Қазақстан Республикасында республикалық және жергілікті деңгейлерде ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы (2010.03.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 26 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 136-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында республикалық және жергілікті деңгейлерде ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыру ережесі бекітілсін. 2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2009 жылғы 2 наурыздағы № 235 қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 685 Қаулысымен бүкіл мәтін бойынша «бақылау актісі», «бақылау актісіне», «Бақылау актісіне», «бақылау актісін», «бақылау актісінің» деген сөздерден кейін «(ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытынды)», «(ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытындыға)», «(ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытындыға)», «(ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытындыны)», «(ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытындының)» деген сөздермен толықтырылды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасында республикалық және жергілікті деңгейлерде ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыру ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасында республикалық және жергілікті деңгейлерде ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 136-бабының 4 және 5-тармақтарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында республикалық және жергілікті деңгейлерде ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды (бұдан әрі - ішкі бақылау) жүзеге асыру тәртібін белгілейді. ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 685 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) аралық акт - бақылау жүргізу барысында жасалатын және дереу (жекелеген) құжаттамалық ресімдеуді талап ететін бақылау актісі (ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытынды); 1-1) бақылау актісі (ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытынды) - бақылау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі орган жасаған құжат; 1-2) ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытынды - ішкі бақылау қызметі және ішкі бақылау объектісі қол қоятын, жүргізілген бақылау нәтижелері бойынша жасалатын құжат; 1-3) ішкі бақылау нәтижелері туралы есеп - жұмыс тиімділігін арттыру, мемлекеттік органның басшысына ұсынылатын ішкі бақылау объектісі қызметінің тікелей және түпкі нәтижелеріне қол жеткізу мақсатында ішкі рәсімдерді, ережелерді, процестерді жақсарту бойынша ұсынымдары бар ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытынды негізінде жасалған құжат; 2) бақылау материалдары - бақылау іс-шараларын жүргізу үшін қажетті құжаттар, сондай-ақ бақылау нәтижесі бойынша жасалған құжаттар және анықталған бұзушылықтардың қоса берілетін дәлелдемелері және жұмыстағы кемшіліктерді; 3) бақылау объектісінің лауазымды тұлғалары - бақылау объектісінің басшысы, сондай-ақ бақылау объектісінің басшысы анықтайтын, бақылау объектісінің бухгалтерлік және өзге де құжаттарына қол қою құқығы бар тұлғалар; 4) бақылау іс-шарасы (бұдан әрі - бақылау) - Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына, мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамасына және өзге де заңнамасына сәйкестігі мәніне ішкі бақылау жөніндегі уәкілетті орган, сондай-ақ бақылау объектілеріндегі бұзушылықтарды анықтау, жою және оған жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына сәйкестігі мәніне ішкі бақылау қызметтері жүзеге асыратын өзара байланысты бақылау іс-қимылдарының кешені; 5) бақылау ауқымы - мәселелер тізбесі, тексерілетін кезең және бақылау жүргізу мерзімі; 6) маман - мемлекеттік органдардың мамандары және уәкілетті орган бақылау іс-шараларын жүргізуге тартқан сарапшылар; 7) ревизор - бақылау іс-шарасын жүзеге асыратын ішкі бақылау органының қызметкері; 8) тексеруші топ - екі және одан көп ревизор, сондай-ақ қажеттілігіне карай тартылған мамандар; 9) ішкі бақылау органдары - Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі орган (бұдан әрі - уәкілетті орган), орталық мемлекеттік органдардың ішкі бақылау қызметтері және облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың ішкі бақылау қызметтері (бұдан әрі - ішкі бақылау қызметтері); 10) бақылау жүргізу жоспары - бақылау объектісін алдын ала зерделеу деректері негізінде әзірленген, бақылау тұрпаттары, түрлері, мақсаттары, объектілері және ауқымы, оның ішінде бақылауды жоспарлау процесінде туындайтын басымдықтар мен мәселелер, бақылауды жүзеге асыруға арналған қажетті ресурстар мен бақылау органдары қызметкерлерінің құрамы кіретін құжат; 11) бақылау бағдарламасы - бақылауға жататын мәселелер тізбесін құрайтын, әрбір бақылау объектісі бойынша дербес жасалатын, егжей-тегжейлі әзірленген құжат. 3. Осы Ережеде пайдаланылатын басқа да ұғымдар Кодексте айқындалатын мәндерде қолданылады.
