«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының 2011 - 2020 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы (2011.27.05. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2012 жылғы 29 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларын әзірлеу, бекіту және олардың іске асырылуын бағалау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 286 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының 2011 - 2020 жылдарға арналған даму стратегиясы бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 52 қаулысымен бекітілген
«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының 2011 - 2020 жылдарға арналған даму стратегиясы
1. Ағымдағы жағдайды талдау
Сыртқы ортаны талдау
Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің ағымдағы жағдайы
Ауыл шаруашылығына пайдалануға арналған жердің жалпы көлемі 2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдайда 215,6 миллион гектарды (бұдан әрі - млн. га) құрайды, оның ішінде егістігі 24,1 млн. га (11,2 пайыз (бұдан әрі - %), шабындық - 4,8 млн. га (2,2 %), жайылым - 182,1 млн. га (84,4 %). 2010 жылғы 1 қаңтарға ауыл тұрғындарының саны 7 миллион (бұдан әрі - млн.) 428,6 мың адамды құрады, немесе ел тұрғындарының жалпы санының 46,32 %-ы; 2009 жылдың аяғында ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін адамдардың саны 3 млн. 797,4 мың адамды құрады, немесе ол шамамен ауыл тұрғындарының жалпы санының 52 %-ы. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|