Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын жабдықтау нормаларын және материалдық запастарының санаттарын бекіту туралы
Осы редакция 2012 жылғы 28 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қоса беріліп отырған мыналар бекітілсін: 3) құпия; 4) құпия; 5) құпия; 6) құпия. 2. Тиісті мемлекеттік органдар тиісті жылға арналған республикалық бюджеттен бөлінген қаражат шегінде материалдық запастар мен мүлікті сатып алуды кезең-кезеңмен жүзеге асырсын. 3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Тылдық қамтамасыз ету түрлері бойынша нормаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 19 мамырдағы № 762 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 23, 265-құжат) 1-тармағының 1), 3) және 4) тармақшалары; 2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 19 мамырдағы № 762 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 шілдедегі № 788 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 28, 369-құжат). 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 27 қарашадағы № 1125 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери қызметшілерін, әскери бөлімдері мен мекемелерін бейбіт уақытқа арналған заттай мүлікпен жабдықтау нормалары
1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының заттай мүлікпен жабдықтау нормалары
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысын заттай мүлікпен жабдықтаудың № 1 нормасы
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқада әскерлері мен әскери құралымдарының (Әскери-теңіз күштерінен, жағалық қорғаныс бөлімдерінен, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің теңіз бөлімдерінен басқа) жоғары офицерлер құрамын заттай мүлікпен жабдықтаудың № 2 нормасы*
Ескерту: * Генералдарға, олардың тілегі бойынша ауыстырылатын заттардың құны шегінде жабдықтау нормасында көзделген заттар ішінен бір заттың орнына басқасын беруге рұқсат етіледі. 1. Әуе қорғанысы күштері мен Аэроұтқыр әскерлерінде - көк түсті фуражка, мундир мен шалбар. 2. Республикалық ұланның генералдарына ерекше салтанатты киім нысаны кезінде қосымша беріледі. 3. Аэроұтқыр әскерлерінде бүркеніш түсті далалық жазғы және далалық астары жылы күртеше мен шалбар орнына - бүркеніш түсті десанттық жазғы және десанттық астары жылы күртеше мен шалбар, далалық фуражка орнына - белгіленген түсті берет, ал футболка орнына - белгіленген түсті ұзын жеңді және қысқа жеңді тельняшка. Аэроұтқыр әскерлерінің және Республикалық ұланның генералдарына тельняшка 1 жылға 1 дана, жылы тельняшка 2 жылға 1 дана қосымша беріледі. 4. Әскерлер парадына қатысатын генералдарға пальтоны кию мерзіміне астары жылы пальтоға бір жұп алтын түстес погон қосымша беріледі. 5. Республикалық ұланның генералдарына ерекше салтанатты киім нысаны кезінде қосымша 1 жылға 1 дана ақ түсті қолғап, 2 жылға 1 дана іші жылы ақ түсті қолғап беріледі.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының (Әскери-теңіз күштерінен, жағалық қорғаныс бөлімдерінен, ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің теңіз бөлімдерінен, әскери қызметші әйелдерден басқа) аға және кіші офицерлер құрамын, келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін сержанттары мен сарбаздарын заттай мүлікпен жабдықтаудың № 3 нормасы *