2-тарау. Ішкі бақылауды жүзеге асыру тәртібі
§ 1. Бақылау іс-шараларын жоспарлау
4. Ішкі бақылау органдары объектінің атауын, бақылаудың ауқымын және түрін қамтитын тиісті қаржы жылына бекітілген бақылау іс-шараларының жоспары бойынша бақылау жүргізеді. ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 685 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 5. Бақылау іс-шараларын жоспарлау процесі мынадай сатылардан тұрады: 1) бақылау объектілерінің қызметін, оның ішінде бақылау объектісінің өткен қаржы жылы үшін республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттерді атқаруын алдын ала зерделеу; 2) бақылау объектілерін, бақылау жүргізу мерзімдері мен бақылау іс-шараларын аяқтау нысандарын көрсете отырып, бақылау іс-шараларының жоспарын әзірлеу. 6. Бақылау іс-шараларын жоспарлау бақылау объектісін таңдау кезінде Кодексте көзделген тәуелсіздік және объективтілік принциптері бойынша жүзеге асырылады. 7. Кешенді бақылауды жоспарлау Кодексте анықталған кезеңділік негізінде жүзеге асырылады. Тақырыптық бақылауды жоспарлау тиісті өкілді және атқарушы органдардың бастамашылық мәселелері, тапсырмалары мен сұратулары негізінде және басқа негіздемелер бойынша жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жоспарлау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында анықталған кезеңділік негізінде жүзеге асырылады. 8. Ішкі бақылау қызметтерінің бақылау іс-шаралары жоспары жоспарланған жылдың алдындағы жылдың 1 желтоқсанына дейін бекітіледі. Уәкілетті органның бақылау іс-шаралары жоспары жоспараланатын жылдың алдындағы жылдың 15 желтоқсанына дейін бекітіледі. Бақылау іс-шараларының жоспарын, сондай-ақ оның өзгерістері мен (немесе) толықтыруларын уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің басшысы, ішкі бақылау қызметі құрылған мемлекеттік органның басшысы бекітеді. 9. Бақылауды жүргізу мақсатында ішкі бақылау органдары ақпарат алмасу мерзімдері көзделуі тиіс жазбаша сұрау салудың негізінде жоспарлары және жүргізілген бақылау іс-шаралары туралы ақпарат алмасуды жүзеге асырады. 10. Уәкілетті орган жоспардан тыс бақылауды Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, осыған уәкілеттік берілген мемлекеттік органдардың тапсырмалары бойынша, оның ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларда, депутаттық сауалдар бойынша жүргізеді.
§ 2. Ішкі бақылауды жүргізуді ұйымдастыру
11. Ережеге 1-қосымшаға сәйкес бақылауды тағайындау туралы үлгі бұйрықтың негізінде уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің басшысы, ішкі бақылау қызметі құрылған мемлекеттік органның басшысы шығарған бақылауды тағайындау туралы бұйрық ішкі бақылау жүргізу үшін негіздеме қызметін атқаратын құжат болып табылады. ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 685 Қаулысымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 12. Бақылауды жүргізу мерзімі алдағы жұмыстардың көлемі, қойылған міндеттері, тексеру тобы мүшелерінің саны, сондай-ақ бақылау актісіне (ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытындыға) қол қоюға қажетті уақыт ескеріле отырып белгіленеді және отыз күнтізбелік күннен аспауы тиіс. Объективті себептер болған кезде бақылау жүргізу мерзімі бақылау іс-шарасына басшылық ететін ревизордың дәлелденген ұсынысы бойынша уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесі басшысының, ішкі бақылау қызметі құрылған мемлекеттік орган басшысының бұйрығы негізінде отыз күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге ұзартылады. Бақылауды тағайындау туралы бұйрық Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органда тіркеледі. 13. Ішкі бақылау органы бақылауды тағайындау туралы бұйрықтар бойынша бұйрықты тіркеу нөмірі және күні, бақылау объектісінің атауы, бақылау түрі, бақылауды жүргізуге тағайындалған лауазымды тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты, бақылау ауқымы көрсетілетін жеке журнал жүргізеді. ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 685 Қаулысымен 14-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 14. Бақылауды жүргізу мерзімі басталғанға дейін ішкі бақылау органының немесе оның аумақтық бөлімшесінің басшысы немесе оның орынбасарлары бақылау жүргізуге жауапты лауазымды тұлғаның ұсынысы бойынша бақылау жүргізу жоспарын бекітеді, ол бақылау жүргізу процесінде ішкі бақылау органының немесе оның аумақтық бөлімшесінің басшысы немесе басшысының орынбасары арқылы өзгертіледі немесе толықтырылады. ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 685 Қаулысымен 15-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 15. Бақылау бағдарламасы, бақылауды жүргізуге жауапты ішкі бақылау органының лауазымды тұлғасы бекітеді және бақылау объектісіндегі бұзушылықтар туралы қосымша алынған ақпараттың негізінде олар орын алған нақты кезеңді және бұзушылықтардың жалпы сомасын анықтау үшін бақылауды жүргізу процесінде өзгертіледі және (немесе) толықтырылады. 