Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің «Қазаэрожоба» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы (2015.28.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің «Қазаэрожоба» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «ҚазАэроЖоба» ғылыми-зерттеу және жобалау-іздестіру институты» акционерлік қоғамына (бұдан әрі - қоғам) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын. 2. Қоғам қызметінің негізгі мәні азаматтық авиация саласындағы ғылыми-зерттеу және сараптамалық жұмыстарды, азаматтық, мемлекеттік авиация және аэроғарыш саласы объектілерін салу саласындағы жобалау-іздестіру жұмыстарын орындау болып белгіленсін. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) қоғам жарғысының бекітілуін; 2) қоғамның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін; 3) қоғам мемлекеттік тіркелгеннен кейін бір ай мерзімде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне иелік ету және пайдалану үшін акциялардың мемлекеттік пакетін беруді; 4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін. 4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|