Осы редакция 2012 жылғы 28 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысына бекітілген
ҚР Үкіметінің 2011.28.05. № 596 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) «Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу» (2011.28.05. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) «Халықты құжаттандыру және тіркеу» тіркеу пункті» (бұдан әрі - уәкілетті орган), сондай-ақ мекенжайы осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы көрсетіледі. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны ішінара автоматтандырылған. 3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулысының 29-тармағының негізінде көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің (электронды мекенжай: www.minjust.kz., «Сіз білесіз бе:» бөлімі) интернет-ресурстарында, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және тізбесі осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларында көрсетілген орталықтардың үй-жайлары мен уәкілетті органдардағы стенділерде орналастырылады. 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеудің жүргізілгені туралы белгімен азаматтарды тіркеу кітабын және электронды тасымалдағышта жеке куәлікке азаматтың заңды мекенжайын қайта жазу немесе бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына немесе шетелден тұрақты тұруға келген азаматтарға (тұтынушыларға) көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: 1) құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды; мемлекеттік қызмет алу үшін электронды сұрау салулар қарастырылмаған; 2) құжаттарды алған кезде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды. ҚХТ ТП арқылы мемлекеттік қызмет бір жұмыс күніне дейінгі және Орталық арқылы екі жұмыс күніне дейінгі мерзімде көрсетіледі. 8. Мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі. Мемлекеттік баж заңдық мәні бар іс-әрекеттер жасаған және (немесе) құжаттар берілген жердегі бюджетке «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген мөлшерде банк мекемелері арқылы төленеді. Мемлекеттік баж тіркеуші органға тиісті құжаттар берілгенге дейін төленуі тиіс. ХҚТ ТП арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын сағат 13.00-ден сағат 14-30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге асырылады. Орталық арқылы еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндерді қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда Орталықтың белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес күн сайын, түскі асқа үзіліссіз, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін көрсетіледі. Орталықтың өкілдіктері мен филиалдарында құжаттар бір сағаттық түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін қабылданады. Алдын ала жазылу және жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген. 10. Мемлекеттік қызмет тұтынушының тұрғылықты жеріндегі мүмкіндігі шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген уәкілетті органда көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күту креслолары, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стенділер орналасқан.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушылар мынадай құжаттарды ұсынады: 1) тұрғын үйге меншік иесінің келісімі бар тіркеу туралы өтініші; 2) олардың белгіленген тәртіппен тұрғын үйді меншігіне сатып алғанын растайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздер бойынша тұрғын үйге тұруға құқық беретін өзге де құжаттар (түпнұсқасы және көшірмесі); 3) азаматтарды тіркеу кітабы; 4) бұрынғы тұрған жерінен кету мекенжай парағы; 5) жеке басын куәландыратын құжаты (16 жасқа дейінгі балалар туу туралы куәлігі) (түпнұсқасы және көшірмесі); 6) әскери міндеттілер - жергілікті әскери басқару органының әскери есепке қабылдағаны туралы белгісі бар әскери билет (әскери міндеттілер тіркеу куәлігі) (көшірмесі); 7) жаңа тұрғылықты жері бойынша 3 данада келу мекенжай парағы (ХҚТ ТП арқылы қызмет алғанда бланкіні толтыру талап етілмейді); 8) келу парағына статистикалық талон; 9) құжат үшін мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртек (мемлекеттік баж төлеуден босатылған адамдар растайтын құжаттарын) ұсынады. 12. Бланкілер күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады немесе Орталықтың консультантында болады. 13. Құжаттарды қабылдау атқаратын қызметтері және оның міндеттері туралы ақпарат ілінген, сондай-ақ Орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы көрсетілген «терезелер» арқылы жүзеге асырылады. 1) сұрау салудың нөмірі және қабылдау күні; 2) сұралып отырған мемлекеттік қызметтің түрі; 3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы; 4) құжаттардың беру күні, уақыты және орны; 5) құжаттарды ресімдеуге өтініш қабылдаған Орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі. 15. ХҚТ ТП арқылы қабылданған дайын құжаттарды беруді уәкілетті органның қызметкерлері жүзеге асырады. Орталықтың инспекторы толтырған өтініштің негізінде қабылданған дайын құжаттарды беру Орталықтың «терезесі» арқылы Орталықтың инспекторы берген қолхаттың негізінде жүзеге асырылады. 16. Тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың бірін ұсынбаған жағдайда, уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.
17. Уәкілетті органның және Орталықтың қызметі адамның конституциялық құқықтарын сақтауға, қызметтік борышты орындау кезіндегі заңдылықты сақтауға негізделген және сыпайылық, көрсетілетін қызмет туралы толық ақпарат беру, оны сақтау, қорғау және құпиялылық қағидаттарында жүзеге асырылады.
18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді. 19. Мемлекеттік қызмет көрсететін Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің және уәкілетті органдардың, мекемелердің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын «Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәлік беру» мемлекеттік қызметінің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Әділет министрінің тиісті бұйрығымен бекітіліп отырады.
20. Орталық инспекторының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым беру тәртібін түсіндіру және өтініштерді дайындауға жәрдемдесуде тұтынушы осы стандарттың 1-қосымшасында телефондары көрсетілген уәкілетті органның басшыларына жүгінеді. 21. Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым уәкілетті орган басшысының атына демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін беріледі. Уәкілетті органдар басшыларының телефондары мен мекенжайлары осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген. Уәкілетті органдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің атына демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін беріледі. 22. Орталық қызметкерлері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда шағым Орталық басшысының немесе қарамағына Орталық кіретін Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетіне беріледі. Орталықтардың басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген, Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің мекенжайы мен телефоны осы стандарттың 26-тармағында көрсетілген. 23. Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар. 24. Қолданыстағы заңнамада көрсетілген жағдайда шағымдар ауызша немесе жазбаша нысанда пошта немесе электронды түрде (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің электронды мекен-жайына: krs.opp@minjust.kz) не осы стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген ұйымның кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады. Қажет жағдайда тұтынушылар шағымға уәкілетті органдар ұсынған мемлекеттік қызметтердің сапасыздығын және Орталық қызметкерлерінің дөрекі қызмет көрсеткенін растайтын құжаттарын қоса береді. 25. Пошта және қолма-қол қабылданған шағымдарды растау оларды Орталық немесе уәкілетті органның кеңсесінде жеке және заңды тұлғалар өтінішін журналға тіркеу болып табылады (мөр, кіріс нөмірі және тіркеу мерзімі шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатта қойылады). Тұтынушыға шағымды қабылдаған адам, оның шағымының қабылданғанын растайтын нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, байланыс деректері көрсетілген талон береді. Шағымдарды қарау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады. Шағымның қаралу нәтижесі жөнінде тұтынушыға пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады. 26. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, интернет ресурс: ww.minjust.kz. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, № 276 кабинет, телефоны: 74-03-27, интернет-ресурс: http://mci.gov.kz/main/.
азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымша
Облыстардың, Алматы және Астана қалаларының халыққа қызмет көрсету орталықтарының тізімі мен мекенжайлары
азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымша
Уәкілетті органдардың тізімі мен мекенжайлары
азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартына 3-қосымша
Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні
|