16. Бақылау іс-шарасына басшылық ететін ревизор бақылау жүргізуді бастар алдында: 1) бақылау объектісінің басшысына бақылауды тағайындау туралы бұйрықты ұсынады, оны бақылау бағдарламасымен таныстырады; 2) бақылау объектісінің басшысын тексеруші топтың мүшелерімен таныстырады. 17. Рсвизорлар бақылау жүргізу кезінде: 1) бақылау жүргізуге байланысты мәселелер бойынша қажетті құжаттарды, анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсініктемелерді бақылау объектілерінен өздері белгілеген мерзімде сұратады және алады; 2) мемлекеттік құпиялар туралы заңнама талаптарының және заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, бақылау объектісінің бақылау іс-шарасы мәселелеріне қатысты құжаттамасымен кедергісіз танысады; 3) Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес ішкі бақылау органының құзыретіне кіретін өзге де іс-әрекеттерді жүзеге асырады. 18. Бақылау іс-шарасын мамандарды немесе аудиторлық ұйымды тарта отырып жүргізу қажет болған кезде ішкі бақылау қызметі құрылған мемлекеттік органның басшысы уәкілетті органға бақылау объектісін уәкілетті органның ағымдағы немесе келесі қаржы жылының бақылау іс-шаралары жоспарына енгізу туралы өтініш жібереді. Ішкі бақылау қызметтері бақылау іс-шараларын жүргізуге қатысуға ішкі бақылау қызметі құрылған мемлекеттік органның ведомстволық бағынысты ұйымдарының, құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің басқа да қызметкерлерін тарта алады. 19. Тексеруші топтың мүшелері бақылауды тағайындау туралы бұйрыққа және бақылау бағдарламасына енгізілген барлық мәселелер бойынша бақылау жүргізеді. ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 685 Қаулысымен 20-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 20. Бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша ревизор Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада бақылау актісін (ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытындыға) жасайды, Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тексеру тобының мүшесі ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытындыны жасайды. Бақылау актісіне (ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытындыға) ревизор (тексеруші топтың мүшелері) қол қояды және әр парағына алдын ала қол қояды. Бірлескен бақылау жүргізілген жағдайда, бақылау актісінің (ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытындының) даналар сайын ревизор айқындайды. Бақылау іс-шарасы аяқталғанға дейін бақылау актісінің (ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытындының) бір данасы бақылау объектісінің басшысына танысу үшін беріледі, бұл ретте ревизордың қатысуымен бақылау объектісінің басшысы бақылау актісінің (ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытындының) екі данасына оны алған күнді тіркей отырып белгі қояды. Бақылау актісін (ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытындыға) жүргізілген бақылау нәтижесімен таныстыруға берілген күннен бастап үш күн ішінде бақылау объектісінің басшысы бақылау актісінің (ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытындының) екі данасына қол қояды және әр парағына алдын ала қол қояды. Бақылау объектісі басшысының бақылау актісіне (ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытындыға) қол қоймауы бақылау материалдарын одан әрі іске асыруға кедергі болып табылмайды. Бақылау объектісінің басшысы бақылау нәтижелерімен келіспеген жағдайда бақылау актісіне (ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытындыға) қол қойылғаннан кейін он күн ішінде ішкі бақылау органына бақылау актісіне (ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытындыға) қарсылық жібереді. Ішкі бақылау органы алған бақылау қарсылығы тіркелгеннен кейін комиссия он жұмыс күні ішінде бақылау актісіне (ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытындыға) қарсылықты қарайды, бақылау актісіне (ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытындыға) жіберілген қарсылық бойынша шешім қабылдайды. Комиссияның шешімі хаттама түрінде ресімделеді. Комиссияның құрамы мен қызмет регламентін уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің басшысы, ішкі бақылау қызметі құрылған мемлекеттік органның басшысы айқындайды. 