«Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 21 ақпандағы № 85 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 18, 185-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) Жеке және заңды тұлғаларға жануарлар мен адамның денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың құнын өтеу қағидалары мен шарттары»; көрсетілген қаулымен бекітілген Жануарларға және адамдар денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды алып қою және жою нәтижесiнде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген залалды өтеу ережесі мен шарттары осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 20 желтоқсаннан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Үкіметінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 301 қаулысына қосымша
«Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 қаулысымен бекітілген
Жеке және заңды тұлғаларға жануарлар мен адамның денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың құнын өтеу қағидалары мен шарттары
1. Жалпы ережелер
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|