Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың (ХҒТО) жобаларын жүзеге асыруға байланысты қызметті үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңес құру туралы (2009.08.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 17 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Халықаралық ғылыми-техникалық орталық (ХҒТО) құру туралы Келісімге қосылу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімін орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті қаулы етеді: 1. Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың жобаларын жүзеге асыруға байланысты қажетті үйлестіру жөніндегі алғашқысының қаражаты есебінен қаржыландырылатын Ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңес құрылсын. Ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңес Халықаралық ғылыми-техникалық орталыққа ұсыну үшін кәсіпорындар, ғылыми ұйымдар мен институттар әзірлеген ғылыми-техникалық жобаларды қарайды, аталған жобалар бойынша басым мәні бар ұсыныстарды іріктеп, жинайды, жобаларды Халықаралық ғылыми-техникалық орталыққа жіберудің мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды жасайды, осы жобалар бойынша жұмыстың орындалуын бақылайды, ұлттық қауіпсіздік мүдделері талаптарының сақталуын, мемлекеттік және коммерциялық құпияны құратын ақпарат пен интеллектуалдық меншіктің қорғалуын қамтамасыз етеді. 2. Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың жобаларын жүзеге асыруға байланысты қызметті үйлестіру жөніндегі Ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңестің құрамы беріліп отырған қосымшаға сәйкес бекітілсін. 3. Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың жобаларын жүзеге асыруға байланысты қызметті үйлестіру жөніндегі Ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңес туралы беріліп отырған Ереже бекітілсін. 4. Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлігі Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың жобаларын жүзеге асыруға байланысты қызметті үйлестіру жөніндегі Ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңеске үй-жай бөліп, оның ұйымдастыру-техникалық қызметін қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі
ҚР Үкіметінің 2007.12.02. № 703 қаулысымен; 2001.24.05. № 703 қаулысымен құрам өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2009.08.12. № 2039 қаулысымен құрам жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 25 қаңтардағы № 90 қаулысымен бекітілген
Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың жобаларын жүзеге асыруға байланысты қызметті үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңестің құрамы
ҚР Үкіметінің 2009.08.12. № 2039 қаулысымен бүкіл мәтін бойынша «Энергетика және минералдық ресурстар» деген сөздер «Білім және ғылым» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 25 қаңтардағы № 90 қаулысымен бекітілген
Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың жобаларын жүзеге асыруға байланысты қызметті үйлестіру жөніндегі Ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңес туралы ЕРЕЖЕ
1. осы Ережеге Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың (ХҒТО) жобаларын жүзеге асыруға байланысты қызметті үйлестіру жөніндегі Ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңестің (бұдан әрі - Кеңес) негізгі міндеттері мен қызметін белгілейді. 2. Кеңестің негізгі міндеттері Қазақстан Республикасының мүдделерінің тұрғысынан ХҒТО тарапынан қаржыландырылатын жобалар бойынша басым мәні бар ұсыныстарды жинақтау мен іріктеу, Қазақстан Республикасы өкілінің ХҒТО Басқарушылары Кеңесіндегі келісілген көзқарасын қалыптастыру, іріктелген жобаларды ХҒТО-ға тапсыру болып табылады. 3. Өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес Кеңес ХҒТО-ға табыс ету үшін кәсіпорындар, ғылыми ұйымдар мен институттар әзірлеген ғылыми-техникалық жобаларды қарайды, қорытындылар жасайды, жобаны ХҒТО-ға жіберуге рұқсат береді, жобалар бойынша жұмыстардың орындалуын бақылайды, мемлекеттік, коммерциялық құпияларды құратын Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін, ақпаратты, интеллектуалдық меншікті қорғау талаптарын қамтамасыз ету мәселелерін қарайды. 4. Ғылыми-техникалық жобаларды қарау және іріктеу жөніндегі өз қызметінде Кеңес Халықаралық ғылыми-техникалық орталықты құру туралы Келісімнің ережелерін ХҒТО-ның жарғысы мен нормативтік құжаттарын, мемлекеттік, интеллектуалдық және коммерциялық құпияларды қорғау саласында Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдары мен нормативтік актілерін басшылыққа алады. ҚР Үкіметінің 2007.12.02. № 703 қаулысымен; 2001.24.05. № 703 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді 5. Ғылыми-техникалық жобаларды ХҒТО-ға жіберу үшін оларды әзірлеу мен қараудың мынадай тәртібі белгіленеді: 5.1. Кәсіпорындар мен ұйымдар жобаларды әзірлеуді ХҒТО міндеттеріне, мақсаттарына, қабылданым өлшемдеріне, нормативтік талаптары мен процедураларына сәйкес жүзеге асырады. Ғылыми-техникалық жоба туралы ұсыныс Кеңеске осы жұмысты жүргізудің пайдалылығы мен орындылығы, оның ғылыми-техникалық деңгейі, мемлекеттік және коммерциялық құпиялардың сақталуы, интеллектуалдық меншікті қорғауы туралы кәсіпорынның ҒТК (НТС) қорытындысымен, сондай-ақ мемлекеттік құпиялардың сақталуы туралы кәсіпорынның тұрақты түрде жұмыс істейтін техникалық комиссиясының қорытындысымен бірге жібереді. Жекелеген ғалымдар мен шығармашылық ұжымдар жобалар туралы ұсыныстарды Кеңесте қарау үшін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі арқылы табыс ете алады. 5.2. Жоба туралы ұсынысты Кеңес ұсынысты алғаннан кейін 15 күннен кешіктірмей қарайды, оны талқылауға жобаның ғылыми жетекшісі немесе оған өкілетті адам табыс етеді. 5.3. Кеңеске жоба осы Ереженің 4-тармағының талаптарымен сәйкес келмеген жағдайда, сондай-ақ мемлекет мүддесін, салалар мен ведомстволардың міндеттерін басшылыққа ала отырып, ұсынылған жобаны пысықтауға қайтаруға, жобаның ХҒТО-ға жіберуге мүмкін еместігі туралы қорытынды беру немесе жобаның жіберілу мерзімін кейінге көшіру құқы берілген. Кеңес мақсаты жағынан жақын жобаларды үйлестіру, тиісті кәсіпорындар мен ғылыми ұйымдарды жобаларды орындауға тарту, олардың ғылыми-техникалық және өндірістік әлеуетін пайдалану жөнінде ұсыныстар бере алады. ҚР Үкіметінің 2001.24.05. № 703 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді 6. Кеңестің қорытындысы жоба бойынша жұмыстарды жүргізуге және жоба туралы ұсынысты ХҒТО-ға жіберуге Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің келісімін рәсімдеуге арналған негіз болып табылады. ҚР Үкіметінің 2007.12.02. № 703 қаулысымен; 2001.24.05. № 703 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді 7. Жүзеге асыру үшін жобалар бойынша ұсыныстарды ХҒТО-ға Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі табыс етеді. ҚР Үкіметінің 2007.12.02. № 703 қаулысымен; 2001.24.05. № 703 қаулысымен 8-тармақ өзгертілді 8. Кеңес өз қызметін Кеңес төрағасы бекіткен жұмыстардың тәртібі мен жоспарларына сәйкес жүзеге асырады. Кеңес шешімдері төраға мен ғылыми хатшы қол қойған хаттамалармен рәсімделеді. Кеңестің ұйымдастыру-техникалық жұмысын Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі қамтамасыз етеді. |