Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті лицензиялау (2008.06.05. берілген толықтыруларымен)
Осы редакция 2012 жылғы 12 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі; 2) уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін. 2. «Өнеркәсіп саласындағы қызметтің лицензияланатын түрлеріне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 мамырдағы № 556 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 18, 189-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген өнеркәсіп саласындағы қызметтің лицензияланатын түрлеріне қойылатын біліктік талаптарындағы сегізінші абзац алынып тасталсын; «Уларды өндіруді, қайта өңдеуді, тасымалдауды, сатып алуды, сақтауды, сатуды, пайдалануды және жоюды жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілерге қойылатын біліктілік талаптары» деген бөлім алынып тасталсын. 3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2007 жылғы 27 қарашадағы № 1137 қаулысымен Бекітілген
Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленген және уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті лицензиялау тәртібін айқындайды. 2. Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті лицензиялауды Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Өнеркәсіп және ғылыми-техникалық дамыту комитеті (бұдан әрі - лицензиар) жүзеге асырады. 3. Лицензиялар мынадай қызмет көлемі бойынша бөлінеді: бас қызмет - қолданылу мерзіміне шек қойылмай уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметпен айналысуға берілетін; бір жолғы - рұқсат етілген мерзім шегінде уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметпен айналысуға берілетін лицензиялар. Бір жолғы лицензия бес жылдан аспайтын мерзімге беріледі. 4. Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғалары лицензиялау субъектілері болып табылады. 5. Лицензия иеліктен шығарылмайтын болып табылады және оны лицензиат басқа жеке және заңды тұлғаға бере алмайды.
2. Лицензияны беру, қайта ресімдеу және оны беруден бас тарту тәртібі
6. Лицензияны алу үшін мынадай құжаттар қажет: 1) өтініш; 2) заңды тұлға үшін - Жарғының және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмелері; 3) жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 4) дара кәсіпкер үшін - өтініш берушінің дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелуі туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі; 5) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі; 6) уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметпен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат; 7) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар. 7. Лицензияны беру үшін лицензиарға ұсынылған барлық құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесі лицензиардың құжаттарды қабылдаған күні туралы белгі соғылып, өтініш берушіге жіберіледі (табыс етіледі). 8. Лицензиар лицензияны осы Ережеде белгіленген тиісті құжаттармен қоса өтініш берілген күнінен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін он жұмыс күнінен кешіктірмей береді. Лицензиар осы Ережеде белгіленген мерзім ішінде лицензияны беруге не лицензияны беруден бас тартудың себептері туралы жазбаша түрде дәлелді жауап қайтаруға міндетті. 9. Егер лицензиар осы Ережеде белгіленген мерзімде өтініш берушіге лицензияны бермеген не өтініш берушіні лицензияны беруден бас тарту себептері туралы жазбаша түрде хабардар етпеген жағдайда, онда осы Ережеде лицензияны беру үшін белгіленген мерзімдер өткен күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң өтініш беруші лицензиарды оның уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыра бастағаны туралы жазбаша түрде хабардар етеді. Лицензиар өтініш берушінің жазбаша хабарламасын алған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш беруші жазбаша хабарламада көрсеткен күннен бастап лицензия беруге міндетті. 10. Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметпен айналысу құқығы үшін төленетін лицензиялық алым Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес лицензиялар (лицензиялардың телнұсқасы) берілген кезде алынады. 1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметпен айналысуға тыйым салынған; 2) осы Ереженің 6-тармағына сәйкес талап етілетін барлық құжаттар табыс етілмеген жағдайда лицензия беруден бас тартылуы мүмкін. Өтініш беруші көрсетілген кедергілерді жойған кезде өтініш жалпы негіздер бойынша қаралады; 3) уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметпен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмеген; 5) өтініш берушіге қатысты оған уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметпен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болған жағдайларда лицензияны беруден бас тартылуы мүмкін. 12. Лицензия беруден бас тартқан жағдайда лицензиар лицензия беру үшін белгіленген мерзімдерде өтініш берушіге жазбаша түрде дәлелді жауап қайтарады. 13. Егер лицензия осы Ережеде белгіленген мерзімде берілмесе немесе лицензияны беруден бас тарту өтініш берушіге негізсіз болып көрінсе, ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бұл іс-әрекеттерге шағымдануға құқылы. 14. Лицензия жоғалған, бүлінген жағдайда лицензиат лицензияның телнұсқасын алуға құқылы. Лицензияның жоғалған, бүлінген бланкілері лицензиат лицензиарға жазбаша өтініш (лицензияның жоғалған, бүлінген фактісін растайтын құжаттармен қоса) берген күннен бастап жарамсыз деп есептеледі. Лицензиар өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жаңа нөмір бере отырып және жоғарғы оң жақ бұрышында «Телнұсқа» деген жазуы бар лицензияның телнұсқасын береді. 15. Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда, бірігу, біріктіру, бөліну немесе қайта құру нысанында заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, заңды тұлғаның атауы өзгерген, сондай-ақ қызмет түрінің атауы өзгерген кезде, егер мұндай өзгеріс қызмет түрі шеңберінде орындалатын операциялардың мәнінің өзгеруіне әкеп соқпаса, ол күнтізбелік отыз күн ішінде көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттармен қоса, лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш беруге міндетті. Лицензиат тиісті жазбаша өтініш берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде лицензиар лицензияны қайта ресімдейді.
