I санатына, сондай-ақ өндірістік объектілерді санитарлық жіктеуге сәйкес қауіптіліктің 1-сыныбына жататын негізгі өндіріс қызметінің түрлері; 2) республикалық маңызы бар мемлекеттік органдар қызметінің негізгі бағыттары тұжырымдамаларының, мемлекеттік инвестициялық, экологиялық және өзге, оның ішінде меншік нысанын өзгертуге және жекешелендіруге қатысты бағдарламалардың, шарттардың, келісім-шарттардың жобалары; Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары әзірлейтін, іске асырылуы қоршаған ортаға теріс әсер етуге әкеп соқтыруы мүмкін нормативтік құқықтық актілердің, нормативтік-техникалық және нұсқаулық-әдістемелік құжаттардың жобалары; халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарында (учаскелерде) балық ресурстарын және су жануарларының басқа түрлерін пайдалануға биологиялық негіздемелер; аңшылық объектісі болып табылатын жануарларды аулау мен пайдалануға арналған биологиялық негіздемелер; Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасы; аумақтық дамудың өңіраралық схемасы; осы аумақтарға республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, экологиялық зілзала аймағы немесе төтенше экологиялық жағдай аймағы құқықтық мәртебесін беруді негіздейтін аумақтар учаскелерін кешенді экологиялық зерттеу материалдары, сондай-ақ осы аумақтарды оңалту бағдарламалары; 3) жаңа техникаға, технологияларға, материалдар мен заттарға, оның ішінде шетелден сатып алынатындарына қойылатын экологиялық талаптарды негіздейтін құжаттама. 2. Қалған жағдайларда I санат объектілерінің мемлекеттік экологиялық сараптамасын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі жүргізеді.
Үкіметінің 2009 жылғы 31 наурыздағы № 449 қаулысымен бекітілген
Қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру үшін I санаттағы объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлу өлшемдері
1. I санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатты табиғат пайдаланушыда эмиссияның бір түрі орын алған және мыналардан асатын жағдайда қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган береді: 1) ластаушы заттардың шығарындылары - жылына 1 000 тонна, мұнай-газ енеркәсібі үшін - жылына 50 тонна; 2) ластаушы заттардың төгінділері - жылына 2 000 тонна; 3) өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру - жылына 10 000 тонна. 2. Қалған жағдайларда қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатты I санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі береді.
|