Ескерту: * Осы норма бойынша, сондай-ақ олар үшін армиялық киім нысаны белгіленген Әскери-теңіз күштерінің офицерлері, келісімшарт бойынша әскери қызметшілері қамтамасыз етіледі. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясының әскери қызметшілеріне қара түсті киім-кешек (далалықтан басқа) беріледі. Қорғаныс министрлігінің объектілерін күзету жөніндегі әскери полиция жасағына құлақшын орнына күнқағары бар құлақшын, китель орнына - қара түсті күртеше, пальто орнына - қара түсті теріден тігілген жағасы бар қысқартылған күртеше мен астары жылы қара түсті шалбар беріледі. Қызметтік міндеттеріне өткізу пункттерінде құжаттарды ресімдеуге қатысу көзделген Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі шекаралық бақылау бөлімдерінің бөлімдері мен бөлімшелерінің әскери қызметшілеріне, сондай-ақ Шекара қызметі орталық аппаратын күзету және қамтамасыз ету бөлімшелерінің бақылаушыларына қосымша құлақшын, 4 жылға астары жылы пальтоға сұр түсті қаракөлден тігілген жаға беріледі, бұл ретте осы норма бойынша құлақшын мен теріден тігілген жаға 5 жылға беріледі. Қаракөлден тігілген жаға мүкәммалдық пайдалануға беріледі. Қаракөлден тігілген малақай киіп жүру көзделмеген жаңа қызмет орнына ауысқан кезде көрсетілген бас киімдердің қалған құны белгіленген тәртіппен өтеледі. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің офицерлері мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілеріне бір жұптан астарсыз былғары қолғап, іші теріден тігілген былғары қолғап 2 жылға беріледі. Іші теріден тігілген былғары қолғап шекаралық бақылау бөлімдерінің бөлімдері мен бөлімшелерінің әскери қызметшілеріне, жеке бақылау-өткізу пункттерінің, бақылау-өткізу пункттерінің әскери қызметшілеріне барлық климатты аудандарда, сондай-ақ суық климатты аудандарда қызмет өткеретін барлық офицерлерге, келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге беріледі. Іші теріден тігілген былғары қолғап алатын әскери қызметшілерге іші жылы қолғап берілмейді. Астарсыз былғары қолғап шекаралық бақылау жасақтарының, жеке бақылау-өткізу пункттерінің, бақылау-өткізу пункттерінің аға бақылаушыларына, бақылаушыларына, кіші бақылаушыларына беріледі. Шекаралық бақылау бөлімдерінің бөлімдері мен бөлімшелерінің әскери қызметшілеріне, жеке бақылау-өткізу пункттерінің, бақылау-өткізу пункттерінің әскери қызметшілеріне, сондай-ақ орталық аппаратты күзету және қамтамасыз ету және өңірлік қолбасшылықтар бөлімшелерінің әскери қызметшілеріне қара қоңыр қорғаныш түсті күртеше берілмейді, бір қара қоңыр қорғаныш түсті күнделікті китель 1 жылға, 3 дана күнделікті шалбар 2 жылға беріледі, 3 дана сарғыш түсті жейде 1 жылға, 3 жұп қысқа қонышты құрым бәтеңке 2 жылға беріледі. Жоғары және орта әскери оқу орнын бітіргеннен кейін әскери қызметшілерге (запасқа шығарылған адамдардан басқа) осы нормаға қосымша бір уақытта мыналар беріледі: сүлгі, сыртқы жастық тысы - 2 данадан, ақ жайма - 4 данадан, жартылай жүн көрпе, мақта матрац пен құсжастық - 1 данадан. Осы заттардың орнына көрсетілген әскери қызметшілерге қызмет орнына келгеннен кейін ақшалай өтемақы төлеуге рұқсат етіледі. Келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге, оларға офицер атағы берілген кезде бұрын берілген заттардың кию мерзімі қамтамасыз етілгенге есептеледі. Әскери қызметшілерге, олардың тілегі бойынша ауыстырылатын заттардың құны шегінде жабдықтау нормасында көзделген заттар ішінен бір заттың орнына басқасын беруге рұқсат етіледі. Офицерлерге және келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге берілген жеке пайдаланатын заттай мүлік оларды кию мерзімі аяқталғаннан кейін олардың меншігіне айналады. Әскерлерді жазғы және қысқы жабдықтау жоспарлары бойынша уақтылы қамтамасыз ету үшін орталық базалар мен қоймаларда жылдық қажеттіліктің 50 пайызы мөлшерінде заттай мүліктің ауыспалы қоры ұсталсын, олардың ішінен 1 пайыз мөлшерінде мүліктің өкілдік шығыстарына пайдалануға рұқсат етіледі. Әскери бөлімдер мен бөлімшелерде дәлдеу және ұзындығын дәлдеу үшін осы заттарға жылдық (біржолғы) қажеттіліктің 10 пайызы мөлшерінде киім-кешек дайын заттарынның азаймайтын қоры ұсталсын. 