3. Лицензияның қолданылуын тоқтату, тоқтата тұру, одан айыру
16. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады. 17. Лицензия мынадай жағдайларда: 1) лицензияның берілген мерзімі аяқталғанда; 2) жүзеге асырылуына лицензия берілген іс-әрекеттер (операциялар) толық көлемде жасалғанда; 3) лицензия алып қойылғанда; 4) жеке тұлғаның қызметі тоқтатылғанда, заңды тұлға таратылғанда, бірігу, біріктіру, бөліну немесе қайта құрылу нысанындағы қайта ұйымдастырылуды қоспағанда, заңды тұлға қайта ұйымдастырылғанда; 5) лицензия лицензиарға ерікті түрде қайтарылғанда; 6) лицензияланатындардың тізбесінен уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызмет алып тасталғанда өзінің қолданылуын тоқтатады. 18. Лицензияның қолданылуы тоқтатылған кезде лицензиат он жұмыс күні ішінде лицензияны лицензиарға қайтаруға міндетті.
4. Лицензиялардың есебі және бақылау
19. Лицензиар лицензиаттың Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған лицензиялық бақылауды жүзеге асырады. Лицензиар өз құзыреті шеңберінде лицензиаттан тиісті құжаттарды беруді талап етуге және бақылау функцияларын орындау үшін қажетті ақпаратты алуға құқылы. 20. Лицензиар берілген, қайта ресімделген, тоқтата тұрған, жаңғыртылған және қолданылуы тоқтатылған лицензиялар туралы мәліметтерді қамтитын лицензиялардың тізілімін жүргізеді.
Үкіметінің 2007 жылғы 27 қарашадағы № 1137 қаулысымен Бекітілген
Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары
1. Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктік талаптары мыналардың: 1) уларды өндіруге, өңдеуге, сақтауға, сатып алуға, өткізуге, пайдалануға, жоюға арналған және өнеркәсіптік қауіпсіздікке жауап беретін меншік құқығындағы өндірістік-техникалық базаның (технологиялық желілердің, сынақ-зертханалық базаның және мамандандырылған өндірістік ғимараттардың); 2) уларды дайындауға және өңдеуге арналған технологиялық регламенттің; 3) жұмыс істейтін персоналды орналастыруға арналған санитарлық-эпидемиологиялық және өрт қауіпсіздігі талаптарына жауап беретін, меншік құқығындағы қызметтік үй-жайлардың; 4) мыналарды: жабдықтарды, тетіктерді, технологиялық желілерді пайдалану мен техникалық қызмет көрсетуді; еңбек қауіпсіздігін бақылау мен қоршаған ортаны қорғауды; медициналық бақылауды; метрологиялық бақылауды; улардың есепке алынуын қамтамасыз ететін қызметтердің; 5) тиісті арнайы білімі мамандығы бойынша кемінде бір жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар, техникалық пайдалану ережесі мен өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органда қауіпсіздік ережесін үйренуден және білімін тексеруден өткен инженерлік-техникалық және басшы қызметкерлердің білікті құрамының; 6) уларды меншік құқығында сақтауға арналған және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына жауап беретін арнайы жабдықталған қоймалардың, үй-жайлар мен сыйымдылықтардың; 7) уларды сақтауға арналған жабдықталған қоймалар, үй-жайлар мен сыйымдылықтар күзетінің немесе күзет қызметін жүзеге асыратын субъектілермен күзет қызметін көрсетуге арналған шартының; 8) арнайы қорғаныш киімінің, жеке қорғаныш заттарының, өртке қарсы мүкәммалдың; 9) ықтимал аварияларды жоюдың бекітілген жоспарының, жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулықтардың, ережелердің және басқа да нормативтік-техникалық құжаттардың; 10) кемінде 10000 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі активтердің; 11) қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның қызметтің өтініш берілген түрін жүзеге асыру мүмкіндігі туралы қорытындысының болуын қамтиды. 2. Егер өтініш беруші лицензия алу үшін біліктілік талаптарына сәйкес ұсынатын құжаттардың көшірмелері нотариалды куәландырылмаса, олар түпнұсқаны ұсына отырып, беріледі. ҚР Үкіметінің 2008.06.05. № 423 Қаулысымен 3-тармақпен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) 3. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметінде уларды өндіру, қайта өңдеу, пайдалану және жою болмаған кезде 1-тармақтың 1), 2), 3), 4) тармақшалары бойынша (еңбек қауіпсіздігін бақылаудан және қоршаған ортаны қорғаудан, уларды медициналық бақылаудан және есепке алудан басқа) мәліметтерді ұсыну талап етілмейді.
|