«Өнеркәсіп саласындағы жекелеген қызмет түрлерін лицензиялау ережесін және оларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1311 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1796 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Өнеркәсіп саласындағы жекелеген қызмет түрлерін лицензиялау ережесін және оларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1311 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 608-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Өнеркәсіп саласындағы жекелеген қызмет түрлеріне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған өнеркәсіп саласындағы жекелеген қызмет түрлеріне қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.»; көрсетілген қаулымен бекітілген өнеркәсіп саласындағы жекелеген қызмет түрлеріне қойылатын біліктілік талаптары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2012 жылғы 24 шілдедегі № 967 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1311 қаулысымен бекітілген
Өнеркәсіп саласындағы жекелеген қызмет түрлеріне қойылатын біліктілік талаптары
1. Электр энергиясын беру және тарату жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары тұтынушыға дейін электр энергиясын беру мен таратуды жүзеге асыратын жеке тұлғаларға (дара кәсіпкерлерге) және заңды тұлғаларға қолданылады және: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|