«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асырудың кейбір мәселелері туралы (2014.31.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 Қаулысымен күші жойылды
«Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңының 18-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Қоса беріліп отырған: 1. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының «Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау» бірінші бағыты шеңберінде қаржы лизингі шарттары бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау қағидалары; 2. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының «Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету» үшінші бағыты шеңберінде қаржы лизингі шарттары бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау қағидалары бекітілсін. 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасында (бұдан әрі - Бағдарлама): «Бағдарламаның паспорты» деген 1-бөлімде: «Нысаналы индикаторлары» деген жолдың екінші абзацындағы «жыл сайын» деген сөздер алынып тасталсын; «Кіріспе» деген 2-бөлімде: төртінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «жобаларды іріктеуді және қаржыландыру (қайта қаржыландыру) жөніндегі шешімді екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі — банктер) және «Қазақстанның Даму Банкі және/немесе оның аффилирленген лизингтік компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Даму банкі) және лизингтік компаниялар (бұдан әрі - лизингтік компаниялар) Бағдарламада белгіленген шарттарға сәйкес дербес қабылдайды; бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Акцизделетін тауарлар шығаруды көздейтін жобалар банктердің кредиттері/Банктің/Даму Банкінің/лизингтік компаниялардың қаржы лизингінің шарттары пайыздық ставкаларды субсидиялауға жатпайды.»; сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Мынадай: Кредиторы мемлекеттік даму институттары болып табылатын кредиттер; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|