21. Анықталған бұзушылықтарды жою немесе көрсетілген бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту бойынша жедел шаралар қабылдау қажет болған кезде дереу бұзушылықтар дәлелдері қоса берілген аралық акт жасалады. Бақылау іс-шарасына басшылық ететін уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің ревизоры аралық актіні (бақылау материалдарын) осы Ереженің 29-тармағына сәйкес шаралар қабылдау туралы шешім шығару үшін дереу уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің басшысына жібереді. Бақылау іс-шарасына басшылық ететін ішкі бақылау қызметінің ревизоры аралық актіні (бақылау материалдарын) осы Ереженің 29-тармағына сәйкес шаралар қабылдау туралы мәселені шешу үшін ішкі бақылау қызметі құрылған мемлекеттік органның басшысына жіберуін қамтамасыз ететін ішкі бақылау қызметі басшысына дереу жібереді. Аралық актілер мамандар, сондай-ақ ішкі бақылау қызметі құрылған мемлекеттік органның ведомстволық бағынысты ұйымдарынан, құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінен тартылған қызметкерлер жүзеге асыратын тексерістер бойынша да жасалады. Аралық актілер бақылау актісіне (ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытындыға) қоса беріледі. 22. Уәкілетті орган бірлескен бақылауды жүзеге асырған кезде бірлескен бақылауға қатысушы барлық мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары бақылау актісіне (ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытындыға) қол қояды. Бақылау нәтижелері бақылау іс-шараларын жүргізген мемлекеттік органдар арасында анықталған бұзушылықтарды алдын ала бөле отырып бақылау материалдарына енгізіледі. 23. Бақылау бағдарламасында анықталған мәселелер бойынша бұзушылықтар болмаған кезде бақылау актісіне (ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытындыға) бақылау бағдарламасында белгіленген қатаң сәйкестікте және көлемде бақылау жүргізілді, бұл ретте бұзушылықтар анықталған жоқ деген сілтеме жасалады. ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 685 Қаулысымен 24-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 24. Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарының сақталуын Бақылауды жүзеге асыру мақсатында уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелері ішкі бақылау қызметтерінің бақылау материалдарының сапасын бақылауды жүргізеді. Ішкі бақылау қызметтерінің ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытындылар мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес келмеген жағдайда бақылау объектісі уәкілетті органның ағымдағы немесе келесі қаржы жылының бақылау іс-шаралары жоспарына енгізіледі. Бақылау материалдары мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес келмеген жағдайда, уәкілетті органның басшысы оның қызметкерлері қызметінің, олар, оның ішінде мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес бақылау объектісінде бола отырып жүргізген бақылаудың жекелеген бағыттарының сапасына бақылау жүргізудің қажеттілігін айқындайды.
§ 3. Бақылау материалдарын іске асыру
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 685 Қаулысымен 25-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 25. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын, мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын және өзге де заңнамасын бұзушылықтар, бақылау объектісінің немесе оның құрылымдық бөлімшесінің жұмысында кемшіліктер анықталған жағдайда, уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі бақылау актісіне (ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытындыға) қол қойылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде немесе комиссия бақылау актісіне (ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытындыға) даулы мәселелер бойынша қарсылықтарды қарастырғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде бақылау объектісіне жұмыстағы анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою үшін міндетті ұсыныс жібереді. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын және өзге де заңнамаларын бұзушылықтар, ішкі бақылау қызметінің бақылау объектісінің жұмысында кемшіліктер анықталған жағдайда ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытындыға қол қойылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде немесе комиссия ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытындыға даулы мәселелер бойынша қарсылықтарды қарағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік органның басшысына нақты кезеңдегі бақылау объектісіндегі анықталған бұзушылықтар, жұмыстағы бұзушылықтар мен кемшіліктерді жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайлардың нәтижелері туралы ақпаратты, сондай-ақ оларды жою жөніндегі ұсыныстарды қамтитын ішкі бақылау нәтижелері туралы есепті енгізеді. Есепті қарау нәтижелері бойынша ішкі бақылау қорытындысы бойынша мемлекеттік органның басшысы ішкі бақылау объектісінің жұмысында анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жоюға арналған, сондай-ақ онда қамтылған бақылау объектісінің жұмысындағы кемшіліктерді түзетуге бағытталған ұсынымдарды орындауға міндетті ұсыну жобасын енгізеді. Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың ішкі бақылау қызметі облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарда және аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен қаржыландырылатын тиісті атқарушы органдарда, сондай-ақ олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарында ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асырады. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) атқарушы органдарында ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу кезінде облыстық деңгейдегі ішкі бақылау қызметі аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен қаржыландырылатын ішкі мемлекеттік қаржылық бақылау жүргізілген мемлекеттік органның бірінші басшысына бақылау нәтижелері туралы есеп пен ұсыныс жобасын береді. Ұсыныста анықталған бұзушылықтарды, заңнаманы бұзушылықтарды жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы, сондай-ақ бақылау объектісінің бұзушылықтарды жасауға кінәлі тұлғаларына шаралар қолдану туралы міндетті талаптар болуға тиіс. Ұсыныста жұмыстағы бұзушылықтар мен кемшіліктерді жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жоюға бағытталған ұсынымдар баяндалуы тиіс. Бақылау объектісінің ұсынымдары мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде бұзушылықтарды жою және одан әрі жол бермеу, бюджет заңнамасын сақтау, бухгалтерлік есеп пен есептілікті жүргізу, ақпараттық жүйелерді қоса алғанда, персоналды басқарудың ішкі жүйесін жетілдіру, бақылау объектісі қызметінің нақты бағыттарының және басқалардың тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру бойынша ұсыныстарды қамтуға тиіс. ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 685 Қаулысымен 26-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 26. Бақылау объектісі немесе оның құрылымдық бөлімшесі ұсыныста белгіленген мерзім ішінде бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдамаған немесе толық көлемде қабылдамаған кезде: 1) уәкілетті орган Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес шаралар қабылдайды; 2) ішкі бақылау қызметтері кінәлі тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту үшін тиісті ақпаратты осы ішкі бақылау қызметі құрылған орталық мемлекеттік органның басшысына жібереді; 3) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарда және аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен қаржыландырылатын тиісті атқарушы органдарда, сондай-ақ олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарында ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыратын облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың ішкі бақылау қызметі кінәлі тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту үшін мемлекеттік органның бірінші басшысына тиісті ақпарат жібереді. 27. Уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелері тиісінше жұмыста басшылыққа алу үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орташа бюджетті жоспарлау бөлігінде бюджет заңнамасы бұзушылықтарының анықталған фактілері туралы ақпаратты жібереді. 28. Бақылау объектілеріне олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарын қамти отырып жүргізілген кешенді бақылаудың нәтижелерін шығару кезінде қорытылған ақпарат жасалады. Оның негізіне бақылаумен қамтылған бақылау объектілерінің толық тізбесі келтіріле отырып бақылау материалдары кіреді. Ақпарат бұзушылықтарды жою жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кінәлі тұлғаларға шаралар қолдану үшін бақылау объектісінің басшысына жіберіледі. 29. Бақылау іс-шарасының нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес жауапкершілікті көздейтін бұзушылықтардың белгілері анықталған жағдайда уәкілетті орган өкілеттіктері шегінде тиісті шаралар қабылдайды. Бақылау объектісінің лауазымды адамдарының іс-әрекеттерінде қылмыстар немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайда, ішкі бақылау органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бақылау материалдарын құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдарға береді. Берілетін материалдар мыналарды: 1) уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің басшысы, ішкі бақылау қызметі құрылған мемлекеттік органның басшысы қол қойған бұзушылықтар фактілері туралы ілеспе хатты; 2) бақылау объектісінің басшысы қол қойған актілердің, оның ішінде аралық актілердің көшірмелерін; 3) бақылау материалдарына қоса берілген анықталған фактілерге қатысты құжаттардың расталған көшірмелерін, бақылау объектісі қызметкерлерінің жазбаша түсініктемелері мен келіспеушіліктерін қамтуы тиіс. Уәкілетті орган және құқық қорғау органдары тиісті құқық қорғау органына берілген бақылау материалдарының қозғалысы туралы тоқсан сайынғы салыстыруларды жүргізеді. 30. Ішкі бақылау органының бақылау материалдарын іске асыруды аяқтауы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің басшысы, ішкі бақылау қызметі құрылған мемлекеттік органның басшысы бекітетін анықтамамен ресімделеді. 31. Ішкі бақылау органдары лауазымды адамдарының, бақылау объектілерінің іс-әрекеттеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін. |