1. Ерекше салтанатты киім нысаны кезінде Республикалық ұланның офицерлері мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілеріне қосымша беріледі. 2. Әскерлер парадына қатысатын әскери қызметшілерге пальтоны кию мерзіміне астары жылы пальтоға бір жұп алтын түстес погон қосымша беріледі. Кезекті полковник әскери атағы берілген кезде кию мерзімі аяқталғанға дейін бұрын берілген астары жылы пальто мен маусымдық күртешенің қаракөлден тігілген сұр түсті жағасы беріледі. 3. Аэроұтқыр әскерлерінде далалық фуражка орнына белгіленген түсті берет, бүркеніш түсті далалық жазғы күртеше және далалық астары жылы күртеше мен шалбар орнына - бүркеніш түсті десанттық жазғы және десанттық астары жылы күртеше мен шалбар, ал футболка орнына - белгіленген түсті жеңі бар және жеңсіз тельняшка беріледі. 26322 әскери бөлімінде және Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арнайы мақсаттағы бөлімдерінде, бөлімшелерінде бүркеніш түсті далалық жазғы және далалық астары жылы күртеше мен шалбар орнына - арнайы мақсаттағы бөлімшелерге арналған жазғы костюм және астары жылы костюм, далалық фуражка орнына - белгіленген түсті берет немесе бандана, ал футболка орнына - белгіленген түсті жеңі бар және жеңсіз тельняшка беріледі. Ұшу-техникалық киім-кешек алатын немесе арнайы киіммен жабдықтау нормалары бойынша алатын әскери қызметшілерге жазғы костюмдер (астары теріден тігілген костюмдер), бүркеніш түсті далалық киім-кешек берілмейді. 4. Іші жылы биік қонышты бәтеңке ыстық климатты аудандарда 4 жылға беріледі. 5. Аэроұтқыр әскерлерінде, Республикалық ұланда, 26322 әскери бөлімінде және арнайы мақсаттағы бөлімдерде 1 жиынтық іш киім орнына 2 дана тельняшка (жеңсіз тельняшка) 1 жылға беріледі. 6. Республикалық ұланда ақ түсті трикотаж қолғап 2 жыл мерзімге беріледі. 7. Аэроұтқыр әскерлерінде, 26322 әскери бөлімінде және арнайы мақсаттағы бөлімдерде 1 жиынтық жылы іш киім орнына 1 дана жылы тельняшка 2 жылға беріледі. 8. Ерекше салтанатты киім нысаны кезінде Республикалық ұланның офицерлері мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілеріне қосымша 2 жыл мерзімімен 1 жұп ақ түсті іші жылы қолғап беріледі. 9. Ұшу-техникалық мүлікпен жабдықтау нормалары бойынша алатын әскери қызметшілерге төрт қапталды карта ұстағыштар, далалық сөмке берілмейді. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде әскери қызметшілер карта ұстағыштармен инженерлік-авиациялық қызметі арқылы қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының (Әскери-теңіз күштерінен, жағалық қорғаныс бөлімдерінен, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің теңіз бөлімдерінен) әскери қызметші әйелдерін заттай мүлікпен жабдықтаудың 4 нормасы *
Ескерту: * Осы норма бойынша, сондай-ақ олар үшін армиялық киім нысаны белгіленген Әскери-теңіз күштерінің әскери қызметші әйелдері қамтамасыз етіледі. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясының әскери қызметші әйелдеріне қара түсті киім-кешек (далалықтан басқа) беріледі. Қызметтік міндеттеріне өткізу пункттерінде құжаттарды ресімдеуге қатысу көзделген ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі шекаралық бақылау бөлімдерінің бөлімдері мен бөлімшелерінің әскери қызметшілеріне, сондай-ақ Шекара қызметі орталық аппаратын күзету және қамтамасыз ету бөлімшелерінің бақылаушыларына қосымша құлақшын, 4 жылға астары жылы пальтоға сұр түсті қаракөлден тігілген жаға беріледі, бұл ретте осы норма бойынша құлақшын мен теріден тігілген жаға 5 жылға беріледі. Қаракөлден тігілген жаға мүкәммалдық пайдалануға беріледі. Қаракөлден тігілген малақай киіп жүру көзделмеген жаңа қызмет орнына ауысқан кезде көрсетілген бас киімдердің қалған құны белгіленген тәртіппен өтеледі. |